Прокурорлық тексерулер

03 October 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Абай ауданының прокуратурасымен 2012-2013 жылдары аралығына аудан бойынша 14 шаруа қожалықтарында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс берушінің ҚР еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, өздері шығарған актілердің талаптарын сақтауға, жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне, ҚР заңдарында көзделген жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандырылуына және басқада белгіленген талаптардың орындалуы тексерілді.

Анықталғаны, шаруа қожалықтарында мал бағып, әртүрлі жұмыстар атқаратын жалдамалы жұмысшылармен еңбек шарттары мүлде жасалмаған. Атап айтқанда: Кеңгірбай би ауылынан «Ділдә», «Бажигул», «Жиренше»,  Архат ауылынан «Айым», Қарауыл аулынан «Ержан», «Мирас», «Тоқтамыс», «Алтынбек», «Кариполла», «Қуандық»,  «Мақсат», «Жалғас», «Сенім» шаруа қожалықтары. Сонымен қатар, Саржал ауылдық округіне қарасты «Серік» шаруа қожалығының жетекшісі Еңбек Кодексінің 23 бабы, 2 тармағы, 5 тармақшасының талаптарын бұзып, қожалықтағы жалдамалы жұмысшылардың тиісті еңбек ақыларын кем төлеп келген. Нақтылап көрсеткенде,  жұмысшының 2009 жылдан 2013 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі аралықта атқарған жұмысы үшін есептелген еңбек ақы ай сайын 2500 теңгеге кем төленіп, жыл сайынғы еңбек демалысы төленбеген.

Абай ауданының прокуратурасымен 16-19.09.2013 ж. аралығындағы тексерулер қорытындысы бойынша жоғарыда аталған 13 шаруа қожалық жетекшілеріне қатысты ҚР ӘҚБК-нің 87 бабы, 1 тармағымен әкімшілік іс қозғалды, «Серік» шаруа қожалығының жетекшісіне ҚР ӘҚБК-нің 87 бабы, 3 тармағымен 20 есептік көрсеткіште айыппұл салынып, мемлекет есебіне төленді. Шаруа қожалықтарындағы келеңсіздіктерді жою мақсатында шаралар жалғасуда.

Comments

Add new comment