Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 6819
    Дата: 24.02.2014 18:01:05
    Аты-жөні: Аязбекова Жумагайша
    Сұрақ:
    Сәлеметсізбе? Менің сіздерден білейін деп отырғаным: Менің жұбайым 1 кісіге 3 жыл бұрын «қол хат» арқылы ақша берген. Ол ақшаны «қол хат» арқылы сотқа арыз жазып, соттың «Оң» шешімін шығарып алғанбыз. Сот орындаушы борышкермен сөйлесіп, ақшаның ай сайын және тезірек төлеп құтылуын айтып істің анық-қанығын түсіндірді. Бірақ, борышкер ешқандай да ақша төлемей қойғаннан кейін, істі Семей қ. ІІБ Затон полиция бөліміне қылмыстық іс қоғалуына жіберген еді. Тергеушімен кездесіп, арыз және түсініктеме жазып кеткенбіз. Бірнеше рет тергеушімен хабарластым. Бірақ 2.5 ай өтті еш нәтиже жоқ. Тергеушіден сұрасам, айтатыны "уақыт болмай жатыр, менде жұмыс көп" деп жауап береді. Борышкердің мекен-жайын бәрін бергенбіз. Былай айтқанда «Шайнап берген асты жұталмағаны ма?» түсінбедік. Сіздерден сұрайтыным, ары қарай не істеу керегін айсаңыздар екен? Аязбекова Жумагайша Калимусановна 24.02.2014жыл
    Жауап күні:
    2014-07-19
    Жауап:
    Ж.К. Аязбековаға Сіздің өтінішіңіз Семей қаласының прокуратурасымен қылмыстық істі зерделеу арқылы қаралғанын хабарлаймын. Қылмыстық істі зерделеу нәтижесінде Семей қаласының прокуратурасымен ҚР ҚІЖК 197 бабының 2-бөлігіне сәйкес нақты тергеу амалдарын жүргізуге бағытталған Затон ПБ-нің тергеу бөлімшесіне жазбаша нұсқаулар берілді. Алдын-ала тергеу нәтижесі мен қабылданған шешім туралы Сіз қылмыстық қудалау органымен хабардар боласыз.
  • Сұрақ №: 5932
    Дата: 13.01.2014 19:23:31
    Аты-жөні: Нұрсолтан Сырым
    Сұрақ:
    ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының бастығы В.Овсянниковқа Зайсан қаласы Сатпай көшесі 4/5 үйдің тұрғыны Нұрсолтан Сырымнан. Арыз –шағым Менің балам, 25.06.2013 ж туылған Сырымқызы Жібек 4 айынан асқаннан кейін ауырды. Өткен жылдың қараша айының басында денесіне қызыл бөртпелер шығып ауырды. Учаскелік дәрігер А.К.Төлеуова ұялы телефонын алмады. 12 қараша күні дәрігерге апардым, дерматологқа жіберді. Зайсан ауданының дерматолог дәрігері А.З.Алтаеваға қаралдық. Ол кісі баланы қарап, анасының сөзіне құлақ салмай, ешқандай анализсіз «аллергический дерматит» деп диагноз қойып, әр түрлі жақпамайлар жазып берді. 1 апта өткен соң қайта келесіңдер деді. Баламның денесіндегі бөртпелер одан сайын көбейді. 16 қарашада жедел жәрдем шақырттым, келмеді. Өзім көлік жалдап апардым. Сол күні кезекші дәрігер А.А.Оразбекова баламды қабылдамай, дерматологқа телефон шалып шақыртып еді, А.З.Алтаева келмей, дүйсенбі күні, яғни, 18 қараша күні приемға қаралуға келсін деп жауап берді. Ауырып тұрған 4 айлық баланы ешқандай медициналық көмек көрсетпей үйге қайтарып жіберді. Баламның ауруы асқына бастады. 18 қарашада дерматологқа апарып, дұрыс ем қабылдауын немесе қалаға жолдама беруін талап еттім. Бірақ, А.З.Алтаева бұл жеңіл-желпі аллергия, қалаға барудың қажеті жоқтығын сендірді. Инфекционный бөліміне жатқызды, 24 қарашада үйге шықтық. Алайда баламның кіші дәреті жүрмей үсті-басы ісіп кетті (атек). 1 желтоқсанда жедел жәрдем шақыртып аудандық ауруханаға түстік. Балалар бөліміне әйтеуір жатқызды. Баланың жағдайы ауырлай бастады. Шырылдаған ата-ананың сөзін ешкім тыңдамайды, тыңдайтын дәрігерлер жоқ. Балам әлсіреген үстіне әлсіреді. Бас дәрігерге Е.