Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 932
    Дата: 11.02.2013 20:57:32
    Аты-жөні: Жұмабаева Кулпаш
    Сұрақ:
    2007 жылы менің ұлым Мадиев Талғат Жексенбайұлы Ертіс өзенінің жағасынан маусым айының 19 күні жоғалып кетті.Іздестіру кезінде табылған киімдерін РОВДның экспертиза қызметі алып соғалпы жоғалтып жіберді.Ал денесі табылған жоқ.Қасындағы досы дұрысын айтпайды. Мен баламның не тірі не өлі екенін әлі кунге білмеймін .Экспертизаның қорытындысын бізге аитпады. Сізге қояр сұрағым бұл іс неге аяғына дейін апарылмай жабылып тасталынды???
    Жауап:
    Қ.А.Жұмабаеваға, Семей қаласы, Шығыс жағалау саяжай аймағы, №5037 саяжай үй тұрғыны Сіздің, ШҚО прокурорының блогына түскен ұлыңыз Т.Ж.Мадиевтың Ертіс өзенінің жағасында 19.06.2007 жылы жоғалып кету дерегін құқық қорғау органдарымен тексермеу туралы арызыңыз облыс прокуратурасымен қылмыстық іс қозғаудан бас тарту құжаттарын зерделеу арқылы қаралды. Анықталғаны, 19.06.2007 жылы Семей қаласында Т.Ж.Мадиев түс кезінде Полковничий аралының жанындағы Ертіс өзенінде мас күйінде шомылып жүргенде суға батып кеткен. Тергеуге дейінгі тексеру барысында түсінік берген Т.Ж.Мадиев пен бірге болған Д.А.Әмірғалиев, Г.Ф.Павликов, Е.Тыркеев пен М.Сулейменовтер 19.06.2007 жылы Т.Ж.Мадиевтың Ертіс өзенінде суға шомылып жүргенде батып кеткенін көрсеткен. 22.06.2007 жылы аталған дерек бойынша Семей ҚІІБ-ның Орталық ПБ-нің жедел уәкілі Д.А.Дүйсембаевпен ҚР ҚІЖК-нің 37 бабының 1 бөлігінің 2 тармағының негізінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту қаулысы шығарылған. Облыс прокуратурасы қабылданған шешіммен келісті, прокурорлық қадағалау актісін енгізуге негіз жоқ. Ертіс өзенінің жағасында табылған Ж.Мадиевтың киімдеріне қандай да бір сараптама тағайындалмаған. Сондықтан, Ж.Мадиевтың киімдерін Семей ҚІІБ-ның Орталық ПБ-нің бастығының атына арыздану арқылы қайтарып алуға құқылысыз. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, осы жауаптың көшірмесін тіркей отырып Қазақстан Республикасы Бас Прокурорға шағымдануға құқылысыз. Облыс прокуроры Б.Таимбетов орынд.Ж.Жұмағұлов. тел.24-58-83.
  • Сұрақ №: 794
    Дата: 31.01.2013 12:16:46
    Аты-жөні: Кулдербаев Жандос
    Сұрақ:
    Багбан Тайымбетович! ассалаумагалейкум асыл ага! Еліміздің ертеңіне жаралған ер мінезіңізге ризамын. Ешқашан ауырмаңыз. Тәуелсіз Қазақ елінің дамуына үлесіңіз ұшан теңіз екенін білеміз. абыройыңыз асқақтап,мәртебеңіз биіктей берсін. Ініңіз, Жандос Тынымбекұлы.
    Жауап:
    Сіздің жазған пікіріңізбен таныстық, прокуратура органдарына деген ризашылығыңыз үшін рахмет білдіреміз. ШҚО прокуратурасы.
  • Сұрақ №: 289
    Дата: 19.12.2012 15:57:38
    Аты-жөні: Буйрекбаева Қарлығыш
    Сұрақ:
    27.11.2012 жылы сіздің ғаламторыңызға мен, яғни Қ.Буйрекбаева Тарбағатай ауданының Ақжар ауыл округінің ішкі істер бөлімінің полиция аға лейтенанты Қ. Дакировқа қатысты шара қолдануыңыз туралы арыз жолдаған болатынмын. Осыған байланысты Сізден 03.12.2012 жылы арызға қатысты жауап алдым. Осы арызға қатысты 08/12/2012 жылы Қаржы Департаментінен яғни А.Құсдаулетовадан Қ.Дакировқа қатысты қандай шара қолданғаны туралы жауап алуым керек еді. Алайда 08.12не дейін жауап аласыз деген жолдама хат негізінде 07.12 күні жіберілген екен, бірақ ол хатты мен бүгін яғни 19.12.2012 жылы ғана алдым. Сонда хатты неге уақытында жібермеген, оған қоса Қ.Дакировқа қатысты нақты жауап маған алі де келген жоқ. Сонда оның жауабы маған қашан келеді? Алде Қ.Дакировқа қатысты ешқандай шара қолданбайсыздарма? Сонда органда істейтіндерге біз сияқты қарапайым халыққа қоқан лоқы көрсетуіне, менің үйіме еш рұқсатсыз баса көктеп кіруіне болама?анамның қария екеніне қарамастан оны қорқытуына жол беріп ешқандай шара қолданбайсызда ма? Қ.Бүйрекбаева 19.12.2012 жылы
    Жауап:
    А.Қ.Буйрекбаеваға ШҚО, Өскемен қаласы Михаэлиса көшесі, 17-77 Сіздің, облыс прокурорының блогынан келіп түскен А.Мүналовқа катысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулысымен келіспейтіндігіңіз және Тарбағатай АІІБ-нің аға тергеушісі Қ.Дакировқа қатысты шара қолдану туралы арызыңыз, облыс прокуратурасымен тергеуге дейінгі тексеру құжаттарын зерделеу арқылы қаралды. 2012 жылдың қараша айының 26 күні Асусай ауылының тұрғыны А.Турысбекова, осы ауылдың турғыны А.Мүналовтан 3 700 теңге қарыз ақшасын сұрауға барып, соңғының аяқ киімін алып кеткен, сол арада А.Мүналов өзінің аяқ киіміне таласқан кезде, А.Турысбекова жерге құлап, дене жарақатын алғаны анықталды. Осы мән-жайлар бойынша Сіздің арызыңыз негізінде Тарбағатай АІІБ-мен тексеру жүргізіліп, 26.11.2012 жылы учаскелік инспекторы М.Толеухановтың қаулысымен А.Мүналовқа қатысты ҚР ҚК-нің 257 бабымен, яғни бұзақылық оқиғасы бойынша оның іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмағандықтан қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған. Ол шешім жайлы Сізге 26.11.2012 жылы қылмыстық қудалау органымен хабарланған. А.Турысбековамен А.Мүналов аяқ киімге таласқан кезде А.Турысбекова жерге құлап, дене жарақатын алғаны, А.Мүналовтың, А.Турысбекованың түсінігімен және сот-дәрігерлік сараптамасымен бекіген. Сот-дәрігерлік сараптамасының қорытындысына сәйкес А.Турысбекованың жеңіл дәрежелі дене жарақатын қатты жұмыр затқа биіктен құлап алғаны және олардың арасында жанжал, бас арыздығы салдарынан болғаны анықталған. Аталған шешім заңды болуына байланысты, онымен облыс прокуратурасы келесті, аталған қаулыны бұзып, алдын ала тергеу әрекеттерін жүргізуге негіз жоқ. Сонымен қатар, Тарбағатай АІІБ-нің аға тергеушісі Қ.Дакировтын тарапынан Сізге немесе Сіздің туысқандарыңызға қатысты заңсыз әрекеттер жасауы жайлы уәждеріңіз бойынша арыздың бір бөлігі облыс прокуратурасымен 13.12.2012 жылы тексеру жүргізуге және процессуалдық шешім қабылдауға ШҚО бойынша ЭСЖҚД-не жолданды. Қабылданған шешім жайлы Сізге қылмыстық қудалау органы хабарлайтын болады. Облыс прокурорының бірінші орынбасары Б. Челикенов орын: Суттыбаев Е. тел: 26-41-04

Беттер