ШҚО прокуратурасында сотқа дейінгі тергеудің сапасы, толықтығы мен заңдылығының жай-күйі талданды

10 September 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ШҚО прокуратурасында сотқа дейінгі тергеудің сапасы, толықтығы мен заңдылығының жай-күйі талданды - 536038208

 

ШҚО прокуратурасының алқа  отырысында сотқа дейінгі тергеу сапасының, сондай-ақ, қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері жан-жақты талданды.

Алқа жұмысына полиция Департаментінің, экономикалық, сыбайлас  жемқорлық қылмыстарына қарсы қызметінің бірінші басшылары мен қызметкерлері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыты мен жүйелі мәселелерді шешу жолдарын анықтауы болып белгіленді.

Отырыста атап өткендей, күн тәртібіне қарауға шығарылған мәселелер барлық құқық қорғау органдары жұмысының басымды бағыты болып табылады және ол облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында. Өткен мерзімде осы бағытта белгілі нәтижелерге жол жеткізілген, істерді дәйектеуге қайтару фактілеріне жол берілмеген, соттардың жеке қаулыларының төмендеуі бөлігінде оңды үрдістер бар. Электронды нысанда 2500 сотқа дейінгі өндіріс тергелген.

Отырысқа қатысушылар әрі қарай қылмыстық істерді созбалаңға салу, тұлғаларды жауаптылықтан алып кету, қылмыстарды жасыру сияқты қылмыстық қудалау органдарының жұмысындағы кемшіліктерге нақты тоқталып өтті.

Жүйелі бұзушылықтардың арасында әрекеттерді қате саралау, процеске қатысушылардың өтінішхаттарын сапасыз қарау сияқты бұзушылықтар баршылық. Тек қана соңғы екі жылдың ішінде облыс прокуратурасы ақтау негіздерімен 26 қылмыстық істі тоқтатқан, нәтижесінде барлық кінәлі қызметкерлер жауаптылыққа тартылды.

Алқа отырысында азаматтардың шағымдарын қарау мәселесіне аса назар аударылды. Осы жұмыстың маңыздылығы еліміздің Президентінің жаңа Жолдауында атап өтілген болатын. Қазіргі кезде облыс бойынша тергеу органдарының әрекеттеріне берілген шағымдардың 23,5% төмендегені байқалады. 2019 жылдың 8 айында облыс прокуратурасына 3694 шағым түсті, өткен жылдың осы тектес мерзімінде 4829 шағым түскен.  

Оңды үрдіске қарамастан, облыс прокуроры барлық қызметкерлерді осы бағытта жұмысты күшейтіп, азаматтардың арыздарына шұғыл және тиімді ықпал етіп, оларды жан-жақты және объективті қарау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауын тапсырды.   

Сондай-ақ, тергеудің барлық сатысында және нақты ведомстволық бақылау мен прокурорлық қадағалауды, сондай-ақ, тергеу мерзімдерін негізсіз ұзарту фактілеріне жол бермеуін қамтамасыз ету ұсынылды.

Алқа отырысының нәтижелері бойынша қылмыстық процестің сапасын жақсартуға және қол жеткізілген оңды үрдісті сақтауға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Comments

Add new comment