Облыстың прокуратура органдары уәкілетті органдар мен мекемелердің қызметіне тексеру жүргізумен, Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасында балық ресурстарын қорғау, молықтыру және пайдалану заңдылығының жай-күйіне талдау жүргізді.

20 December 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Облыстың прокуратура органдары уәкілетті органдар мен мекемелердің қызметіне тексеру жүргізумен Зайсан–Ертіс су бассейнінде  (Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасында) балық ресурстарын қорғау, молықтыру және пайдалану заңдылығының жай-күйіне талдау жүргізді.

            Қабылданатын шараларға қарамастан, талдау нәтижелері балық ресурстарының сақталуы, молықтырылуы және қорғауы қанағаттанғысыз деп танылған. 

Ғылыми зерттеулердің мәліметтері бойынша Зайсан көлінде кәсіптік балықтардың саны соңғы жылдары елеулі түрде азайған. Мысалы, көксерке (судак) балығының саны 4 жыл ішінде 14,2-ден 7,5 миллионға дейін ал, табан (лещ) және басқа да балықтардың саны 4 есе азайған.

Торта (плотва) балығы 34 пайызға (10,4-тен 6,9 млн дейін), аққайран (язь) балығы  60% ( 0,87-ден 0,34 дейін),алабұға (окунь) балығы 70% ( 4,7-ден 1,4-ке дейін) азайған. Осы тектес жағдай Бұқтырма су қоймасында да байқалған.

Балық санының көбеюіне браконьерлікпен қатар су қоймаларын  аз балықтандыру да кедергі келтіреді. Мысалы, Зайсан-Ертіс су бассейні  жыл сайын тек тұқы (карп) балығымен толықтырылады. Тек 2012 жылы Зайсан көліне мемлекеттік бағдарлама шеңберінде алғашқы рет сібір бекіресі мен сүйрік балықтарын жіберген.

Көксерке балығы жоғары экспорттық әлеуеті үшін нарықта ең көп сұранысқа ие балық болып табылады. Жыл сайын мыңдаған тонна көксерке балығы ауланатынына қарамастан, республика бойынша тұтас алғанда жас көксерке балығын өсіру технологиясы жоқ, яғни, көксерке балығы жасанды түрде молықтырылмайды, ол тек табиғи уылдырық шашу жолымен өсіп-өнеді. Көксерке балығының тұрақты көбеюін қамтамасыз ету  үшін оны қолдан молықтырып, өсіру қажет. 

 Көксерке балығының құртшабақтарын өсіру технологиясы Ресейде, Венгрияда, Чехияда кең қолданылады. Молықтыру процессін жылдамдату үшін осы технологияларды сатып алып, мамандарды  тартумен осы тәжірибені «Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» базасында қолдану қажет.

Облыстағы жалғыз уылдырық шашу-молықтыру шаруашылығының әлеуетін барынша пайдалану және мүмкіндігінше оның молықтыру қуатын арттырып, балықтың бағалы түрлерін молықтыруда оңды нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Тұтас алғанда, талдау барысында уәкілетті органдардың мамлекеттік бақылауды лайықты орындамауы қалыптасқан ахуалдың басты себебі болып табылатынын көрсетті.

Сондай-ақ, сапасыз ғылыми зерттеулер жұмыстары ахуалдың жағдайына кері әсер етеді. Бұл жерде, Қазақ ғылыми-зерттеу балық шаруашылығы  институтының Алтай филиалы туралы сөз қозалуда.  

Осымен қатар, қолданыстағы заңнаманың кейбір ақтаңдақтарын да қосуға болады.  

Тексеру көрсеткендей, құзіретті органдардың алдына балық ресурстарын молықтыру, бағалау, қорғау бойынша мемлекет қойған міндеттерін лайықты орындамайды.

Бұрынғыдай, Зайсан-Ертіс бассейнінде жүйелі браконьерлік, балықты аулау және әкетудің қылмыстық сыбайлас жемқорлық схемалары орын алуда. Балықты аулау үшін тыйым салынған жерлерде жыл бойы балық ауланады,  тыйым салынған қытай леска аулары қолданылады.

Алайда, тікелей міндеттері балық ресурстарын қорғайтын уәкілетті мемлекеттік органдар-балық инспекциясы, табиғат қорғау полициясы және жедел жасақтар осы бағытта өз қызметін өте төмен деңгейде атқарады. 

Мысалы, 2013 жылдың 9 айы ішінде балық инспекциясының 1 қызметкері орташа алғанда айына тек 1 құқық бұзушылықты анықтайды, залал сомасы 7 мың теңгеге де жетпейді,  осы тектес ахуал табиғат қорғау полициясында қалыптасқан, орташа алғанда, 1 қызметкер 1 бұзушылықты анықтайды, келтірілген зиян сомасы 2 мың теңгег де жетпейді, ал, жедел жасақтың жұмыс нәтижелері одан да төмен (небәрі 0,2 құқық бұзушылық).       

Осы жылдың 9 айында  табиғат қорғау прокуратурасы Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасында жүргізген 4 рейдтік тексеру барысында 6 заңсыз балық аулау фактісін анықтаған,  Шамамен есептегенде сомасы 625 293 теңге құрайтын 1370 кг балық суға жіберілген.  

  Тексеру нәтижелері  бүгінгі күнде құзіретті органдардың браконьерлікті түпкілікті жою бойынша пәрменді шараларды қолдану мүмкіндігі жоқ екендігін көрсетті. Осы жұмыс тек оңды статистикалық көрсеткіштер мен жағдайды жақсы етіп көрсету үшін жүргізіледі.

