Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 51453
    Дата: 28.03.2020 23:54:26
    Аты-жөні: Рахимов Кенжебек
    Сұрақ:
    Құрметті Игембаев мырза! Мен Рахимов Кенжебек Балтабайұлы сізден сот шешімінің әділдігін қадағалауыңызды өтінемін. Мен, 2013 жылыдың қазан айында «Бипэк Автодан» Lada-2014 жеңіл автокөлігін «Цесна банк» (Қазіргі «Jusan Bank») бағасы 1 377 098 (бір миллион үш жүз жетпіс жеті мың тоқсан сегіз теңге) арқылы несиеге алғам болатынмын. Алған кезде еш жерде жұмыс істемесем де банк қызметкерлері алғашқы жарна 150 мың теңге (1000 $) төлеп алуыма болатынын айтты, мен алғашқы жарна 150 000 мың төлеп автокөлікті алдым. Алғаннан кейін 6 ай айына 37 169,91 (отыз жеті мың жүз алпыс тоғыз теңге тоқсан бір тиін) төлеп отырдым, алты айдан кейін жағдайым болмай төлей алмай қалдым. 2015 жылдың 14 қыркүйек айында «Цесна банк» (қазіргі «Jusan Bank») мені сотқа беріп мойныма айыппұлдарымен қосқанда 1 846 286 теңгені жүктеді, соттың шешімі бойынша кепілдікте тұрған Lada-2014 жеңіл автокөлікті Банкке қайтарып беруге шешті. Сот орындаушысы автокөлікті тәркілеп алған. Содан бері міне бес жыл уақыт өткеннен кейін басқа сот орындаушы – Серікқалиев А.Ж. қалалық сотқа менен 1 337 418 мың теңгені(бұл дегеніміз алған автокөліктің өзінің алғашқы бағасы) қайтарып беруімді талап етіп, менің көлік жүргізуші куәлігімді тоқтату (шектеу) қою жөнінде шағым түсіріп, 11 наурыз күні Өскемен қалалық сотының судьясы Усенова А.Е. менің еш дәлелдерімді назарға алмай сот орындаушының ұсынысын қолдап, осы соманы қайтарып бергенше, көлік жүргізу куәлігімді шектетуге шешім шығарды. Сізден сұрарым, мен жай ғана қарапайым Қазақстан азаматымын. 5 балам бар, екеуі кәмелет жаста, үшеуі кәмелет жасқа толмаған. Жұмыссызбын. Үлкен баламның көлігімен(оны да несиеге алған) анда санда жолаушыларды тасып (таксовать етіп) күніне 1000-2000 теңге нан мен шайымды тауып отырмын. Басқа еш қандай табыс көзім жоқ. 2013 жылы Банктен алған 1 377 418 мыңге болатын, алғашқы жарна ретінде 150 000 мың төледім, алты айдың ішінде 223 019 теңге,46 тиын төлеп, алған автокөлікті қайта қайтарып берсем де, әлі күнге дейін мойныма сол алғашқы автокөліктің бағасын 1 377 418 қойып отыр. Сонда барлық сот, сот орындаушылары, басқа да құзырлы органдар осындай қарапайым халықты қанаған Банктерді қолдап, біз сияқты қарапайым халықты тонай берулері керек пе. Сізден, Соттың дұрыс шешілуін қадағалауыңызды сұраймын. Менің Көлік жүргізуші куәлігім, қазіргі таңдағы бала-шағамды асырап отырған жалғыз табыс көзімнің кепілі.
    Жауап күні:
    1 апреля, 2020 - 18:21
    Жауап:
    Құрметті Кенжебек Балтабайұлы! Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Блогында жарияланған жеке сот орындаушысы А.Серікқалиевтің іс-әрекетіне келіспеушілік білдіру туралы арызыңызға келесіні түсіндіремін. 2007 жылдың 12 қаңтарындағы №221 Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Сіз жазбаша немесе электронды түрде уәкілетті органға арыздануға құқылысыз, яғни Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментіне (эл. мекенжайы: n.andasov@adilet.gov.kz) немесе Шығыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына (эл. мекенжайы: palatachsivko@mail.ru). Олардың орналасқан мекенжайлары: ШҚО, Өскемен қаласы, Шәкәрім көшесі, 6. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес, прокуратура органдары физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың, шектелмеген адамдар қатарының, адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болған жағдайда өтініштерді қарайтындығын түсіндіремін. Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 127-бабына сәйкес, өндiрiп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөнiндегi шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкiн. Шағым Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмде сотқа берiледi. Сондықтан, жеке сот орындаушысының іс-әрекетімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқылысыз. Облыс прокурорының орынбасары А. Тлешев орындаушы: К.Ж. Журсумбаев телефон: 24-97-20
  • Сұрақ №: 51387
    Дата: 16.03.2020 14:25:01
    Аты-жөні: Сабырбаева Салтанат
    Сұрақ:
    Құрметті Прокурор Мен ШҚО Өскемен қаласынан Сабырбаева Салтанат мен көпбалалы анамын. 26.11.2011 жылы Өскемен қалалық сотымен А.С. Аймухамбетовтен менің кәмелетке толмаған балаларыма алимент өндіру туралы шешім шығарылған. Алайда осымен бір рет емес алиментті жұмыс орны "Трансстрой" ЖШС кешіктіріп отырады айлықтарын уақытында береді ал алиментті ұстап отырады. Міне күнде ертен түсіреміз деп алдап келеді 2020 жылдың қаңтар айының ортасында қаңтар айының алиментін төлеген, сенді ақпан айының алиментін түсірмей отыр алдыда наурыз айы келді оны да қашан беретіні белгісіз. Сот орындаушысына хабарлассам ол да жұмысын дұрыс атқармай отыр. Телефон арқылы бірнеше рет хабарластым. Ол өздерің біліп шешіндер дейді ұнамасам басқа сот орындаушысын табындар, қайда барып жазам десеңдер жаза беріндер мені шошытпая қойындар деп жауап береді осы орайда жұмысымды шешіп бергенін орнына ол мені тығырыққа тығып отыр, өз қызметін орындамай отыр деп санаймын. Сонда оны кім қадағалау керек ссот орындаушысы қадағаламаса. Сізден сот орындаушысы Тағынбаев Ырысбек Сериковичке және "Транстрой" ЖШС басшысы мен есепшісіне шара қолдануыңызды сұраймын.
    Жауап күні:
    17 марта, 2020 - 17:32
    Жауап:
    Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаментіне С. Сабырбаеваға Бас прокурордың блогынаң ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 7-бабының 6-бөлігіне сәйкес, С. Сабырбаеваның арызын мәні бойынша қарау үшін жолдаймын. Арызды қарау нәтижесімен қолданған шаралар жөнінде арызданушыға заңмен көзделген мерзімде хабарлауды сұраймын. Үшінші мекен-жайға мәлімет үшін хабарланады, прокуратура органдарымен ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 6-бабы 4 тармақтарына және 21-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес, прокуратура органдарымен келесі азаматтардың өтініштері ғана қаралатындығын түсіндіреміз: физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың; шектелмеген адамдар қатарының; егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болса, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында. Уәкілетті органның берілген жауабымен келіспеген жағдайда, Сіз оны сотқа даулауға құқылысыз. Қосымша: арыз 1 парақта. Облыс прокурорының бірінші орынбасары В. Шабер орын.Кадылбеков А.Е, 7232249263
  • Сұрақ №: 46954
    Дата: 20.10.2018 06:01:30
    Аты-жөні: Елеусизова Гульжан
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор менен Аягуз ауданының тұрғыны Оразгалиев Сейтбек ақша қарыз. Аягуз аудандық соты болып медиациямен 01.04.2018ждейін қайтаруға міндеттелген. Оразгалиев қарызды қайтармағандықтан сот орындаушыларға құжаттар тапсырдым. Содан бері міне қазан айы болды сот орындаушылардан нақты жауап нəтиже жоқ. Сізден осы істі шешуге көмектесуіңізді сұраймын
    Жауап күні:
    5 қараша, 2018 - 18:57
    Жауап:
    Құрметті Гульжан Жумагуловна! Сіздің, борышкер С.Оразгалиевтан қарыз ақшаңызды өндіруге көмектесу туралы арызыңыз бойынша келесіні хабарлаймын. 14.06.2018 жылы жеке сот орындаушысы Н.Темірбекқызымен борышкер С.Оразгалиевтан Сіздің пайдаңызға 550000 тенге қарыз ақшаны өндіру туралы атқару құжаты қозғалған. Атқару құжатты орындау барысында, борышкердің барлық мүліктік жағдайлары, оның ішінде банк есепшоттары тексерілген. Алайда, борышкер С.Оразгалиевтің атында тиым салынатын мүліктерінің жок екендігі анықталды. Казіргі таңда, борышкер С.Оразгалиевтің тұрғылықты мекен жайында болмауына байланысты, жеке сот орындаушымен оған іздеу жариялау туралы Аягөз аудандық сотына ұсыныс жолданды. ҚР-ның «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 125-бабына сәйкес, борышкер табылған жағдайда оның атқарушылық құжатты орындамағаны үшiн әкiмшiлiк не қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесі қаралатындығын түсіндіремін. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз оның көшірмесін тіркей отырып жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.
