Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасында «Мемлекеттік органдардың ветеринария туралы заңнамалардың қолданылуы» атты брифинг өтті.

04 April 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 2013 жылы және 2014 жылдың өткен мерзімінде жергілікті және өкілетті мемлекеттік органдардың ветеринария туралы заңнамалардың қолдану заңдылығын, оның ішінде жануарлардың аса қауіпті ауруларының (әсіресе аусыл ауруы) алдын алу және жою бағытында, және де ветеринария саласында бюджеттік қаражаттың жұмсау тиімділігін  тексерді.

Жыл сайын облыстың аумағында жануарлардың бруцеллез, лейкоз, пастереллез, құтырық, сальмонеллез және аусыл аурулары тіркеледі.

Осы аурулардың арасынан, жоғары жұқпалығымен ерекшеленетін, және тез таралатын, жұп тұяқты үй жануары мен жабайы жануарлар жиі ауыратын, мал шаруашылығына зор экономикалық зиян келтіретін, аусыл ауруын атап өту қажет.

Облыстың географиялық орналасуы, табиғат, ауа-райының жағдайы, аусыл ауруының  жоғары жұқпалылығы, аумақта аталған аурудың таралуына оң әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, облысымыздың 1 500 шақырым жері бұл ауру бойынша ветеринарлық іс-шара жүргізілмейтін Қытай Халық Республикасымен (әрі қарай ҚХР) шекаралас. 

Облыс аумағымен ҚХР бастау алатын Ертіс өзені ағады, бұл өз кезегінде облыс аумағына аусыл ауруының вирусын аталған өзен арқылы таралу мүмкін екендігін көрсетеді.   

Бұдан да басқа, ҚХР-мен  2 шекара бекеті бар (Майқапшагай, Бақты), солар арқылы облыстың 8 ауданы арқылы Қытай-Қазақстан-Ресей халықаралық көлік жолы өтеді. Көлік құралдары да аусыл ауруының вирусының таралуына ықпал етеді.

Аусыл ауруы орын алған кезде, эпизоотиктикалық ахуалған шекаралас сауда-саттық пен халықтың көші-қоны да әсер етеді. Бұл орайда біздің облыс пен  аусыл ауруы бойынша қолайсыз саналатын елдердің бірі ҚХР тығыз сауда экономикалық байланыс қарқынды түрде жүргізіледі.  

Мысалы, 2013 жылы Үржар (Ақшоқы ауылы) мен Тарбағатай аудандарында (Ахметбұлақ, Маңырақ ауылдарында) аурудың туындау себептерін талдау барысында, бұл жағдайға адамдардың аусыл ауруы бойынша қолайсыз саналатын ҚХР-ға баруы себеп болғаны анықталды.

Жануарлар денсаулығының дүниежүзілік Ұйымының  ресми хабарламаларына сәйкес, ҚХР аумағында, атап айтқанда, шекаралас Шыңжаң провинциясында 2013 жылдың сәуір айында аусыл ауруының шығуы тіркелген.

Кейіннен, 2013 жылдың мамыр, маусым айларында аусыл ауруы Шығыс Қазақстан облысының шекаралас аудандарында тіркелген.

Қазақстан Республикасы аумағында 2010 жылға дейін аусыл ауруына қарсы вакцина егу міндетті түрде, жылына екі рет жүргізілгендігін атап өту қажет.

Алайда, 2010 жылы Үкімет  «Қазақстан Республикасында 2011-2020 ж.ж. ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту»  және 2020 жылға дейін етті экспорттау әлеуетін 60 мың тоннаға дейін ұлғайтуды көздейтін  жоба қабылдаған.

Жануарларға аусыл ауруына қарсы тазартылмаған үш валенттік вакцинаны еккен соң,  кейіннен оның қанында реструкцияланбаған ақуызды, антигенді анықтау қиынға соғады, сондықтан да етті экспортқа шығарар кезде ветеринарлық сертификат берілмейді. Бұл орайда, бұндай мал еті ел аумағынан тыс жерге шығарылмайды.

Сондықтан, егу тек жануарлардың аусыл ауруымен ауырған кезде, аурудың шығу жерінде ғана жүргізілген, соның салдарынан аталған аурудың алдын-алу шараларының тиімділігі төмендеген.

Сонымен қатар, 2000 ж. мен 2010 ж. аралығында  аусыл ауруы тек 2000 ж. Көкпекті ауданында (Көкжайық ауылдық округі, Талапкер, Жұмыскер ауылдары) тіркелгендігін атап өту қажет.

