Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 44447
    Дата: 10.07.2018 11:14:21
    Аты-жөні: Оспанова Жадыра
    Сұрақ:
    Салеметсизба!мен ажырасканыма 5 жыл болды 2 балам бар,алимент акшасын ала алмай жургениме 5 жыл болды.сот шешими шыгып койган толенсин деген.мен озим жумыс истеймеймин денсаулыгыма байланысты...маканшыдагылар частный сот исполнитель жалда дей береди, ешким арызымды карамайды да айтатындары Талдыкорганга оскенменге бар дей береди, кай жерге куйеуге тидин сол жактан сура дейди.енди не истесем болады 87758421865жадыра
    Жауап күні:
    16 шілде, 2018 - 18:52
    Жауап:
    Ж.А. Оспановаға Құрметті Жадыра Абылхаковна! Сіздің, азамат А.Кенчинбаевтан кәмелет жасқа толмаған балаларыңызға алимент өндіру туралы сот бұйрыгы ұзақ мерзім бойы орындалмау жөніңдегі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогінан түскен арызыңыз, қала прокуратурасымен қаралды. Өзіңіздің тұжырымдарыңыз бойынша, аталған алимент өндіру туралы сот бұйрығы атқарушылық іс-жүргізу органдарына табыс етілмегені анық. Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс-жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 31 бабына сай, мәжбүрлеп орындау шараларын қолдануға, сот орындаушымен өз өндірісіне қабылдаған атқарушылық құжат негіз болып табылады. Осыған орай, Сізге аталған сот бұйрығын жаупкердің мекен-жайы бойынша атқарушылық іс-жүргізу органына табыс етуіңіз қажет. Өскемен қаласының прокуроры М. Сламбеков орын. Тукинова К.Т. тел.751068
  • Сұрақ №: 42157
    Дата: 19.04.2018 22:20:10
    Аты-жөні: Габдуллина Зауреш
    Сұрақ:
    Салеметсизбе. Мен Наурыз айында алиментке отиниш жазган едим. Соттын буйрыгы бойынша 12.03.2018 жылдан бастап толену керек болган. Бир айдан асты неге толенбей жатыр деп сот орындаушыларына хабарлассам олар озиме ренжиди Бир айда турган еш нарсе жок кой шыдай тур деп. Менин жолдасым автобусный паркете автобус арендовать етеди, бирак онын апайынын дукени болгандыктан жолдасым Сол дукенде сатушы болып жумыс жасаймын деген аныктама апарып берипти,сот орындаушылар осы маселени карастырадыма. Сол кисилердин жумысына конилим толмайды, ренжип озине урсып тастайды
    Жауап күні:
    20 сәуiр, 2018 - 16:38
    Жауап:
    Зауреш Габдуллинаның арызына жауап
  • Сұрақ №: 40073
    Дата: 14.02.2018 10:25:29
    Аты-жөні: Бериков Азат
    Сұрақ:
    Құрметті Прокурор мырза! Менің інің Бериков Медеттің ісі Жарма аудандық сотта қаралып, қанағаттандырылмады. Прокурордың қортындысын сот негізге алмады. Сұрақ: прокутотура осы іс бойынша наразылық береді ма?
    Жауап күні:
    22 ақпан, 2018 - 17:04
    Жауап:
    Ответ Берикову А.
  • Сұрақ №: 38910
    Дата: 11.01.2018 19:18:38
    Аты-жөні: Ордабаев Токтамыс
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор мырза! Мен Ордабаев Токтамыс Дюсембаевич 11.10.1952 ж.сізге екинші рет хат жолдап отырмын. 2009 жылы ашылған"Али-Токтамыс" автошколасын ұлым Ордабаев Досжан Токтамысовичтің қайын атасы Айтказин Оралбек сатып жіберді.Сатып алған адам қазіргі таңда Али-Токтамыс атауымен жұмыс жасауда. Мен өз атымды қайтарып алғым келеді.Қайтарып алудың жолдарын айтасызба? Бөтен адамға атымды беріп жұмыс жасауына жол бергім келмейді. Ұлыныздан сенімхат ал депсіз,бірақ сенімхаттың бұл жерде не қажеті бар?Мен тек атымды ғана аламын, автошколаға еш катысым жоқ.Осы мәселемді шешіп беруіңізді сұраймын. РАХМЕТ. Ордабаев Токтамыс Дюсембаевич
    Жауап күні:
    23 қаңтар, 2018 - 11:47
    Жауап:
    Құрметті Токтамыс Дюсембаевич! Ағымдағы жылдың 11 қаңтары күні Бас Прокурордың Блогына жазған өтінішіңіз Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы тарапынан қаралды. 18.10.2017ж. Ахметова Саркытжан Ахметовна екеулеріңіздің аттарыңыздан Блогқа өтініш түсіп, ол өз мәнінде қаралу үшін құзырлы мемлекеттік органдарға жіберілген. Құжаттарды зерделеу, балаңыз Ордабаев Досжан 2009ж. ашқан "Али-Токтамыс" ЖШС-гін Айтказин Оралбекке, ол өз кезегінде оны үшінші тұлғаға сатқаны анықтады. Бүгінгі күні аталған заңды тұлғаның атын ("Али-Токтамыс"-ты) өз атыңызға қайтарып алғыңыз келетіндігіңізді және оны қайтару жолын түсіндіруді сұрағансыз. "Али-Токтамыс" ЖШС-сі заңды тұлға болып саналады. Азаматтық Кодекстің 38 бабына сай (ары қарай -Кодекс) заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi. Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi. Заңды тұлға белгілі бір атаумен Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізіледі. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тіркелгеннен кейін оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар. Бөтен бір фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесінің талап етуі бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті. Кодекстің 14 бабына сәйкес азаматтар мүлiктi меншiктенуге, заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәмiле жасасуға құқылы. Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi (Кодекстің 380 бабы). Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаны белгiлеу ретiнде тiркелген фирмалық атауға айрықша құқық қолданылады. Заңды тұлғаның таратылуына және оның фирмалық атауының өзгертiлуiне байланысты фирмалық атауға құқықтың қолданылуы тоқтатылады (Кодекстің 1022 бабы). Азаматтық кодекстің 1023 бабына сәйкес Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған және кәсiпорын тұтасымен иелiктен алынған жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаның фирмалық атауын құқық иелiгiнен алуға және ауыстыруға жол берiлмейдi. Фирмалық атауға құқықтың иесi басқа тұлғаға шартта келісілген әдістермен өз атауын пайдалануға рұқсат етуі (лицензия беруі) мүмкiн. Бұл орайда лицензиялық шартта тұтынушыны жаңылыстыруға жол бермейтiн шаралар көзделуге тиiс. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, "Али-Токтамыс" ЖШС-нің фирмалық атауын төмендегі жағдайларда пайдалана аласыз: -кәсiпорынды иесінен тұтасымен сатып алғанда; -кәсiпорын иесімен пайдалану құқығын беретін келіміс-шарт жасағанда. Балаңыз Ордабаев Досжан кәсiпорынды сату туралы мәмiлелерді сотпен жарамсыз деп тану арқылы жүзеге асыра алады. Облыс прокурорының орынбасары В.Шабер орын. Изгуттинов Б.
  • Сұрақ №: 38717
    Дата: 05.01.2018 23:38:34
    Аты-жөні: Жүніс Досбол
    Сұрақ:
    КР ШҚО бойынша Ішкі істер Департаменті тергеушісі Досанбеков еш дәлелсіз айып тағып мені қылмыскер қатарына қосуда. ҚР ҚК 188 бабы 4 б бойынша. Іс құжатымен жарты күнде таныстырды .Үққаным ды айтсам еш дәлелсіз неге айып тағасың деп СОЛАЙ ЖАЗЫЛАДЫ дейді.Сонда қалай еш дәлелсіз адамды еркінен шектейме.Әрине оған бәрі бір шығар .Ал заң қайда сонда.Осы істе Қырықпаева деген куә бірнеше рет жауабында жалған берген.Оны тергеуші де өзінің хаттамасында көрсеткен.Сонда бүл қалай ойындарына келгендерін айтып. Олардың жеке меншігі ме .Мен ойладым әділдік бар ма деп ,бірақ байқамадым.Мен 05.01.2018 жылы Сіздің атыңызға арыз және жеке сұрақпен өтініш жаздым .25.12.2017 жылдан келіп қабылдауыңызға кіргізбейді. Неге олай .Кім бөгет жасауда.Меніңше Сіз ден әділдік күтемін. Қылмыстық істі қарап әділ орнауын.
    Жауап күні:
    11 қаңтар, 2018 - 18:25
    Жауап:
    Д.И. Жүніс Космическая көшесі, 12/2-26 Өскемен қаласы Сіздің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына жазған арызыңыз, облыс прокуратурасымен қаралды. Анықталғаны Сізге және Ұ.Тіленбаевпен Б.Байкеновқа қатысты ҚР ҚК 24 бабының 3 бөлігі, 188 бабы 4 бөлігінің 3 тармағымен айыптайтын қылмыстық іс ҚР ҚПК 305 бабы тәртібіне сәйкес, облыс прокуратурасымен Өскемен қаласының № 2 сотына мәні бойынша қарауға жолданған. Кәзіргі таңда аталған қылмыстық Өскемен қаласының № 2 сотының өндірісінде екендігін хабарлаймын. ҚР ҚПК-нің 305 бабы 3 бөлігінің талаптарына сәйкес процеске қатысушылардан істі сотқа жiбергеннен кейін өтiнiшхаттар мен шағымдар тiкелей сотқа жолданатындығы көрсетілген. Осы негізде Сіз айыптаумен келіспесеңіз, өз уәждеріңізді көрсете отырып, Өскемен қаласының № 2 сотына өтініш білдіруге құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Аталған жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Облыс прокурорының бірінші орынбасары Е. Мабиев орын.Д.Исабаев тел.245482

Беттер