Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 13797
    Дата: 22.01.2015 15:14:11
    Аты-жөні: Батталова Гулнур
    Сұрақ:
    Құрметті Бағбан Таимбетович! ШҚО Зайсан қаласында Т.С. Қарабаевтың өліміне себепкер, ҚР ҚК-нің 96 бабы, 1 бөлігімен айыпталған, «24.02.1985 жылы туылған А.С. Атаевтың 09.09.2006 жылдан бастап 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын және жәбірленуші С.Қарабаев пен талапкер Г.К.Батталованың пайдаларына 500 000 теңге моральдық, 252 690 теңге материалдық залал өндірілсін» деген №1-116-06 сот үкімі шығарылған болатын. Сот үкімі 27.12.2006 жылы заңды күшіне еніп, «АТҚАРУ ПАРАҒЫ» 10.01.2007 жылы Өскемен аумақтық сот орындаушылар бөліміне жолданған. Алайда, сот үкімінің осы уақытқа дейін орындалмауы себебінен менің жазған арызымның негізінде 2013 жылы «Нұр-Отан» партиясы және облыс прокурорының орынбасары аға әділет кеңесшісі В.Олейниктің көмегімен 10.01.2007 жылы жолданған «АТҚАРУ ПАРАҒЫНЫҢ» сот орындаушылар бөлімдеріне түспей, жоғалып кеткендігі және айыпталушының Шемонаиха ауданында орналасқан ОВ-156/6 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандығы анықталды. Бұдан соң Зайсан аудандық сотының көмегімен «АТҚАРУ ПАРАҒЫ» қайта қалпына келтіріліп, 21.11.2014 жылы ШҚО бойынша сот актілерін орындау департаменті «Шемонаиха аудандық бөлімше» филиалы бөлім жетекшісі аға сот орындаушы М.Т. Дукенбаевтың атына «тапсырыс хат» түрінде екінші мәрте жолданды. Шемонаиха қаласы пошта байланысының бастығы Б.А. Амирханов жолданған «тапсырыс хаттың» сот орындаушысы М.Т. Дүкенбаевтың қолына 02.12.2014 жылы жеткендігін растайды. Алайда, Шемонаиха аудандық сот орындаушылары (М.Н. Қалмұратов) жолданған «АТҚАРУ ПАРАҒЫН» базадан таба алмағандықтарын телефон байланысы арқылы хабарлайды және сот үкімінің қай этапта орындалып жатқандығы туралы 13.01.2015 жылы жазған сұраныс хатыма жазбаша жауап бермейді. Сол себепті Сізден, неліктен осы уақыт аралығына дейін (22.01.2015ж.) моральдық және материалдық залал өндірілмей жатқандығын, яғни сот орындаушылары неліктен сот үкімін заңды түрде уақтылы орындамай жатқандығын анықтауға көмектесуіңізді сұраймын. Құрметпен, Батталова Г.К. (байланыс телефоны: 8777 526 44 84; 8778 439 25 15)
    Жауап күні:
    2015-02-20
    Жауап:
    Г.К.Батталоваға Сіздің, А.С.Атаевтан келтірген рухани және материалды залал сомасын өндіру туралы сот актісі орындалмай жатқаны жөніндегі прокурор блогіна жазған арызыңыз қаралып төмендегі мән-жайлар анықталды. А.С.Атаевтан 252 690 теңге матриалды және 500 000 теңге рухани залалды өндіру тіралы атқару парағы Шемонаиха аудандық сот орындаушылар бөліміне 10.02.2013 жылы түсіп атқару өндірісі қозғалған. Орындау барысында борышкердің атында мүлік тіркелмегендігі анықталған. Борышкер сот үкімінің негізінде жазасын Шемонаиха ауданында орналасқан ОВ 156/6 түзеу мекемесінде өтеуіне байланысты, атқару парағы сол мекемеге орындау үшін жолданған. Алайда, ОВ 156/16 түзеу мекемесінің басшысының жауабына сәйкес, А.С.Атаев ақылы жұмыспен қамтылмағандықтан қылмыстық іс бойынша келтірген залал сомасы өндірілмеген. Сонымен қатар, Сіздің арызыңызды қарау нәтижесінде, облыс прокуратурасымен Шемонаиха ауданының прокурорына, А.С.Атаевты түзеу мекемесінде ақылы жұмысқа тұрғызу мәселесін қарастыру туралы тапсырма жолданды. Облыс прокурорының м.а. Р.Апеков Орын. А.О.Қорабаев
