Қоршаған ортаға келтірілген 25 млн. астам теңге мөлшеріндегі залал мемлекет пайдасына өндірілді

16 ақпан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесі бойынша Жезкент тау-кен байыту комбинатының Орловский өндірістік кешенінің «Востокцветмет» ЖШС (бұдан әрі - Кәсіпорын) қауіпті қалдықтарды қоймалау кезінде экологиялық талаптарды бұзғаны үшін мемлекет пайдасына 25 млн.астам теңге мөлшерінде залал өндірілді.

Тексерумен анықталғаны. қалдықтарды қауіпсіз сақтау үшін қоймалау мақсатында кәсіпорынның қалдықтары қоршаған ортаға эмиссия рұқсатына сәйкес, қалдық қоймаларына жыл сайын белгіленетін лимит түрінде жіберіледі.  

Атап айтқанда, 2013 жылы тауарлық теңгерімге сәйкес, кәсіпорында 1 158 616 тонна қалдық жинақталған, олардың 736 384 тоннасы 2013 жылға бөлінген лимит шеңберінде, 843 200 тоннасы қалдық қоймасында орналастырылған, қалған 422 232 тонна кен орнының өңделген бос кеңістігін толтыру үшін пайдаланылған.

Алайда, қалдықтарды осылай кәдеге жарату әдісі қолданыстағы заңнамаға және жобалық құжаттарға сай емес.

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 293 бабы, 5 тармағына сәйкес, қауіпті қалдықтар арнайы жабдықталған жерлерде орналастырылып, экологиялық рұқсаттармен қарастырылған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Осымен қатар, Экологиялық кодекстің 47 бабы, 1 тармағы, 1 тармақшасына сәйкес, қоршаған ортаға ықпалын тигізетін жоспарланған әрекеттердің жоба алдындағы және жобалық құжаттары міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтуі тиіс.

Сондай-ақ, тексеру көрсеткендей, қалдықтарды нормативте көрсетілген  және кәдеге жарату үшін таңдалған әдістерді кәсіпорын қарастырмаған.

Кен орнының бос кеңістігін тау-кен байыту жұмыстарының қалдықтарымен толтыру  түріндегі  кәдеге жарату әдісіне тиісті ықпал етуіне баға берілмеген. Осы шешімді кәсіпорын уәкілетті органның рұқсатын алмай, дербес қабылдаған.

Қалыптасқан жағдайлардың нәтижесінде, экологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, қоршаған ортаға қалдықтар қоймасының қауіпті әсері анықталды.

Облыс прокуратурасы осы факті бойынша Шығыс Қазақстан облысының экология Департаментіне бұзушылықтарды жою және заңға қарсы әрекеттермен қоршаған ортаға келтіріліген  залалдың есебін жүргізу  және «Востокцветмет» ЖШС-ін заңмен белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныс енгізді.

Уәкілетті органның қаулысымен кәсіпорын Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 328 бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Қоршаған ортаға келтірілген 25 млн.астам теңге көлеміндегі залал мемлекет пайдасына өндірілді.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу