«Алименттерді өндіру туралы сот актілерін орындау заңдылығының жай-күйі»

31 October 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014  жылдың 31 қазанында облыс прокуратурасында «Алименттерді өндіру туралы сот актілерін орындау заңдылығының жай-күйі» атты брифинг өтті.

Прокуратура органдарының атқарушылық өндіріс заңдылығына қадағалауды жүзеге асыруының басымды бағыттардың бірі – атқарушылық өндіріс органдары мен лауазымды тұлғалардың атқарушылық өндіріс туралы заңнаманы дәлме дәл және бірыңғай қолданылуы болып табылады..

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы тұрақты түрде атқарушылық өндіріс органдарымен кәмелетке толмағандардың пайдасына алименттерді өндіру туралы сот актілерін уақтылы орындау бойынша жұмыс жүргізеді.

Борышкерлердің алименттер бойынша жауаптылығын күшейту жөнінде мәселелерді шешуде сот актілерін уақтылы орындамау себептері мен жағдайларын анықтау үшін атқарушылық өндіріс органдарында көлемді тексерулер жүргізіледі.

Осы жылдың 9 айында облыс прокуратурасы сот органдары, ішкі істер органдары және сот орындаушыларымен бірлесіп «Алимент төле!» тақырыбында рейдтер мен акцияларды өткізіп, борышкерлердің мекенжайларына бару бойынша бірлесікен шараларды жүргізген. Облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында, аталған тақырыпқа сюжеттер мен тиісті бейнероликтер көрсетілді, баннерлер орналастырылған. 

Облыс прокуратурасының атқарушылық өндіріс және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп, алименттерді өндіру бойынша ұйымдастырып, өткізген көлемді іс-шаралардың бірі – екі жыл қатар балалар Күні қарсаңында өткізген  акция болып табылған. Акция мерзімінде 41 млн.астам теңге өндірілді. Атқарылған жұмыс нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында  - телеарналарда, газеттерде, интернет-ресурстарда кеңінен жарияланды.

Жүргізілген жұмыс шеңберінде прокурорлар мен сот орындаушылары санынан ұтқыр топтар құрылған, олар алимент төлемейтін тұлғалардың мекенжайларына тұрақты түрде барып, жұмыс нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Бұдан да басқа, алимент төлемейтіндерге ықпал ету түрінің бірі – олардың автокөліктерін ұстап,  айыппұл тұрақтарына қою болып табылады. Осыған байланысты, прокуратура органдары әкімшілік полиция және сот орындаушыларымен бірлесіп, борышкерлердің автокөлік құралдарын ұстау бойынша рейдтер жүргізеді.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында барлығы алимент төлейтін 24 мың адам тіркелген, олардың 80 пайызы немесе 19 мың адам алименттерді ерікті түрде төлейді, қалғандары алименттерді төлемей, сот орындаушыларынан, ішкі істер органдарынан жалтарып, өздерінің табыстарын жасырады.

Өткен мерзімде, Шығыс Қазақстан облысының атқарушылық органдары қабылдаған шаралар нәтижесінде 205 млн. теңгеден астам алименттік берешектер өтелген, олардың ішінде, прокурорлық ықпал ету шаралары бойынша 124 млн. теңге өндірілді,  сөйтіп, 10 317 баланың мүделлері қорғалды.

2014 жылдың өткен мерзімінде әкімшілік жауаптылыққа 158 тұлға тартылды, оның ішінде, прокурорлық ықпал ету шаралары бойынша 56 тұлға, 105 тұлғаға қатысты қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды, 53 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.

Өткен мерзімінде 81 борышкер іздестіруге жарияланды (96 бала), қазіргі кезде 29 борышкердің тұрып жатқан жері анықталды, 52 тұлғаның тұрғылықты жерін анықтау үшін жедел-іздестіру шараларды жүргізілуде.

60 (85 баланың) атқарушылық өндірісі бойынша борышкерлер бас бостандығынан айыру жерлерінде жазасын өтеуде, олар бойынша берешек 4 млн. астам теңге құрайды, бұл, облыс бойынша берешектердің жалпы сомасынан 72 пайызды құрайды. Жұмыс жоқтығына байланысты алименттік төлемдерді өндіру жұмыстары жүргізілмейді.

Осымен қатар, облыс прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау үшін бас бостандығынан айыру жерлерінде жазасын өтеп жүрген борышкерлерді жұмысқа оранластыру мәселесін шешу бойынша жұмыс жүргізуде. Атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша 7 сотталған боыршкерлер жұмысқа орналастырылған, олардың еңбекақыларынан тиісті төлемдерді ұстау үшін атқарушылық құжаттар мекеме бухгалтериясына жолданған.

Сот орындаушысына борышкерлермен еңбек келісімшартын жасау және бұзу туралы тиісті хабардар етпегені және ұсталынып қалған төлемдер туралы мәліметтерді бермегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 525,526 баптары бойынша мекемелердің 7 бухгалтері әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

 

ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

 

Comments

Add new comment