Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 9899
    Дата: 25.07.2014 12:00:09
    Аты-жөні: Исабаева Айсана
    Сұрақ:
    19.07.2014ж Алакөлде менің жұбайым рамазанов Береке Ерланұлын бір топ ұлдар өлтіріп кетті. Жалғыз куәгер менмін. түнімен еш қай полиция іздеп , көріп тұрған адамдарға дейін көмек берми өте берген. Ақырғы деміне дейін менімен телефонмен сөйлесіп жатты. Жалғыз өліміне куәгер менмін. Осы күнге дейін әлі еш қай плиция органдары менен показания жауап алған жоқ. Осыған орай сіздерден шара қолдануларыңызды сұраймын...
    Жауап күні:
    2014-08-13
    Жауап:
    Сіздің, жеке блогыма Б.Е.Рамазановтың өлімі бойынша қозғалған қылмыстық істің тергелуі, жан-жақты толық жүргізілмеуі жөніндегі жазған арызыңыз, облыс прокуратурасымен қаралды. Анықталғаны, 19.07.2014 жылы Үржар ауданы «Алакөл» көлінің жағалауында орналасқан «Айгерім» демалыс үйінің қызметкерлері, аталған демалыс үйінің ауласынан ауыр қалде жатқан Б.Е.Рамазановты анықтап, жедел-жәрдем көмегін шақыртып, арнайы жедел-жәрдем автокөлігімен Мақаншы ауылының ауруханасына жіберген. Алайда ол, алған ауыр дене жарақаттары салдарынан ауруханаға жетпей қайтыс болған. 19.07.2014 жылы аталған дерек бойынша, Үржар АІІБ ТБ-мен ҚР ҚК-нің 103 бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық істі тергеу барысында, кәмелеттік жасқа толмаған Б.Капасов пен Е.Мырзагалиевтердің Б.Е.Рамазановтың өліміне қатысы бар екендері анықталып, олар сезікті ретінде 22.07.2014 жылы Үржар АІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. 24.07.2014 жылы кәмелеттік жасқа толмаған Б.Капасов пен Е.Мырзагалиевтерге ҚР ҚК-нің 103 бабының 3 бөлігімен айып тағылып, оларға соттың қаулысымен қамауға алу бұлтартпау шарасы санкцияланған. Үржар аудандық прокуратурасы тарапынан, қылмыстық іс бойынша ҚР ҚІЖК-нің 197 бабының негізінде, қылмыстық істің жан-жақты, объективті, толық тергелуіне, істің дұрыс шешілуі үшін қажетті маңызы бар барлық мән-жағдайлардың шеңберін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу жөнінде жазбаша нұсқау берілген. Сонымен қатар, 26.07.2014 жылы тергеу органымен Сізден арызыңызда көрсетілген уәждер бойынша куә ретінде жауап алынған. Қазіргі таңда қылмыстық істің тергелуі Үржар аудан прокурының қадағалауына алынып, тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тексеру барысында тергеу орган қызметкерлері тарапынан жіберілген заң бұзушылық деректері анықталмауына байланысты, прокурорлық қадағалау шарасын енгізуге негіз жоқ. Қылмыстық іс бойынша тергеу нәтижесі Сізге қылмыстық қудалау органымен хабарланатын болады. Сонымен қатар Сіз, ҚР ҚІЖК-нің 102 бабына сәйкес, қылмыстық процеске қатысушы ретінде, қылмыстық істің тергеулі шеңберінде іс бойынша маңызы бар мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізу жөніндегі өтінішті тергеушіге қосымша түсіре алатыныңызды түсіндіремін.
  • Сұрақ №: 9859
    Дата: 23.07.2014 15:03:23
    Аты-жөні: Мусина Асем
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор! Мен Әсем Ермекқызы Мусина, Семей қаласындағы ОВ 156/14 қатаң режимдегі жазасын өтеуші Руслан Бауыржанұлы Мусиннің заңды әйелімін. Жазған себебім, менің жолдасымды мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін Семей қаласының №2 соты қанағаттандырусыз қалдырғаны үшін бірнеше рет Бас прокуратураға арызданғанмын. Енді жолдасым кассациялық шағым берейін десе, өзінің жеке ісінен сот қаулысының көшірмесін ала алмай жүр, яғни оның жеке ісі облыстық прокуратурада деп айтады, бас прокуратура сізге де сауал жіберген, алайда маған облыстық прокуратура тарапынан еш хабарлама, жауап келмеді, азаматтардың шағымы 30 күнтізбелік күн ішінде қаралады, ал менің жолдасым өзінің жеке ісін тосқанына 36 күн болды. Сұрайтыным, жолдасымның Мусин Руслан Бауржановичтің жеке ісін ОВ 156/14 мекемесіне қашан жіберілді немесе жіберілетіндігі жөнінде мәлімет берсеңіздер. Құрметпен, Ә.Мусина
    Жауап күні:
    2014-08-26
    Жауап:
    А.Е.Мусинаға Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Саяқов көшесі, 34-21 070000 Облыс прокурорының жеке блогына бұрын түскен арызыңызға жауап алмағаныңыз және сотталған Р.Б.Мусиннің жеке ісін ШҚО ҚАЖК-нің ОВ-156/14 мекемесіне (әрі қарай - түзеу мекемесі) қайтару туралы арызыңызды қарап, төмендегідей хабарлаймыз. Бас прокуратурасынан соттың қаулысымен сотталған Р.Б.Мусиннің жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқандығы туралы келіспей, жазған өтініштері бойынша 30.06.2014ж., 22.07.2014ж. және 30.07.2014ж. жауаптар жолданған. Аталған түзеу мекемесіне Р.Б.Мусиннің жеке ісін 30.07.2014ж. түскен. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз Бас прокуратураға арыздануға құқылысыз. Шығыс Қазақстан облыс прокурорының міндетін атқарушы Р. Апеков орын: Р.Кабдуллин тел. 243699
  • Сұрақ №: 9202
    Дата: 18.06.2014 21:39:17
    Аты-жөні: Рахметжанова Гульбаршын
    Сұрақ:
    Аса құрметті Тажиден Токенұлы мырза!Сізге зор сеніммен осы хатты жазып отырмын. Менің жолдасым Рахметжанов Қалии Нығметжанұлы 2006 жылы Ұржарда Темірбанктен кредитке үй алды 10000$-ға. 1000$ қолына бердік, үйдін иесіне.Б.Момышұлы көшесі 42/1 үй.Екі жарым жыл төлеген соң отбасы жағдайымен төлей алмай қалдық. Жолдасым "грыжа диска" диагнозымен жұмыстан шығарылды пенсия жасында.(Пенсиясын тосып жұмыс істеп жүрген.) 1,5жыл Семейде Темирбанкке проблемный отделге Ғинаятқа заведующии отделением жүгірдім көмек сұрап, кредитті созып рефенансирование жасаныздаршы деп. Ешқандай көмек болмады, ақша сұрай берді, кредитті төлеңдер деп. 2009 жылы покупатель тауып банкке жіберсек, сол кезде Даурен деген жигіт отырған, ол барған адамдарға неге қымбатқа алғалы отұрсындар, скоро аукционға қоямыз сонда алыңдар деп қайтарып жіберіпті. Солар айтып келді. 2010 жылы мені семейге банкке шақырды зав.проблемного отделения Ғинаят (фамилиясын билмеймын) отказға қол қой деп, мен қойдым. Енді бәрінен құтылдыңдар, боссыңдар деді.(мен қатты нервыда барғам, оқымадым да, қол қоя салдым) Қазір Астанадамыз, жұмыс іздеп, осында келдік. 2013 жылы декабрінде Астана қаласындағы Темірбанкке бардым, справка алайын деп "баспаналары жоқ" деген. Ондағылар айтты сіздерде әқ". жылға дейін кредитте үйлеріңіз бар ғой, сіздердің аттарыңызда тұр деп мен ұқпадым, сонда бұлар өтірік айтып үйімді басқа біреуге сатқандары ма? махинация ма? Оларға кім право берді адамның тағдырымен ойнауға?!