Есірткі саласындағы құқық бұзушылық саны ШҚО бойынша 26% төмендеді

29 July 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Есірткі саласындағы құқық бұзушылық саны ШҚО бойынша 26% төмендеді - 735669815

ШҚО прокуратурасының алқа отырысында заңсыз есірткі айналымына қарсы әрекеттер бойынша уәкілетті органдардың қабылдаған шараларының тиімділігі қарастырылды.

Облыс прокурорының тапсырмасымен 2018 жылы құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес бойынша есебін тыңдап, жұмыстың нақты нәтижелері айқындалды.  

Үй жағдайында экстракционды апиын дайындалатын көкнәрді жүзеге асырудың алдын алу бойынша шаралар қабылданды. Есірткімен күрес Басқармасымен бірлесе отырып, оны дайындаудың 4 орны табылған, 4 тонна көкнәр алынып, кейін олар жойылды.

Одан бөлек, құрамында есірткі бар дәрі-дәрмекті рецептісіз сатуға шығарғаны үшін 15 дәріхана 3,5 млн. тг. сома көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бір ЖК лицензиясы тоқтатылған.  Бүгінгі күні тағы 9 дәріхана әкімшілік жауапқа тартылған, олардың лицензиясын тоқтату туралы мәселе қаралуда.

Ынтымақтастық туралы процесуалды келісім жасау арқылы 5 үлкен есірткі сатушы жауапқа тартылды.

Ары қарай, қатысушылар аталған салада облыс прокуратурасы жүргізген талдауды талқылады, орын алған, сонымен қатар, құқық қолдану және сот тәжірибесіндегі мәселелер айқындалды. 

Басқа есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық заттардың заңсыз айналымына көңіл бөлінген. Есірткінің бұл түрі дәстүрлі есірткілерге қарағанда адам ағзасына он есе күшті психотропты әсер береді. Сонымен қатар, олар түрлерін жылдам өзгертеді және жеңіл алынады.

Отырыста айтқандай, мемлекет тарапынан осы бағытта шаралар қолданылуда. А.ж. 5 шілдесінен бастап синтетикалық есірткілердің ұқсас түрлерін салыстыру кестесіне енгізу тәртібі жеңілдетілген. Бұл түзетулер Үкімет қаулысымен нарықта жылдам пайда болатын есірткінің жаңа түрлеріне тыйым салуға, олардың алдын алу мен таралуына қарсы әрекеттер кезінде жеделдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.     

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар мен нұсқаулар берілді. Олардың негізгі қызметі заңсыз есірткі айналымының профилактикасы мен есірткі контрабандасы, өткізу арналары және қылмыстық топтардың жолын кесуге бағытталады.

Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы

Comments

Add new comment