  • Сұрақ №: 45764
    Дата: 01.09.2018 23:02:20
    Аты-жөні: Сембинов Ержан
    Сұрақ:
    ШКО енбек баскармасына 04.02.18 ж. Тарбагатай ауданы, Акжар ауылында орналаскан М.Ауезов атындагы орта мектепке катысты отиниш жазган едим. Отинишим каралып, аталган мектептин маган берешек екени аныкталды, бирак бугинги кунге дейин озиме тиесили енбек акы колыма тиген жок.Енбек инспекциясына барганымда мектепке орындауга нускама берилген, сол нускаманы орындап, сиздермен есептеседи деген, окинишке орай бугинги кунге дейин еш жауап жок.
    Жауап күні:
    17 қыркүйек, 2018 - 15:43
    Жауап:
    Е.М.Сембиновқа _________________________ Бас прокуратурасының Блогы Құметті Ержан Муканович! Қала прокуратурасымен Сіздің 03.09.2018 жылғы, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Блогынан келіп түскен, жалақының төленбеуі туралы арызыңыз қаралды. Сізге келесіні түсіндіремін, тексеруді талап ететін арыздарды қала прокуратурасына тікелей тапсыру, немесе пошта арқылы қағаз жүзінде жіберу қажет. Арызды www.115.kz электрондық порталы арқылы жолдаған уақытта Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болу қажет. Сонымен қатар, арызды прокуратура органдарының www.115.kz электрондық порталына енгізу үшін, Сіз (7172)712672 телефоны арқылы Бас прокуратураның техникалық қолдау көрсету қызметіне, және де 115 нөмірі бойынша Бас прокуратураның Call- орталығына тегін қоңырау шала алатындығыңызды түсіндіремін. Өскемен қаласы прокурорының орынбасары В.Сычов Орын. Ахметов Р.М. тел.8(7232 )75-49-16
  • Сұрақ №: 45389
    Дата: 15.08.2018 09:17:41
    Аты-жөні: Оспанова Жадыра
    Сұрақ:
    Мен Оспанова.Ж.А бурынгы куйеуимнен алимент ала алмай жургениме 5 жыл болды.бурынгы кукйеуимнин аты жони Кеншимбаев Алмас Муратович 1986жылгы казирги туракты адреси Талдыкорган мкр коктал,село бугор, амангелди кошеси 27 (87785999838 соткасынын номери) арамызда камелеттик жаска толмаган еки бала бар ( Мурат Санжар 2009 жылгы,Мурат Балнур 2011 жылгы) мен 2009 жылы куйеуге шыгып 2014 жылы ажырастык. Менин маканшыдан алиментке неше рет арыз тастадым сот шешими бар алимент толенсин деген, бирак бир рет те толеген емес. Маканшы соты талдыгорганга бар оскеменге бар дейди,менин баратын жагдайым жок.Бурынгы кукйим казир Жаксы жумыс истейди Талдыкорганда каласында svarka_taldykorgan мынау инстаграмдашы паракшасы.бир ай бурын бир рет осылай жазгам сол кезде бир айел адам звандап алматыдагы адилет баскармасына бар деген (87777645316 осы номерден звандады)алматыдагы адилет баскармасына барсам ешким карамады сен биздин районга карамайсын семей Оскемен Талдыкорган га бар деп жиберди.сиздерден жалынып сураймын осы жазгандарымды колга алыныздаршы. Менин номерим 87758421865.
    Жауап күні:
    17 тамыз, 2018 - 17:46
    Жауап:
    Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментіне Ж.А. Оспановаға Найманбаев көшесі 189 үй, Мақаншы ауылы, Үржар ауданы, ШҚО Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 7 бабының 6 бөліміне сәйкес, Сізге Ж.А. Оспанованың арызын мәні бойынша қарау үшін жолдаймын. Бірінші мекен-жайға арызды қарау нәтижесі туралы заңмен белгіленген мерзім ішінде арыз иесіне хабарлауды сұраймын. Екінші мекен-жайларға мәлімет үшін хабарланады, 2017 жылдың 30 маусымында қабылданған Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» жаңа Заңына сәйкес, прокуратура органдары физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың, шектелмеген адамдар қатарының, адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болған жағдайда өтініштерді қарайтындығын түсіндіремін. Құзыретті органның жауабымен келіспеген жағдайда сотқа шағымдануға құқылысыз. Қосымша: арыз 1 парақта. Облыс прокурорының орынбасары В.Шабер орынд Д.Умаров тел.24-97-20

Беттер