Қазақстан Республикасының Жер Кодексінде көзделген заң талаптарының сақталуы тексерілді

10 October 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Ағымдағы жылдың мамыр-маусым айлары аралығында, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының прокуратурасы аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен Қазақстан Республикасының Жер Кодексінде көзделген заң талаптарының  сақталуын тексеріп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

Аудандық прокуратура анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Абай ауданының әкімі атына ұсынысын жолдады. Нәтижесінде, 9 шаруа қожалығынан көп жылдар бойы нысаналы мақсатта пайдаланылмаған, кадастырлық құны 28,2 миллион теңге, жалпы көлемі 8090 гектар тұратын, 13 жер учаскелері аудан әкімдігінің 24.06.2013 жылғы №449 қаулысымен аудандық жер қорына қайтарылды. Атап айтқанда, Медеу ауылдық округіне қарасты «Құрал» шаруа қожалығына тиесілі 1837 гектар, «Айдос» шаруа қожалығына тиесілі 500 гектар, «Сәуле» шаруа қожалығына тиесілі 1200 гектар жер учаскелері, Тоқтамыс ауылдық округіне қарасты Құлбай қыстағындағы «Айнұр» шаруа қожалығына тиесілі 552 гектар, Қасқабұлақ ауылдық округіне қарасты «Арқалық» шаруа қожалығына тиесілі 1441 гектар жер, Кеңгірбай-би ауылдық округі бойынша «Ибрайым» шаруа қожалығына тиесілі 250 гектар, «Мадияр» шаруа қожалығына 700 гектар, Көкбай ауылдық округі бойынша «Мұхтар» шаруа қожалығына тиесілі 1618 гектар, Саржал ауылдық округіне қарасты «Саудабай-Салық» шаруа қожалығына тиесілі 1000 гектар жер учаскелері.

Осы жұмысқа жауапты аудан әкімінің орынбасары Е.Лдибаевқа, аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы Қ.Саржановқа, ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Ж.Махметке аудан әкімінің 30.05.2013 жылғы №475 , 03.06.2013 жылғы №481 санды өкімдерімен ескерту берілді.

Comments

Add new comment