  • Сұрақ №: 13178
    Дата: 20.12.2014 12:18:20
    Аты-жөні: Жансарова Сабира
    Сұрақ:
    Тажиден Жукеновұлы ! Менім сізге хат жазу себебім ,905 стройка ауданындағы Пожарная 10 үйнде 1992 жылдан тұрамын,жесірмін! Суық судың стоягін өширіп трубаны ауыстыру үшін сізден көмек сұрауыма тура келді!Бұл үйде тұратын тұрғындардың басым көпшілігі қазақтар !КСК председателі Захарова Вера Владимировна ! үйде жыл сайын жасалатын жөндеу жұмстары жасалынбайды ,термомодернизация күрделі жөндеуден өтті деген аты ғана ,уже 7 жыл өтпей төбеден су агып жатыр көктемде және күздегі уақытта.есік жоқ сыртқы домофон!Участковый шпалзавод кормейміз !жанымыздағы басқа 10 этажды үйлердін барінде домофон бар! КСК председателіне қонырау шалсаң телефонын өшіріп тастайды ,өзін іздеп таппайсын !бухгалтері мен кассирі председатесіз ештеме білмейміз деп отрады!сондыктан маған көмектесуіңізді өтінемін!үйдегі вентиляция шахтасы жұмыс істемейди канализация иісін искегелі 3 жылдан асты !суық судың трубасы жарылғалы тұр ,жарылып кетсе үйди тугелімен су басқалы тұр ! Сізге алдын ала алғыс білдіремін ! Пожарная 10 үй 1014 пәтер уйдін тел нөмірі 356112 ұялы тел 87753901548!
    Жауап күні:
    2015-01-23
    Жауап:
    Сіздің пәтер иелері кооперативінің төрағасы В. Захарованың заңсыз әрекеттеріне қатысты арызыңыз қала прокуратурасында қаралды. Қазақстан Республикасының «Тұтыну кооперативі туралы» Заңының 8 б. 1 т. сәйкес, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының тұтыну кооперативiнiң қызметiне араласуға құқығы жоқ. Сонымен қатар, жоғарыда аталған Заңның 24 б. сәйкес, тұтыну кооперативiнiң мүшелерi тұтыну кооперативiнiң атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарының шешiмдерi мен iс-әрекетiне жалпы жиналысқа немесе сот тәртiбiмен шағымдана алады. Аталғанмен бірге Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуальдық Кодексінің 278 бабымен мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, бірлестіктердің, ұйымның немесе лауазымды тұлғаның шешімдерін, әрекеттеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы екеніңіз қарастырылғанын түсіндіремін. Осыған байланысты Сіз арызыңызда келтірілген уәждер бойынша сотқа азаматтық сот өңдірісі тәртібінде шағымдануға құқылысыз. Прокуратура жауабымен келіспеген жағдайда Сізд осы жауаптын көшірмесін тіркеп, жоғары тұрған прокуратураға шағымдануға құқыл екеніңізді хабарлаймын.
  • Сұрақ №: 13121
    Дата: 18.12.2014 10:35:45
    Аты-жөні: Садыкова Куралай
    Сұрақ:
    Мен жеке кәсіпкер ретінде аудармашы қызметін ұсынамын. Жеке кәсіпкер бола тұра аударма құнын өзім орната алмын ба? Әлде жеке кәсіпкер қызметінің құнын реттейтін қандай да заң бар ма? Заң боса сол заңға сілтеме беруіңізді сұраймын. Жеке кәсіпкер ретінде өз бағаларымбы басшылыққа ала отырып, қалалық соттың сот төрешілерімен ілеспе аударма жасауға келісімшарт жасаса аламын ба?
