Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 4348
    Дата: 16.10.2013 19:31:51
    Аты-жөні: Можанов Есимжан
    Сұрақ:
    Салеметсізбе құрметті Багбан Таймбетович! Мен Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылының тұрғынымын. Сізге шағымдануа мәжбүр болып отырмын. Шағымдануымның себебі, Катонқарағай ауданы Аршаты ауылында мердігер - «Асар Шығыс-Құрылыс» ЖШС -сы жұмысшысы мектеп салу кезінде яғни інім Можанов Еслан Кенжебекұлы 1962 туған оқыс жағдай болып ауыр жарақат алды. Қазіргі таңда ауруханада жатыр. Осы мектеп салып жатқан мердігер - «Асар Шығыс-Құрылыс» ЖШС-сы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін қатаң бұзған деп ойлаймын. Оған себеп, ініммен ешқандай Еңбек келісім шарты жасалмаған, еңбек кітапшасы толтырылмаған және зейнетақы қоры аударылмаған. Ешқандай көмек жасалмады, осы мердігер - «Асар Шығыс-Құрылыс» ЖШС -сы тарапынан бірде - бір өкілетті тұлға келген жоқ. Осы жағдайға байланысты дұрыс, бұрысын анықтап, жауап беруіңізді сұраймын. Рахмет!
    Жауап күні:
    2013-11-18
    Жауап:
    Сіздің «Асар Шығыс-Құрылыс» ЖШС Можанов Еслан Кенжебекұлының алдында еңбек заңдарды белгіленген міндеттерін орындамағаны туралы арызыңыз, аталған кәсіпорында еңбек заңнамасының орындалуына қатысты тексеру жүргізумен облыс прокуратурасында қаралды. «Асар Шығыс-Құрылыс» ЖШС-не 01.08.2013 жылдан бастап Можанов Е.К., 04.09.1962 жылы туылған, Катон-Қарагай ауданының аршаты ауылында «бастауыш сыныптар блогы» объектісінде құрылыс жұмыстарға қабылданғаны анықталған. 13.10.2013 жылы Можанов Е.К. төбе жабындыларын орнату кезінде шатырдан кұлаған. 14.10.2013 жылы науқас Катон-Қарағай ауданаралық аурухананың қабылдау бөліміне қаралып, «екінші бел омыртқасының компрессиондық тұрақсыз сынуы, жанбас қуысы органдарының функциясының бұзылуы» диагнозы қойылған. Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 23 бабы бойынша жұмыс беруші жұмысқа қабылдау кезінде жұмысшымен еңбек шартқа отырып, қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген зейнеткерлік және өзге де төлемдерді уақытылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті. Заңдардың осы талаптарын бұза отырып, «Асар Шығыс-Құрылыс» ЖШС-нің басшысы Е.К. Можановпен еңбек шартын жасамай, міндетті зейнеткерлік төлемдерді аудармаған. Сонымен қатар, Кодексінің 323 бабының 2 тармағының 1 тармақшасын бұза отырып, «Асар Шығыс-Құрылыс» ЖШС өндірістегі жазатайым оқиға туралы белгіленген мерзім ішінде жергілікті еңбек инспекциясына хабарламаған. Осы еңбек заңнамаларының бұзу фактілер бойынша аудан прокуратурасы мемлекеттік еңбек инспекциясына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізген. ШҚО бойынша мемлекеттік еңбек инспекция басқармасымен «Асар Шығыс-Құрылыс» ЖШС үстінен еңбек заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік өндіріс қозғалып, өндірістегі жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу өткізуде. Арнайы тергеу нәтижесі бойынша келтірілген залалды мөлшері анықталуға тиісті. Бүгінгі күнге жұмыс беруші материалдық көмек ретінде жәбірленушіге 300 000 теңге берген. Сонымен қатар, Аршаты ауылындағы «Бастауыш сыныбы блогы» нысанындағы жазатайым оқиға фактісі бойынша Катон-Қарағай АІІБ-мен ҚР ҚК-нің 152 бабы 1 бөлігімен, яғни еңбекті қорғау ережелерін бұзулу жөнінде қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде.
