Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 29428
    Дата: 31.12.2016 00:20:26
    Аты-жөні: журтбаев ержан
    Сұрақ:
    Мен 2016 жылы Семей қаласының полициясына ЦОПка арыз жаздым бірақ әзірге ешқандай жауап келмеді. Істі жауып тастапты. Не себепті екені белгісіз. Олай түскен арызды қарамай жауып тастагандары заңды ма? Сіздерден сурайтыным осы мәселені тексеріп Істі қайта козгауга көмектесіңіздер
    Жауап күні:
    18 қаңтар, 2017 - 18:47
    Жауап:
    Сіздің 04.01.2017 жылғы Семей қаласы Орталық полиция бөлімімен қабылданған процессуалдық шешіммен келіспеу туралы жазған сұрағыныз Семей қала прокуратурасымен қаралды. Анықталғаны, Сізбен осы Семей қаласы Орталық полиция бөліміне қатысты жазған арызыңызда толық мән-жайлардың жоқтығына байланысты, Сіздің арызыңызды қарау мүмкін емес. Сондықтан, Сіз 2016 жылы Семей қаласы Орталық полиция бөлімінде жазған арызыңыз бойынша қабылданған процессуалдық шешіммен келіспесеңіз, Семей қала прокуратурасына толық мән-жайларды жазып, шағымдануға құқылысыз. Семей қ. прокуроры М. Турубаев
  • Сұрақ №: 29109
    Дата: 23.12.2016 16:55:21
    Аты-жөні: Құрмаш Айсулу
    Сұрақ:
    Салеметсиздерме! Сиздерге сурак коюуым, 5 жасар мугедек балам бар, Диагнозы эпилепсия, осы жылдын караша айында Ана мен бала ауруханасында емделип шыктык, балама Топамакс деген дарини ишуге кенес берди, Выписканы алып ауылдын ауруханасына барып сурап едим, осы дари тегин берилуи керек па деп, маган ЖОК деген жауап берилди, аурухана менгерушисинен, тегин Депакин атты дарини алып отырамыз, енди сол дариге косымша екинши противосудорожный дари ишу керек.Мен 2016 жылгы тегин камтамасыз етилетин даригерлер тизимин карап едим, онда осы даринин аналогы ТОПИРАМАТ деген бар екенин кордим, ал келеси 2017 жылдын тегин дарилер тизимин али кормедим, сол себепти маган бул дари бериледи ме, жокпа жауап берсениздер екен.жане де тагы кандай дари дармек бериледи екенин билгим келеди.
    Жауап күні:
    6 қаңтар, 2017 - 12:25
    Жауап:
    А.М. Құрмашқа Құрметті Айсұлу Мейрамбекқызы! Сіздің кепілденген тегін медициналық көмек алу шеңберінде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету тәртібін түсіндіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Блогынан түскен өтінішіңіз облыс прокуратурасымен қаралды. «Эпилепсия» дертімен науқас тұлғалар алуы тиіс дәрі-дәрмектердің тізімі туралы сұрағыңызға келесіні хабарлаймын. «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 34 бабы 3 тармағына сәйкес амбулаторлық-поликлиника көмегін көрсету кезінде дәрі-дәрмектердің берілуі уәкілетті органдар бекітетін дәрі-дәрмектер тізімі бойынша жүзеге асырылады. 04.11.2011 жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің м.а. № 786 бұйрығымен бекітілген дәрі-дәрмектер Тізімдемесіне сәйкес «Эпилепсия» дертімен науқас азаматтар келесі дәрі-дәрмектерді тегін ала алады: - Вальпрой қышқылы (таблетка, капсула, гранула, сироп, ішуге арналған тамшылар); - Карбамазепин (таблетка); - Бензобарбитал (таблетка); - Ламотриджин (таблетка); - Топирамат (капсула, таблетка); - Леветирацетам (таблетка, ерітінді). Өз кезегінде, ШҚО денсаулық сақтау Басқармасының мәліметі бойынша кепілденген тегін медициналық көмекке мұқтаж жеке санаттағы азаматтар үшін 2017 жылға 8 400 қорап «Топирамат» дәрісі сатып алынғаны себепті аталған дәрімен қамтамасыз етуде қандай да бір қиындықтар қарастырылмайды (25 мг капсула – 6 000 бірлік, 50 мг капсула – 2 400 бірлік). Сонымен бірге, осы мәселе бойынша Сіз ШҚО денсаулық сақтау Басқармасынан 8 (7232) 52-32-02 телефоны бойынша анықтамалық ақпарат алуға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Облыс прокуроры Б. Таимбетов А. Рамазанов 24-54-82
  • Сұрақ №: 29101
    Дата: 23.12.2016 13:55:47
    Аты-жөні: журтбаев ержан
    Сұрақ:
    Мен 2013жылы бизнестің жол картасы2020 бағдарламасы арқылы 2000000 тенге несие алып Каратал ауылында жылыжай салдым. Оган төбесін жабатын материал поликарбонатты Семей каласынан Тайтенов Қайрат Муташевич деген адамнан сатып алдым. Ол адаммен галамтор арқылы танысып ақшасын қолма қол толедым. Ол айтқан уақытында товарды әкеліп берді. Сол жылдың қысында кияр помидор егіп нәтижесі өте жақсы болды.содан кәсібімды кенейітсем деп жолдасым Ыдырбаева Алтынай тагы төрт бауырларыма әрқайсысы 3000000 нан 15000000тенге несие алып берді. Несиені ала салып мен Семейге танысым Тайтенов Қайратқа барып несие жолдасым Ыдырбаева Алтынайдың атында болғандықтан соның атынан, ал ол ЖК Килыбаев Ерлан Смаилханович тың атынан көлемі әрқайсысы 180 шаршы метрден 6 дана жылыжай жане 6 дана желдеткішке келісім шарт жасадық. Мен акшасын толеп ауылга кайттым.ол 11 тамыз 2014 жылы болатын .сол жылы қыркүйек айының ортасында олар маған6 жылыжайдың каркасын жіберді. Сол кезде біз несие алған Ұшқын 2020 серіктестігы алған ақшаны қандай мақсатқа қайда жұмсағаны туралы құжаттарды сұратты.Мен сосын Семейге барып Тайтенов Қайратпен кездесіп құжаттарды сұрадым. Сонда олар маган: счет фактура, накладной,акт приемки передачи берді. Ол маган әзірге құжаттарды көрсете тур ал жылыжайдың төбесін жабатын поликарбонатты,желдеткіштерді жақында жібереміз деп уәде берді. Ал мен сеніп акт приемкиға кол қоя салдым. Содан бері олар әртүрлі сылтаумен уақыт созып келеді. Ал менің жарты товарымды алмаганымды бүкіл аудан біледі мен осы мәселені шешуге көмек сұрап аудан әкімінің орынбасары Дилдар Калиханга да бардым 8 тамыз 2016 жылы Семей қаласының полициясына да арыз жаздым бірақ еш нәтиже жоқ. Істі жауып тастапты.не себепті екені белгісіз. Енді сотқа беру үшін біраз керек.соттын жарнасы,адвокаттың қызметі сияқты. Жане акт приемкиға кол қойып қойғам. Сөйтіп кәсібімды бастамай жатып алаяқтар сенімге кіру арқылы алдап тақырға отырғызып кетті. Солардың аркасында алган 15000000 тенге несие төленбей пайызы өсіп жатыр. Қазір мен оларды таба алмай жүрмін, келісім шартта корсеткен мекен жайда мүлдем ондай адамдар турмаган болып шықты. Ендігі үмітім сіздерде жоғарыда аталган Килыбаев Ерлан Смаилканович,Тайтенов Қайрат Муташевич деген азаматтарды тауып шара колдансаныздар деймін. Менің сұрағым прокурор санкциямен олардың создерын телефон арқылы жазып алуга рұқсат алуга болама? Егерде олардың сөздерін жазып алсам сотта жеңіп шығар едік. Сіздердің жауаптарынызды күтемін. Алдын ала рахмет!
    Жауап күні:
    27 желтоқсан, 2016 - 09:41
    Жауап:
    Семей қаласының прокуроры М.Турубаевқа Е.Журтбаевқа Сізге, Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде өтініштермен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықтың 29 тармағына сәйкес Е.Журтбаевтың арызын мәні бойынша қарау үшін жолдаймын. Арызды қарау қорытындысы бойынша және қабылданған шешімдер жөнінде арыз иесіне заңда белгіленген мерзімде хабарлау қажет. Екінші адресатқа мәлімет үшін. Зайсан ауданының прокуроры Ж.К.Амодилов Орынд. Ж.Б.Акшанова, тел.8(72340)2-13-47 факс:8(72340)26-794, 21-236, 7234005@prokuror.kz
  • Сұрақ №: 28558
    Дата: 10.12.2016 19:19:29
    Аты-жөні: Ержанқызы Еркежан
    Сұрақ:
    Сәлеметсіз бе. Сізден, автоматтандырылған ақпарат жүйесіндегі "Арнайы есеп" базасына мені қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша және қылмыстық істің ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылуы туралы дұрыс емес ақпарат енгізілу фактісіне шаралар қолдануыңызды сұраймын. (Анықтама үлгісі бар). Айта кетейін, менін басымда бұрын соңды ондай жағдайлар тіркелмеген.
    Жауап күні:
    26 желтоқсан, 2016 - 18:33
    Жауап:
    Еркежан Ержанқызына Алматы облысы, Жамбыл ауданы Сіздің ҚР Бас Прокуратурасының блогына келіп түскен «Арнайы есепке алу» ақпарат жүйесінде қылмыстық жауапкершілікке тартылуы және ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылуы жайлы мәліметтер болуы туралы сұрағыңыз Семей каласының прокуратурасымен каралды. Алайда, сұрақта көрсетілген мәліметтер жеке құпия болғандыктан, Сізге ҚР Бас Прокуратурасының блогына жауап беру мүмкін емес. Сол себепті, Сізге прокуратура органдарына ресми турде шағымдануыңыз қажет. Семей қаласының прокуроры М. Турубаев орын. Кали Ф.М. тел: 8 (7222) 523943
  • Сұрақ №: 27122
    Дата: 20.10.2016 23:05:24
    Аты-жөні: Кусанбаева Гульзат
    Сұрақ:
    Сəлеметсіздер ме?!03.02.2016 жылы сіздерге өтініш юазып едім.Жауаптарыңызда Азизов Алишер Пархатжанович 18.09.1986 ж.т.азамат,баласы Алишерұлы Адиске 10.10.2009 ж.т.алимент өндірілуі үшін,оның жұмысқа тұруын қадағалап,алимент міндетті түрде төленеді деп жауап берген болатынсыздар.Бірақ нəтиже осы күнге дейін жоқ.Оның өзімен сөйлескенімде,жұмыс істемеймін,зарплатасы аз деді.Қазір ұлым 1 сыныптв оқиды.Оқуға керек заттарынан бастап Киім кешектерін алу қазіргі кезде қиын.Сіздерден өтініп сұрайтыным,жоқ дегенде айына он бес мың өндіргізіп берулеріңізді сұраймын.Сіздерден жауап күтемін.
    Жауап күні:
    18 қараша, 2016 - 15:18
    Жауап:
    Г.А. Кусанбаеваға Сіздің, А.П. Азизовтан алимент өндіру туралы сот актісінің орындалмауы жөніндегі менің жеке блогыма түскен шағымыңыз облыс прокуратурасымен қаралды. Анықталғаны, атқару өнірісі 27.10.2012 жылы №2 Өскемен аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы А.С. Құмарбекпен қозғалған. Тексеру барысында борышкер А.П. Азизов жұмыссыз екені, оның иелігінде жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкі жоқ, зейнеткерлік төлемдерін алмайтыны және кәсіпкерлікпен айналыспайтындығы анықталды. Сонымен қатар, А.П. Азизов оның анасымен жалданатын пәтерде тұратыны анықталды. Борышкер сот актісін орындамауына байланысты 04.09.2015 жылы Өскемен мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен А.П. Азизов Қазақстан Респбуликасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669 бабы негізінде кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 1 тәулікке қамау тағайындалған. 28.08.2016 жылы борышкер екінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып,1 тәулікке қамалған. Іс-шаралардың нәтижесінде 11.11.2016 жылы борышкер А.П. Азизовпен 2 000 теңге көлемінде алимент төленді. Сот орындаушысы А.З. Редькинаның 14.11.2016 жылы қаулысына сәйкес борышкердің алимент бойынша берешегі 591 428 теңгені құрады. Борышкер А.П. Азизов 28.10.2016 жылы Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмысқа мұқтаж тұлға ретінде тіркелді. Қазіргі уақытта борышкердің иелігінде мүлікінің жоқтығы және оның жұмыссыз болуы қазіргі таңда сот актісінің орындалуын қиындатуда. Сонымен қатар, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағу жөніндегі сот шешiмiнің орындамауына Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 139 бабымен қылмыстық жауапкершілік көрсетілген. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 32 бабының 3 тармағына сәйкес көрсетілген бап бойынша қылмыстық iстер жекеше-жариялы айыптау iстері болып есептеледі. Осы істер бойынша іс жүргізу жәбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана басталады. Сол себепті борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Сіз ішкі істер органдарына арыздануға құқылысыз. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз берілген жауаптың көшірмесін тіркей отырып, жоғары тұрған прокурорға шағымдануыңызға құқылысыз. Облыс прокуроры Б. Таимбетов орын.Умаров Д.Е. тел.24-97-20

Беттер