ШҚО прокуратурасында пробация саласында заңдылықты сақтау мәселесі бойынша жұмыс тобының ведомствоаралық отырысы өтті

04 January 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысының пробация саласында заңдылықты сақтау мәселесі бойынша жұмыс тобының ведомствоаралық отырысы өтті

Қадағалау органы мүдделі органдармен бірлесіп 2018 жылы осы бағыттағы жұмысты қорытындылады.

Бұрын, пробация саласындағы осы мәселелер қылмыстылықпен күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі Кеңесінің 2018 жылдың маусымында өткен отырысында мұқият қаралған.

Отырыста есептегі тұлғалармен жұмыс барысында туындайтын барлық проблемалық мәселелерді дәйектеуімен айналысатын ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданған болатын.

Облыстың пробация қызметінің есебіндегі тұлғалардың саны жылдан жылға ұлғайып, соңғы екі жыл ішінде олардың саны екі есе  өскенін атап өту қажет. Мысалы, егер 2016 жылы есепте 3 813 сотталған тұрса, 2018 жылы 6 мыңнан астам тұлға есепке алынған. Олардың барлығына заң, әлеуметтік, медициналық, психологиялық көмек көрсетіліп, құқық орнату құжаттарын алуына, жеңілдіктер мен жәрдемақыларды, білім алуына нақты жәрдем берілді.

Әкімдіктер сотталғандарды жұмысқа орналастыруда белсенді көмек көрсетеді. Жылдың қорытындылары бойынша 103 тұлға облыстың кәсіпорындарында бөлінген квотаға сәйкес жұмысқа орналастырыды. Тағы да 72 тұлға «Еңбек-Өскемен» РМК кәсіпорындарына орналастырылды, өткен жылы бұл көрсеткіш 0-ге теңелген.

Кәсіпкерлер Палатасының көмегімен 20 сотталған «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алып, тиісті сертификаттар алған.

Риддер қ. және Ұлан ауданында 3 сотталғанның әрбіреуі 200 мың теңге тегін грантқа ие болып, өздерінің жеке кәсіптерін ашқан. 

Бірлескен күштермен пробация қызметінің есебіндегі тұлғалардың арасында қайталама қылмыстардың жасауының төмендеуіне қол жеткізілді. 2017 жылы 195-тен,  2018 жылы 184-ке дейін азайған.

Облыс прокуроры ШҚО еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының оңды жұмысын атап өті. Басқарма осы жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бюджеттен пробация қызметінің есебіндегі тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үшін мемлекеттік емес ұйымдарға 21 млн.теңге бөлген. 

Бұдан да басқа, отырыс барысында ҚАЖД органдарына пробация есебіндегі тұлғалардың жазаларын бас бостандығына ауыстыру фактілерінің артқанына назар аударылды. Жыл қорытындылары бойынша құқық бұзушылықтарды жасағаны және тәртіп бұзғаны үшін бас бостандығынан айыру жерлеріне 331 тұлға қайтырылды (2017ж. - 231).

Облыс прокуроры колонияға қайтаруды пробация инспекторлары заңмен белгіленген барлық алдын алу шараларының тізімі сарқылғанда, тек ерекше жағдайда ғана қолдануы мүмкін деп атап өтті.

 Кеңестің соңында, қылмыстық саясатты ізгілендіру туралы қолданыстағы заң шеңберінде мүдделі органдардың пробация саласында зор маңызға ие жұмысты бірлесіп жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Comments

Add new comment