Тексеруді жүргізу тәртібі бұзылғаны анықталды.

08 August 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

  

         Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық прокуратурасына кәсіпкерлік субъектілердің құқықтарын қорғау мақсатында құрылған ұтқыр топтың сенім телефонына 17.04.2013 жылы келіп түскен ақпараттың негізінде, Жарма ауданының салық басқармасы қызметкерлерімен, кәсіпкерлік субъектілері құқықтарын қорғау барысындағы заңдылықтарының дәлме-дәл және бірыңғай қолданылуына тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 19 бабы 4 бөлігімен, белгіленген тексеруді жүргізу тәртібі бұзылғаны анықталды:

         «Жарма ауданы бойынша салық басқармасы»  мемлекеттік мекемесі  бастығының  28.03.2013 жылғы  ұйғарымымен, Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы дүкенге  28.03.2013 ж. -28.04.2013 ж. аралығында  әр-түрлі сұрақтар бойынша тақырыптық тексеру тағайындау туралы акті қабылдағаны анықталды.

        Аталған мемлекеттiк орган тексеру басталғанға дейін тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып,  жоспарлы тексеру жүргiзу кезiнде кемінде отыз күн күнтізбелік бұрын, жоспардан тыс тексеру жүргiзу кезiнде кемiнде бiр тәулiк бұрын, тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы тексерiлетiн субъектіні жазбаша түрде хабардар етуге міндетті болатын.

Тексеру актісі 30.03.2013 жылы Жарма ауданы бойынша ҚС және АЕКБ басқармасында тіркелген.

Аталған тексеру жүргізуге  13.04.2013 жылы  «Жарма ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі  бастығының  орынбасары қатысып, өзінің тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілмегендігіне қарамастан, басқа лауазымды тұлғалдардың атына шығарылған тексеру тағайындау актісін заңсыз пайдалану арқылы тексеру жұмыстарын жүргізгені анықталды.

       Тексеру қортындысы бойынша құқық бұзушылықтарға жол берген «Жарма ауданы бойынша салық басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты Жарма аудандық прокуратурасымен Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 153 бабы 1 бөлігі 2 тармағы негізінде әкімшілік іс қозғалып, Жарма аудандық сотымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Comments

Add new comment