Кейіннен, жылына екі мәрте міндетті егу жүргізіліп отырған, соның нәтижесінде 2001 жылдан 2010 жылға дейін облыс аумағында аусыл ауруы тіркелмеген.   

Яғни, жануарлардың ауыс ауруымен ауруының басты себебі аусыл ауруына қарсы профилактикалық егу жұмыстарының жүргізілмеуі болып табылады, міндетті егу жұмыстары жануарлардың аусыл ауруымен ауруын тоспай, алдын ала жүргізілуі тиіс.

Осымен қатар, 2013 жылы жануарлардың аусыл ауруымен ауруының тағы бір себебі -  сапасыз вакцинаны егуі мен вакцинаның кешігіп түсуі.

Прокурорлық тексеру барысында облыстың эпизоотикалық ахуалына кері әсерін тигізетін бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

Эпизоотикаға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде, оның ішінде  ветеринарлық дәрі-дәрмектерді сақтау тәртібін бұзу сынды көптеген заң бұзушылықтар анықталды.

Тексеру барысында Катон-Қарағай ауданында тек арнайы жабдықтарда сақталуы тиіс дәрі-дәрмектер ветеринарлық дәрігерлердің үйлерінде сақталатыны анықталды.

Бұл тектес заң бұзушылықтарға Семей қаласының және Бородулиха ауданының ветеринарлық дәрігерлері де жол бергендігі анықталып отыр.

Күршім, Зайсан және Аягөз аудандарының ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің аумақтық инспекция басшылары тарапынан жануарлардың аусыл ауруын жұқтырағандығы туралы күдіктің бар екендігі туралы фактілерді жасырғаны анықталды.     

Мысалы, 28.09.2013 ж. Күршім ауданының әкімдігіне Теректі ауылдық округінің «Александровка» учаскесі мен Абай ауылдық округінің «Жұман» учаскесінде ірі қара малды қарау барысында олардың аусыл ауруын жұқтырғаны туралы күдіктің бар екендігі туралы хабарлама түскен.

Алайда, Күршім аудандық ветеринарлық инспекциясының басшысы  ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитеті төрағасының 29.12.2012 ж. № 200 Бұйрығының талаптарын бұзып, осы факт бойынша облыстың бас ветеринарлық-санитарлық дәрігеріне арнайы хабарлама жолдамаған, бұл жағдай жануарлардың аусыл ауруын жұқтырағандығы туралы күдіктің бар екендігі туралы фактілерді жасыруына, соның салдарынан жануарлардың патологиялық материалдарды бойынша зерттеулер жүргізілмеуіне әкеліп соққан. 

Аталған фактілер бойынша облыс прокуратурасы заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіп, қарау нәтижесі бойынша Күршім, Зайсан, Аягөз аудандарының аумақтық ветеринарлық инспекцияларының басшылары қатаң тәртіптік жазаға тартылды.

Ветеринарлық дәрі-дәрметерді қауіпсіз түрде жою бөлігінде ветеринарлық заңнаманың талаптары сақталмайды.

Заң талаптарына сәйкес, жануарларға арналған биологиялық препараттар мен дәрі-дәрмектер (әрі қарай- биологиялық қалдықтар) арнайы алаңдарда, полигондар мен арнайы бөлінген жерлерде көму тиісті рұқсаты бар кәсіпорындармен жүргізілуі тиіс.

Алайда, Семей қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі заңның жоғарыда аталған талаптарын бұза отырып, биологиялық қалдықтарды кәдімгі мал қорымында көметіні анықталды.

Жануарларға тиісті егу жұмыстарын жүргізбеу фактілері де анықталды.

«Шемонаиха аудандық ветеринария қызметі» МКК «Белокаменское» ЖШС (280 бас жылқыға) сібір жарасы мен САП аллергия әсеріне қарсы егу жұмыстары жүргізілгендігі туралы  мәліметтер табыстаған.

Алайда, жүргізу барысында аталмыш ЖШС-де егу жұмыстары мүлде жүргізілмегені анықталды.

  Тек прокуратураның араласуынан кейін ғана жоғарыда аталған егу жұмыстары жүргізіліп, прокуратураның ұсынысы бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңына сәйкес, жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, малдың мал сою алаңында сойылғанын анықтамай, ветеринарлық анықтамаларды негізсіз беру фактілері де орын алған.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалардың жауаптылығы туралы мәселе қойылып, қадағалау актілері енгізілген.

         Бұдан да басқа, ҚР Бас прокуратурасына ҚР Үкіметінің алдына қолданыстағы заңнаманың жеке нормаларына өзгертулер енгізу қажеттілігі туралы ұсыныс білдіру туралы хат жолданды.

Comments

Add new comment