Жоғарыда аталған кемшіліктермен қатар, «КАЗНИИРХ» ЖШС-нің Алтай филиалының сапасыз жұмысы да қалыптасқан жағдайда кері әсер етеді.

Осы ұйым су қоймаларының биологиялық әр түрліліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік қызметін жүзеге асырып, балық шаруашылығын дамытуға ықпал етуі тиіс. Жыл сайын балық рестурстарын пайдалану, балықты аулану шегін белгілеу үшін ғылыми қорытынды  дайындауы тиіс, ғылыми тілмен айтқанда, бұл биологиялық негіздеме деп аталады.

Биологиялық негіздеме шынында да маңызды құжат, себебі, балықты аулан шегін бекіту бойынша Үкіметтік қаулыны дайындау негізі болып табылады.

Тексеру нәтижелері биологиялық негіздеме жобаларында елеулі кемшіліктердің орын алғанын көрсетеді.

Соңғы жылдары балықты аулау шегінің белгіленетін көлемі балықты молықтыру және сақтауға ықпал етпейді.  

Мысалы,  ғылыми тұрғыда 2013 жыл Зайсан көлінде балықты жалпы аулау шегі балықтың 10 түріне 6005 тонна мөлшерінде белгіленген. Үкімет осы шекті килограм мөлшерінде бекіткен. Соңғы жылдары да осы тектес аухал қалыптасқан,.

Ғылыми зерттеулердің мәліметтері бойынша 2012 жылы Зайсан көлінде көксерке балығының саны 2010 жылмен салыстырғанда, 5 млн. данаға дейін азайған, (14-тен 9-ға дейін). Осы жағдайда, балықты аулау көлемін азайту қажет.

Бұның орнына, келесі жылы ғылым (2013г.) 1 100 тоннадан астам көксерке балығын аулау ұсынылған, (1 134), бұл, өткен жылға қарағанда 191 тоннадан артық.     

Бұдан да басқа, ғылыми зерттеулерді жүіргізу процессінің объективтілігі, биологиялық негіздемелердің дайындауы, балық аулау тәртібі мен реттеу бойынша ұсыныстарды беру күмән тудырады.     

Мысалы, барлық су қоймаларының мыңдық үлесін зерттеп қана баға беріп, немесе екі жүздей балықты зерттеп, оны бірнеше миллиондап аулауды ұсынады.  

Сондай-ақ, қолданыстағы заңнаманың ақтаңдақтарын да атап өту қажет.

Уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларынан ветеринарлық құжаттарды алған кезде балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманы талап етуді тәжірибеге енгізу қажет.

Осы қарапайым әдіс көлеңкелі балық бизнесінің айналымын түпкілікті жойып, табиғат пайдаланушылардың тарапынан балықты шектен тыс аулауын тыйып, браконьерлікке тосқауыл қояды.

Ал, әрбір тұлға ветеринарлық анықтама алған кезде балықты қайдан алғаны туралы анықтама көрсетуге мәжбүр болады. 

Прокуратура балықты заңсыз ауламен келтіру бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынылған. Бұл жағдай белгіленген залалды балық және оның өнімдерінің нарықтық бағасынан төмен екендігін уәжделген.  

Егер, көксерке балығының 1 килограмы нарықта 800 теңге болса, ал, келтіріген залал тек 519  теңге құрайды және т.б.

Осымен қатар, Зайсан-Ертіс су бассейнінің басты артериясы болып табылатын Қара Ертіс өзенінің елеулі ластанғаны анықталған.

Мысалы, су құрамында ауыр металлдардың рауалы концентрациясының 85 есе артуы байқалған, сондай-ақ, су құрамында мұнай өнімдері қалдықтарының жиі кедесуі тіркеледі.

2009-2013 жылары ішінде судың ластану индексінің артқаны байқалады, бұл, судың ластануынының артқанын көрсетеді, нәтижесінде, осы жағдай су қоймаларында жәндік-жануарлар және өсімдіктердің жағдайына кері әсер етеді.

Алайда, осыған қарамастан, ШҚО бойынша экология Департаменті осы мәселені шешуде әрекетсіздік танытады.

Бұдан да басқа, көл жағасында орналасқан ауылдарда шаруашылықтың басқа салаларын дамыту мәселесі өзекті болуда.

Күршім ауданында осындай ауыл төртеу:  Аманат, Жолнұсқау Ақсуат және Шеңгелді. Тарбағатайда екеу: Тұғыл  мен Байтоғас. 

Осы ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі  - балық аулау және оны сату. Балық аулауға рұқсаты бар табиғат пайдаланушылар аз, сондай-ақ, рұқсат етілген балық аулау көлемі де шектелген.  

Яғни, осы ауылдардың тұрғындарының табиғат пайдаланушы ұйымдарында жұмыс істеу мүмкіндігі болмағандықтан, олар өз бетімен заңсыз балық аулауға шығады.    

Тарбағатай ауданында балық аулау құқығы тек «Зайсан Балықшылары» Өндірістік Кооперативіне берілген. Алайда, табиғат пайдаланушылар болса да, браконьерлік балық аулау жалғасуда. Аудан тұрғындары басқа шаруашылық түрлерімен айналысуға қызығушылық танытпайды.  Ал, балық аулау жеңіл, жақсы табыс әкеледі, қол жетімді және салымды талап етпейді.

Алайда, осы аудандардың жергілікті атқарушы органдары балық аулаудан өзге шаруашылық салаларын дамыту бойынша мақсатты бағдарламаларды дайындамаған.  

Осы тектес жағдай Көкпекті ауданының Тассай мен Қараөткел ауылдарында орын алған.

 

 

Comments

Add new comment