Сол кредит үшін қанша көз жасым төгілді. Денсаулығымды да құрттым, постоянно стресс,переживание, омырауымда аурады қазыр.Сол кредитті неге маған созып бермеді.Сонда біз әлі 15-20 жыл үйсіз жүруіміз керек пе.Тірі болсақ.Не жолдасым не өзім ауыр жұмысқа жарамаймыз, балалар да енді-енді аяқтарынан тұрып келеді.Тапқандары жол,тамақтан аспайды, квартира қымбат. 2-3 ай бұрын Уржардан Темірбанктен звандайды 2017 жылға дейн купли продажаға қол қоймасаңдар сотқа береміз деп.Мазақ қылғандары ма? Семейдің Темірбанкінің директоры Фомина Г.Т-ға хат жазғам,жазыпты ответ: мы надеемся на ваше понимание,сол тұрып жатқан адаммен өздеріңіз келісіңіздер деп.Менің орынымда болса көрер едім понимать еткенін. Ол адам бермеймын үйді дейді. Бізге көмектесіңізші, үйімізді алып беріңізші.Мен енді документте жинай алмаймын Акиматқа өткізуге,5жыл уйің болмау керек екен. Сосын неше жылда аласың ойлаудың өзі қорқынышты.Ауырсақ қатты уайым, қай куні далада қаламыз деп.Сіздің көмектесетіңізге сенемін, білікті маман, үлкен азамат ретінде.сізге 2ай бұрын хат жазғам почта арқылы,жауап болмады. 11.06.2014ж. Астана қаласы. ул.Сейфуллина 188 19/4 кв.20 сот: 8 705 425 41 72
    Жауап күні:
    2014-08-28
    Жауап:
    Г.Н.Рахметжановға Сейфуллин көшесі 188, 19/4 п.20 Астана қаласы Сіздің, «Темір банк» қызметкерлерінің алаяқтық іс-әрекеттеріне қатысты арызыңыз Семей қаласының прокуратурасымен қаралды. Мән-жүзінде қарау және процессуалдық шешім қабылдау үшін арызыңыз ІІБ-на жолданды. Қарау нәтижесі және кабылданған процессуалдық шешім туралы Сізді ІІБ-і хабарлайды. Семей қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі Т. Найманов орын.А. Ксанов тел.523942 e-mail:7222019@prokuror.kz
  • Сұрақ №: 9033
    Дата: 10.06.2014 01:22:38
    Аты-жөні: Кулдербаев Жандос
    Сұрақ:
    Құрметті Бағбан Тайымбетұлы!!! Сізге және сіз басқарып отырған ұжымға сәттіліктер тілеймін!Жандос Тынымбекұлы.
    Жауап күні:
    2014-07-24
    Жауап:
    Ж. Күлдербаевқа Құрметті Жандос Тынымбекұлы! Сіздің прокуратура органдарына деген ізгі тілектеріңіз үшін рахмет білдіреміз. Облыс прокуроры Б: Таимбетов
  • Сұрақ №: 7657
    Дата: 05.04.2014 22:03:29
    Аты-жөні: Байназаров Айдын
    Сұрақ:
    Тана мырза орта мектебінде "Туған жерге тағзым"акциясы аясында мектепке сыйға тартылған түрлі-түсті телевизорды мектеп завхозы өзінің үйіне апарып пайдаланып отыр.Мектепке қайтармайды,себебі мектеп балансына алмаған.Сыйға тартылған телевизорды мектепке қайтаруға көмектесуіңізді сұраймыз.1990 жылы мектеп бітіруші түлектер
    Жауап күні:
    2014-07-19
    Жауап:
    А.А. Байназаровқа Тарбағатай ауданы Сіздің, менің жеке блогыма келіп түскен Тана мырза орта мектебі мүдірінің орынбасары С. Мұқышевтың заңсыз іс-әрекеттері туралы арызыңыз қаралды. Арызды қарау барысында, Тана мырза орта мектебі мүдірінің шаруашылық жөніндегі орынбасары С. Мұқышевтың мектепке тиесілі «Самсунг» маркалы түрлі түсті теледидарын өз үйіне алып кетіп, заңсыз пайдаланғаны туралы уәждеріңіз өз дәлелін тапты. Бүгінгі таңда, аталмыш теледидар мектепке қайтарылды. Көрсетілген заң бұзушылықтарға жол бергені үшін, Тарбағатай ауданының прокуратурасы Тарбағатай ауданы білім беру бөліміне аталған заң бұзушылықты жойып, С.Мұқышевтың тәртіптік жауапкершілігі туралы меселені шешу туралы ұсыныс жолдады. Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Б. Таимбетов орын. А. Нұрахманова тел. 87232245452

Беттер