Атмосфералық ауаны қорғау мәселесі бойынша алқа отырысы өткізілді

29 мамыр 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2013 жылдың 29 мамырында облыс прокуратурасында қоршаған ортаның қорғау саласында мемлекеттік уәкілетті органдары басшыларының, жергілікті атқарушы органның, ірі табиғат пайдаланушылардың, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысында өтті, отырыста Өскемен қаласының атмосфералық ауасын қорғауына жүргізілген тексеру нәтижелері талқыланды. 

         Статистика Департаментінің мәліметтері бойынша қаланың атмосферасына жыл сайын  62 тыс. тонна ауаны ластайтын заттектер шығарылады, Олардың 35 т.т. күкіртті ангидрид, 13 т.т. көміртек қышқылы және 6 т.т. азот қышқылы құрайды. Соңғы бес жылмен салыстырғында 13% төмендегені байқалады.    

Ластайтын заттектерді қаланың атмосферасына «Казцинк» ЖШС, «АЭС Өскемен ТЭЦ»,  «АЭС Согра ТЭЦ», «УК Жылу жүйелері», «Промстрой», «УК ТМК» АҚ,  «УК РЭЧ» РМБ,  «Қамқор Локомотив» ЖШС, «Май» АҚ, «Востокмашзавод», «УМЗ» шығарады. Олардың жиынтық көлемі-57 т.т. құрайды.

Талдау нәтижелері статистикалық органның мәліметтері шындыққа ұласпайтындығын көрсетеді. Осы көрсеткіштер аталған кәсіпорындардың өздері жасаған есептердің негізінде құрастырылған. Есептердің шынайлығын ешкім тексермейді.

Сондай-ақ, автокөліктердің және жеке секторлардың тастандыларының үлесі туралы мәліметтер де жоқ. Олардың мөлшері жылдан жылға тек ұлғаюда.       

Атмосфералық ауаның жақсаруына ықпал етпейтін себептердің бірі  - қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштерінің жоқтығы болып табылады. Экологиялық Кодексінің 20 бабына сәйкес, осындай мақсатты көрсеткіштердің даярлығы қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органға жүктеліп, облыс мәслихаты бекітеді.

Мақсатты көрсеткіштер қоршаған ортанын сапасын жақсарту қажеттілігін ескерумен белгілі уақыт мерзіміне қоршаған ортаның қалыптастыратын өлшемінің шектелген деңгейін реттейді.

Алайда, қазіргі уақытқа дейін осындай мақсатты көрсеткіштер Өскемен қаласы үшін дайындалмаған.

«Казгидромет» ҚҚМ РМК  жүргізілген мемлекеттік метереологиялық мониторинг жүргізу барысында бұзушылықтар анықталды, яғни өткізілген зерттеулер толық емес, қорытындылар дұрыс құрастырылмаған, байқалатын зат тектердін тізімі жеткілікті болмаған және т.б.

        Жыл сайын көлік құралдарының көбеюі де жағдайды қиындатады. Олардың саны 2005 жылмен салыстырғанда 93 мыңға артты, яғни 24% артты.

Экология Департаменті, жол полициясы, көлік бақылау басқармасы ластайтын заттектердің нормативтерін асырумен көлік құралдарын анықтамайды.  Осымен қатар, прокуратураның бастамасымен 4 күн ішінде іріктеу жүйесі арқылы 100 автокөлікті тексерілді, олардың жартысы қойылған талаптарға сәйкес болмады.

Экология және тұрғындар денсаулығының жағдайы.

ҚР «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 147 бабына сәйкес, денсаулық сақтау және санитарлық эпидемиология қадағалау органдары тұрғындардың денсаулық жағдайына және тұратын орта факторларының ықпал етуі, халық денсаулығы арасындағы себептерінің байланысына бақылау жүргізуі тиіс.   

Уәкілетті органдардын мәліметтеріне  сәйкес, қала тұрғындары арасында онкологиялық, тыныс алу органдары ауруларының саны көбеюде, бала тууы азайған, адам өлімі жиі кездеседі.   

Ірі кәсіпорындардың санитарлық-қорағалатын аумақтарды тұратын халықты көшіру бойынша жұмыс жүргізілмейді.

  Салық заңнамасында елеулі ақтандақтар анықталды.

Салық көдексі атмосфераға тасталынатын заттар үшін 16 лас заттек түрі үшін алым алынады, ал олардың санитарлық ереже белгілеген лас заттардың жалпы көлемі 701 құрайды.      

Салық Кодексін қабылдағанға дейін алым өлшемін облыс маслихаттың шешімі реттейтін, ол бойынша алым 228 лас затар үшін алынатын.

Жоғарыда аталған себептердің нәтижесінде бюджетке өте ірі көлемде ақша қаражаты түспеген.

Салық Департаментінің мәліметтеріне сәйкес, 2012ж.  «УМЗ» АҚ тастандылар үшін небәрі 981 мың теңге, «УК ТМК» АҚ 2,4 млн., «Казцинк» ЖШС 704 млн. төлеген, ал, 2008 жылы олар 3 млн., 7,3 млн. және 865 млн. теңге төлеген.

2008 жылмен салыстырғанда «АЭС УК ТЭЦ» ЖШС-нен түсім сомасы  62% азайған, «АЭС Согра ТЭЦ» ЖШС-нен 65%., «Промстрой» ЖШС және «Май» АҚ-нан 50% азайған.            

Ресейдің салық Кодексінде атмосфераға шығарылатын тастандылар үшін  225 заттектер үшін алым алынады. Украинада  100% алынады.

Жағдайды түзеу үшін Салық Кодексінің 495 бабына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жоспарланған, бұл салық салынатын лас заттектердін тізімін барынша ұлғайтуға мүмкіндік береді.  

Табиғат қорғау шаралары жоспарларының жеткіліксіздігіне қарамастан ҚҚМ Комитеті, Экология Департаменті,  ШҚО табиғат ресурстары және табиғат пайдалану басқармасының қызметінде ТРД жобаларының мемлекеттік экологиялық сараптаманың, тастандыларға рұқсат беруі сапасыз жүргізілгені анықталды.

Газ-тозаң-күлтұтқыш және тазарту жабдықтары.

«АЭС Өскемен ТЭЦ»,  «АЭС Согра ТЭЦ», техникалық регламенттің бұзушылықтары анықталды – түтін газдарының сапасын анықтау аспаптары мен жүйелері орнатылмаған, газ тазалау құрылғыларымен жабдықталмаған. Күл тазалау жабдықтарында сынғаны туралы хабарлау жүйелері жоқ. Осы тектес бұзушылықтар «Өскемен жылу жүйелері» АҚ кездеседі. Есепке алынбаған көмірді пайдалану фактілері кездеседі.

Анықталған бұзушылықтар бойынша прокуратура ШҚО бойынша экология Департаментінің, жергілікті атқарушы органның, ШҚО табиғат ресурстары және табиғат пайдалану басқармасының, санэпидқадағалау және денсаулық сақтау Департаментінің, ШҚО ІІБ ЖПБ атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар дайындады.  

Бұдан да басқа, облыс прокуратурасы Бас прокуратураның алдында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу мәселесіне бастамышылық танытты.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу