Облыс прокуроры ШҚМУ студенттеріне ел прокуратурасының заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы дәріс оқыды

05 December 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокуроры ШҚМУ студенттеріне ел прокуратурасының заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы дәріс оқыды - 1425551091

Университет пен ШҚО прокуратурасы өкілдері қатысқан дөңгелек үстелде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген облыс прокуроры Қ.А. Игембаевқа Абай атындағы медальды табыс етті.

6 желтоқсанда аталатын Прокуратура күні қарсыңында ШҚМУ-да «Прокуратураның заң үстемдігін қамтудағы рөлі» дөңгелек үстелі өтті.

Облыс прокуроры Құсайын Игембаев құқықтану мамандығының студенттеріне прокуратураның рөлі туралы дәріс оқыды. Ол заңдылықтың сақталуына қадағалау жүргізетін органның маңызын атап көрсетті.

Қатысып отырған студенттер сауалдарын қойып, толыққанды жауап ала алды.  

Кәсіби мерекеге және Абайдың 175 жылдығына орай С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген облыс прокурорына Абай атындағы медальды табыстады.

ШҚМУ баспасөз қызметі 

 

Comments

Add new comment