Т.Бүркітовқа телефон шалып жағдайды айтқанымда, ол кісі іссапарда екен, орынбасары Н.Тіметоваға тапсырды. Дәрігерлер келіп қарап жатты, облыстық балалар дәрігерлеріне хабарласып жатты. Бірақ шындығында дәрігерлердің ешқандай шара қолданбай жатқанынын көріп, мен өзім 2-ші желтоқсан күні Облыстық денсаулық сақтау басқармасына телефон шалдым. (тел 52-32-16). Ертеңгісін Ана мен бала Орталығына әзер жолдама алдым. Сол күні ғана түске дейін баланның анализін алды. Бала өте әлсіз ауыр халде болғандықтан сан авиация сұрадық. Н.Тіметова авиация алдыртатындай ауру емес деді. Облыс орталығына «есеп беруге» өз жұмысымен бас дәрігердің орынбасары Ш.Жақыпбекова жедел-жәрдем көлігімен барады, барам десеңдер соған отырыңдар, әйтпесе өздерің біліңдер дегенді айтты. Сөйтіп біз жедел-жәрдеммен 14.20-да Зайсаннан шығып, түнгі 22.45-те Облыстық балалар ауруханасына жеттік. Жедел жәрдем бөліміндегі кезекші дәрігер Р.Мусагитов реаниматолог С.Баймолдинаны шақыртып қарады. Сол кісі баланың жағдайы өте ауыр, самалетпен келдіңдер ме деп сұрады. Жедел жәрдеммен келгенімізді естіп жағасын ұстады. Баланы ОРИТ бөліміне алып кетті. «Токсикологиялық аллергия» деп емдеп, Г.Н.Журдыбаева (дәрігер-ординатор) диагноз қойды. 9 желтоқсанда ОАРИТ бөлімінен аллергия бөліміне ауыстырды. Бөлек палата берген жоқ. Емделіп жатқан балалар бәрі ауырып бырқырап жүрді және палата суық, терезесінен жел үріп тұрады. 14 желтоқсаннан бастап баланың ыстығы көтеріліп жөтеле бастады, бала көп терледі. Аллерголог дәрігерге анасы айтқанда ондай бола береді, су ішкізіп ыстығын түсіру керек деді, ингалляция жасатты. Және де ішегінде инфекция бар деп дәрі бере бастады. Жөтелі қатайып, ыстығы түспеді. Солай 25-ші желтоқсанға дейін созылды, балам күннен күнге әлсіреп, қатты қатты жөтеліп қиналды. Қайтадан консилиум жинап антибиотик антибиотик тағайындады. Анализдер, ренген, жүрек қорытындылары жақсы деген. Дәрігер –пульманолог 2-3 рет тыңдады, снимокты көрді, түк анықтаған жоқ. Алоринголог дәрігер тексерді. 2-3 рет бәрі таза деді. Хирург, невропотолог бәрі қарады. Алайда, 27.12.2013ж күні бала өздігінен дем ала алмай ОАРИТ бөліміне түсті, ыстығы түспеді. Бала кислородпен дем алып емді. Солай анасы емізіп жүрді. ОАРИТ бөлімінің медбикесі 28.12.2013 күні таңертең баланы анасы кислородасыз емізді, бала өзі еміп тұр деп айтыпты (шатасып). Дәрігер А.Литвиенко медбикенің сөзінен шешім қабылдап, бала жақсарды деп, аллергиялық бөлімге қайтадан қоя берген. Бірақ қайтадан 30 минут ішінде балаға ауа жетпей дәрігер шақыртты. Дәрігер, А.Литвиенко өз қателігін мойындап шуламай тыныш жаба салайық дегенді айтыпты бөлімдегі аллергологқа, медбикелерге (анасы естіпті.) сол күннен бастап баламның жағдайы ауырлаған үстіне ауырлады. 2-қаңтар 04.35-те балам көз жұмды. Осы себепті, жоғарыда аттары жазылған дәрігерлерге, Зайсан аудандық дәрігерлеріне Заң алдында жауап берулерін сұраймын. Арыз иесі: Нұрсолтан Сырым. Баланың әкесі. 13.01.2014ж. Мекен-жайымыз: Зайсан қаласы, Сатпай к-сі 4/5 Үй телефоны: 8 72340 29-037 Сот: 87781585833 87771475080
    Жауап күні:
    2014-02-13
    Жауап:
    С. Нұрсолтанға Сәтпаев көшесі, 4/5, Зайсан қаласы, ШҚО Сіздің 15.01.2014 жылы, менің жеке блогыма түскен Зайсан ауданы ауруханасы және Ана мен бала орталығы дәрігерлерінің 25.06.2013 жылы туған қызыңыз Сырымқызы Жібекке дер кезінде сапалы және толық медициналық көмек көрсетпеу салдарынан стационарда 01.01.2014 жылы қайтыс болғаны туралы арызыңызды облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметі бақылау Комитетінің ШҚО бойынша Департаментімен (бұдан әрі - Департамент) тексеру жүргізу арқылы қарады. Тексеру қорытындысы бойынша Зайсан ауданының орталық ауруханасы және «Ана мен бала орталығында» баланың жағдайына дұрыс қарап, диагностикалық шараларын толық жүргізген жағдайда Сырымқызы Жібекті ажалдан аман алып қалуға болар еді деген тұжырымға келген. Осымен қатар, Өскемен қаласы ішкі істер Басқармасының Сол Жағалау полиция бөлімі (бұдан әрі – Полиция бөлімі) облыс прокуратурасының тапсырмасы бойынша 10.02.2014 ж. ҚР Қылмыстық Кодексінің 114 бабы 4 бөлігінде қарастырылған қылмыс сипаттары (медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін лайықты орындамауы) бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қабылданған түпкілікті процессуалдық шешім туралы Сізге заңмен белгіленген мерзім ішінде Полиция бөлімі жауап жолдайды. Аталмыш қылмыстық іс облыс прокуратурасының ерекше бақылауында. Сонымен қатар, тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша Зайсан ауданының орталық ауруханасы мен «Ана мен бала орталығы» дәрігерлерінің денсаулық сақтау туралы заңның талаптарын бұзғаны жөнінде Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау Басқарма басшысының атына заң бұзушылықтарды жою және болдырмау туралы ұсыныс еңгізілді. Облыс прокуроры Б. Таимбетов орынд. Искакова М.Н. тел.24-54-80
  • Сұрақ №: 5916
    Дата: 13.01.2014 11:43:16
    Аты-жөні: Карибаева Аимгуль
    Сұрақ:
    Сәлеметсізбе мен 6 жыл болды алимент ала алмай журмин 6 жылжа акша жарты милионнан асады баланың акесі төлемеймін дейді Майлаяков Айбек.Күні туні мазамызды алат шешесі екеуі звандап ишіп алып аке шешемнің уйне сот орындаушы Арина Айым не истейтінін өзіде білмейді.Мен одан қоқамын балама бірденке істеп тастай ма деп.Баламның тегін ауыстырп өкіметен ақша аламба деп те ойлағам акесі ақша төлемесе,бірақ акесі өзі барп өтініш білдіру керек екен оган.Ол оған да бармады не акша төлемейдй ишеді шегеді бір сөзбен айтқанда норкаман ылғый айтатыны міне жұмсқа кіргелі жатыфрмын дейді бірақ сізден өтінерім не соттап жіберіңіз не ақшаны алып беріңіз толықтай не баламның тегін өзгертіп беруіңізді сұраймын
    Жауап күні:
    2014-02-03
    Жауап:
    Карибаева арызына жауап А.Т. Карибаеваға Семей қаласы, ШҚО Сіздің, 16.01.2014 жылғы А.Ж. Майлаяков тарапынан Сіздің пайдаңызға алиментті өндіру туралы сот шешімінің орындалмауы туралы шағымыңыз, Семей қаласы прокуратурасымен атқарушылық іс-құжаттарын талап етіп және зерделеу арқылы қаралды. Анықталғаны, 08.07.2009 жылы ШҚО бойынша сот актілерін атқару өндірісі бойынша Департаментінің Жаңасемей аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Н.Ш. Сүлейменовамен аталған атқарушылық өндіріс қозғалып, қазіргі таңда А.Б. Аринованың өндірісінде екендігі анықталды. Аталған сот бұйрығын орындау барысында Жаңасемей аумақтық бөлімінің сот орындаушыларымен борышкердің мүліктік жағдайын анықтау үшін тіркеу органдарына сұрау жіберліген, және де олардың мәліметіне сәйкес борышкердің атында жылжитын және жылжымайтын мүліктері жоқтығы, сонымен қатар жұммысыз екендігі анықталды. 