  • Сұрақ №: 3162
    Дата: 26.07.2013 22:38:32
    Аты-жөні: Садвакасова Назерке
    Сұрақ:
    Садвакасова Назерке Манарбекқызы, 2013 жылдың 26 ақпанында № 86 ж/қ бұйрықпен Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің Үржар ауданының әділет басқармасында жетекші маман ретінде Акажанова Гульмира Кажыгельдыевнаның бала күту демалысы уақытына қызмет атқара бастадым. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 29 сәуірдегі № 411 қаулысына сәйкесғ штат бірлігін қысқарту мақсатында, мамыр айында әділет департаменті маған лауазымымның қысқартылу мүмкіндігі туралы жазбаша ескерту берді. Алайда, 2013 жылдың 28 маусымында № 218 ж/қ бұйрықпен мені қаулыны негізге ала отырып, жұмыстан босатады. Мен бала күту демалысы кезеңінде қызмет атқарып отырғандықтан, менің лауазымымды қысқартуын заңсыз деп санаймын. Өйткені, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 195-бабының, 3-тармағына сәйкес, бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Гульмира Акажанова 2016 жылдың ақпан айының 2-не дейін баланың күтіміне байланысты 3 жылға жалақысы сақталмайтын демалысқа өтініш жазған. Гульмира Акажанованы жұмыстан босату туралы бұйрығында демалыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыстан босатылсын делінген. Яғни 2016 жылдың ақпан айының 2-не дейін оның лауазымы сақталады. Лауазымы сақталатындықтан, мені жұмыстан босатуын заңсыз деп санаймын. Осы мәселе туралы нақты жауап берулеріңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    2013-08-29
    Жауап:
    Н.М.Садвакасоваға Сіздің, Шығыс Қазақстан облыстық Әділет Департаментінің (әрі қарай Департамент) жұмыстан босату туралы бұйрығына келіспейтініз жайлы облыс прокурорының блогына жазған шағымыңыз, тексеру жүргізу арқылы қаралды. Департаменттің 2013 жылдың ақпан айының 26 жұлдызғы №86 ж/қ бұйрығымен Сіз Үржар ауданының әділет басқармасында жетекші маман ретінде Г.К.Акажанованың баланы күтү демалысына шыққан кезде, уақытша жұмысқа қабылдандыңыз. ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 29 сәуірдегі №411 қаулысына сәйкес, штат бірлігін қысқарту мақсатында, мамыр айында Департамент лауазымның қысқартылуы жайлы Сізге және Г.К.Акажановаға жазбаша ескерту берілген. Осы қаулының талабына сай, Департаменттің 2013 жылдың 28 маусымында №218 ж/қ бұйрығымен Үржар ауданының әділет басқармасының штат бірлігі қысқартылып, Сіз жұмыстан босатылғаныз. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 195-бабының 3-тармағына сәйкес, бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Осы қаулыға сай, Г.К.Акажанованың бала күтү демалысы аяқталғанан кейін, Департамент бастығымен штат бірлігін қысқарту туралы №217 ж/қ бұйрық шығарылды. Сіз штат бірлігін қысқартып, жұмыстан босату туралы бұйрықпен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 8 бабының 1 тармағына сәйкес, өз құқықтарыңызды немесе заңмен қорғалатын мүдделеріңізді қорғау үшін сотың құзырына шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Облыс прокурорының м.а. Б. Челикенов орын.: Ф.Тұрдыбеков тел.: 24-54-82
  • Сұрақ №: 3059
    Дата: 19.07.2013 12:37:41
    Аты-жөні: Кулдербаев Жандос
    Сұрақ:
    Құрметті Бағбан Тайымбетұлы! Сізге тек қана жақсылық тілеймін. Ауырмаңыз. Ел игілігі үшін істеп жатқан еңбегіңіз еселенсін.ізгі ниетпен Жандос Тынымбекұлы.
    Жауап:
    Сіздің жазған пікіріңізбен таныстық, прокуратура органдарына деген ризашылығыңыз үшін рахмет білдіреміз. ШҚО Прокуратурасы
  • Сұрақ №: 1926
    Дата: 23.04.2013 12:31:04
    Аты-жөні: Сарткожина Гульмира
    Сұрақ:
    Сәлеметсіздер ме!!! Мені толғандырып жүрген сұрақ мынандай. Балам №3 көпбейінді мектепте оқиды. Мектепте ақша жинау мәселесі тоқталмай келе жатыр. Оқушылардан көгалдандыруға, мектеп фондысына тағ басқа шаруаларға жинайды. 1000-2000 теңгеден. осыған тосқауыл қоюға бола ма? Бұл нәрсе әрине мектеп басшысынан туындап отырғаны белгілі. Осы жағдайды шешіп берулеріңізді өтінемін. Шешім таппаса басқа да жоғарғы құзыретті органдарға шығуыма тура келеді.
    Жауап күні:
    2013-07-12
    Жауап:
    аз. Г.А. Сарткожинаға Өскемен қаласы прокуратурасымен Сіздің Өскемен қаласы әкімдігінің «Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы» КММ-нде оқушылардан көгалдандыруға, мектеп фондысына ақша жинау мәселесі бойынша арызыңыз қаралды. «Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы» КММ 10.07.2013 ж. ұсынған шығыс №99 хатқа сәйкес, бүгінгі күні аталған білім ордасында оқитын оқушылар ата-аналары тізімінде Сарткожина Гульмира Азимбекқызы есімді оқушы анасы жайлы мәлімет жоқ. Сондай-ақ, аталған метепте оқушылардан көгалдандыруға, мектеп фондысына қандай да бір қаражат түрін жинау фактісі анықталмады. Сонымен бірге, аталған сұрақтар бойынша қандай да бір шара қолдану мақсатында өзіңіздің толық аты-жөніңіз, мекен-жайыңыз және ақша жинау жағдайлары бойынша нақты дәлелдер келтірілген арызбен қайтадан қала прокуратурасына арыздануыңызға болатынын түсіндіремін. Өскемен қаласы прокуроры Е. Шыныбаев орынд. Ж. Коныров тел. 754916
  • Сұрақ №: 1314
    Дата: 11.03.2013 15:11:46
    Аты-жөні: Сембаев Алмас
    Сұрақ:
    ассалаумагалейкум мен Сембаев Алмас Алтайбекұлы қазыр Алматы қаласында заңтану болімінде оқып жүрмін 2-жылдан кейін құдай бұйырса оқуымды бітірем сіздерге яғни Ақсуат ауданынын прокуратурасына жұмысқа тұра алам ба???????
    Жауап күні:
    2013-10-02
    Жауап:
    А.А.Сембаевке Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы интернет-сайтына 11.03.2013 ж. орналастырған прокуратура органдарына жұмысқа қабылдау туралы жөніндегі сіздің өтінішіңіз қаралды. Прокуратура органдарына қызметке қабылдау ҚР «Құқықтық қызмет туралы» Заңының 2 тарауына сәйкес жүзеге асырылатынын түсіндіремін. Сондықтан, жоғары заңгерлік білім туралы диплом алған соң, Сіз жоғарыда аталған заң талаптарына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының кадрлық қызметіне оперативтік қызметке қабылдау туралы өтініш білдіруге құқылысыз. Шығыс Қазақстан облысы прокурорының кадрлық қызмет тобы бойынша аға көмекшісі әділет кеңесшісі Б.Ескермесов орынд: Рамазанов Д.А. 8 (7232) 24 18 34

Беттер