    Жауап күні:
    2015-01-06
    Жауап:
    Құрметті Куралай Кауконевна! Сіздің, менің жеке блогыма аудармашы қызметінің құнын анықтау туралы жазған арызыңыз қаралды. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсiпкерлiк туралы» заңының 8 бабы 1 бөлімінің 4 тармағына сәйкес, Сіз Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, өндiрiлген тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) бағасын дербес белгiлеуге құқылысыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңының 7-1 бабының 1 бөліміне сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу теміржол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникациялар және пошта байланысы, газ саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады. Жоғарыда көрсетілгендей, Сіз айналысатын қызметтің түрі (аудармашы) жоғарыда аталған қызметтердің түріне жатпайтын болғандықтан, Сіз атқаратын қызметіңіздің бағасын дербес белгілеуге құқылысыз. Сонымен бірге, Сіз аудармашы қызмет түрін сот жүйесінде атқару барысында, атқаратын қызметіңіздің бағасы Қазақстан Республикасының қылмыстық-іс жүргізу, азаматтық-іс жүргізу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерінің нормативтеріне сай жүзеге асады. Сот іс-жүргізу барысында аудармашы қызметін тәуелсіз пайдалана алады. Ал аудармашының төлемақысын «Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде адамдардың шыққан шығыстарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1070 қаулысымен Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1992 жылғы 25 ақпандағы № 152 қаулыларында көрсетілгендей аудармашының атқарған қызметінің мөлшеріне немесе жоғалтқан уақытына сай төлем жасалынады. Риддер қаласының прокуроры әділет кеңесшісі С. Аймухан
  • Сұрақ №: 11828
    Дата: 27.10.2014 22:07:27
    Аты-жөні: Макаримов Адиль
    Сұрақ:
    Саламатсыз. Мен Макаримов Адиль Муратович. Мені келісім шарт бойынша әскери қызметке шақырды еди мен мед.комиссияны отіп. Сол аскери болімде кужаттарымды жинап жүргенде мен бір жағдайга іліктім. Әнгімелесу бетін (лист беседы) колын жинап журген едім. Сол әскери болиминиң зангері менин әскери билетим жарамайды деди. Ал маған қысқартылған хат (отказной письмо) ны бермей отыр. Сол жердің Кадр болімі маған жарамайсын деп отыр, осыдан 1,5 ай бурын маган жане жолдасыма жолдаманы мед.комиссияға жіберген еді. Содан қазір нестейміз. Біздің әскери билеттіміз Семейдегі номер 16752 ә/б оқу орталығында бір айлық әскери борышымызды отеп алганбыз. Осы откен аскери борыш бос ештене керек емес дейді. ШҚО Оскемен қаласы 5518 әскери болім. Жауабын күтеміз.
    Жауап күні:
    2014-10-30
    Жауап:
    аз. А.М. Макаримовқа ШҚО Өскемен қаласы прокуратурасымен Сіздің №5518 әскери бөлімінің заңгерінің әрекетіне қатысты өтінішіңіз қаралды. Өтініште баяндалған сұрақты шешу Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасы құзіретіне кіретіндіктен, Сізге сәйкес арызбен жоғарыда аталған мемлекеттік органға жүгіну қажеттігін мәлімдеймін. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда осы жауап көшірмесін қоса отырып жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа шағымдана аласыз. Өскемен қаласының прокуроры Е. Шыныбаев орынд. Ж. Қоңыров тел.:754916
  • Сұрақ №: 11794
    Дата: 25.10.2014 00:49:23
    Аты-жөні: Сайдуллаев Ернар
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор мырза! соңғы 3 жыл ішінде жасалған экологиядық қылмыстардың статистикасын берсеңіз!
    Жауап күні:
    2014-10-31
    Жауап:
    Е.А.Сайдуллаевқа Сіздің экологиялық қылмыстар туралы ақпаратты беру туралы менің жеке блогыма келіп түскен өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймын. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоксандағы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңына сәйкес құқықтық статистиканы түзу және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын ведомство - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет). Сондықтан өзіңізге қажетті құқықтық статистикалық ақпаратты алу үшін Сіз Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасына (ШҚО, Өскемен қаласы, Ю.Увалиева атындағы көше, 4, байланыс тел.61-40-51 ) хабарласу қажет немесе Комитеттің ресми сайтынан (pravstat.prokuror.kz) қажетті ақпаратты ала аласыз. Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Б. Таимбетов Н.Мақұлбаев тел. 24-54-52

Беттер