Шығыс Қазақстан облысының прокуроры сотталғандардың қабылдауын жүргізді

08 November 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шығыс Қазақстан облысының прокуроры сотталғандардың қабылдауын жүргізді - 247293873

 

Шығыс Қазақстан облысы прокурорының көшпелі қабылдауы  ОВ-156/3 және 156/20 түзеу мекемелерінде өткізілді.

Іс-шара барысында, қамаудағы сотталғандармен сұхбат өткізіліп, олардың тұрғылықты жері, медициналық-санитарлық бөлімі мен тәртіптік оқшаулағыштары қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылы  ОВ-156/20 мекемесі барынша қауіпті мекемеден төтенше түріне қайта бейімделген, бұл жерде 500 сотталған жазаларын өтеуде. 

Сотталғандармен жеке әңгіме өткізу барысында оларды ұстау жағдайлары, медициналық қызмет, тамақтану, заттай қамтылу мәселелері қозғалды,

Облыс прокуроры сотталғандарға жазаны жеңілдету немесе қылмыстық саясатты ізгілендіру жөнінде қолданыстағы Заң шеңберінде орындау тәртібін өзгерту туралы талап-тілек білдіру негіздерін түсіндірді.

Барлығы, жеке қабылдау барысында 10 сотталғаннан арыз түсті. Олар бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, облыс прокуроры қызмет істеп тұрған өндірістің, атап айтқанда, мекеменің аумағында бизнес нысандарын тартумен ашылған жихаз және тігін цехтарының, темір бұйымдарды дайындайтын шеберхананың жұмысымен танысты.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 470 сотталған жұмыспен қамтылды, бұл жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Облыс прокуратурасының осындай мекемелерге бару бойынша жұмысы тұрақты түрде жүргізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

 

Comments

Add new comment