09.04.2013 жылы сот орындаушысы А.Б. Аринованың қарызды анықтау туралы қаулысына сәйкес Сізге А.Ж. Майлаяқов 535 005 тенге көлемінде алимент қарыз екендігі анықталды. 2013 жылдың сәуір, мамыр және маусым айлары аралығында борышкер Сізге 21 500 тенге алимент төлеген. 27.05.2013 жылы сот орындаушысы А.Б. Аринова болрышкерді Қазақстан Республикасының аумағынан уақытша тыйым салу туралы қаулысын шығарды. Сонымен қатар, А.Ж. Майлаяқовтың түсініктемесіне сәйкес, борышкер қазіргі таңда «Sulpak» дүкеніне жұмысқа орналасуда. Жұмысқа орналасқаннан кейін алиментті төлеуді міндеттенеді. Тексеру нәтижесінде борышкердің атында тәркілеуге жататын мүлкі жоқтығы, және оның жұмыссыз болуы, аталған сот бұйрығының орындалмауына негіз болғандығы анықталды. Семей қаласы прокурорының орынбасары кіші әділет кеңесшісі М. Турубаев орынд. Умаров Д.Е. тел.523698
  • Сұрақ №: 5757
    Дата: 05.01.2014 15:17:42
    Аты-жөні: Кулдербаев Жандос
    Сұрақ:
    Құрметті Бағбан Тайымбетұлы сізді және сіз басқарып отырған ұжымды Жаңа 2014 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келген жаңа жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілеймін. ізгі ниетпен Жандос Тынымбекұлы Ізгі тілекпен,
    Жауап күні:
    2014-01-10
    Жауап:
    Құрметті Жандос Тынымбекұлы! Сіздің прокуратура органдарына деген ізгі тілектеріңіз үшін рахмет білдіреміз. Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы.
  • Сұрақ №: 4623
    Дата: 01.11.2013 12:57:09
    Аты-жөні: Меделбекқызы Қаламқас
    Сұрақ:
    Құрметті Бағыбан Тайымбетұлы! Менің Сізге қоятын сұрағым, мені асырап алған әкем 2003 жылы наурыз айында қайтыс болған. Мені асырап алу жөніндегі құжаттарым туралы сот шешімі әкем қайтыс болғаннан кейін 6 айдан кейін алынған. Сол себепті асыраушысынан айырылған деген төлемақы төленбеген. Бүгінгі күні мен асырап алған анаммен бірге тұрамын, студентпін, ақылы оқу оқимын. Маған жағдайыма байланысты үкіметтен асыраушысы жоқ ретінде төлемақы тағайындалуы тиіс пе?
    Жауап күні:
    2013-11-27
    Жауап:
    Облыс прокуратурасымен Сіздің асыраушыдан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алу тәртібін түсіндіру туралы өтінішіңіз қаралды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Заңының 13 б. сәйкес асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтардың асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар. Қайтыс болған адамның асырауындағы отбасы мүшелерi, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздерi үшiн өмiр сүрудiң тұрақты және негiзгi қаражат көзi болған көмек алып тұрса, оның асырауында болған деп есептеледi. Аталған негізінде, егер Сіз әкеніздің толық асырауында болсаңыз немесе одан өзіңіз үшiн өмiр сүрудiң тұрақты және негiзгi қаражат көзi болған көмек алып тұрсаңыз асыраушыдан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығыңыз бар. Осыған орай асыраушыдан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алу үшін Сіз тұрғылықты жерiңіз бойынша жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға (зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық) қажетті құжаттарды тіркеп өтініш беруіңіз қажет.

Беттер