Курчатов қаласының судьялары қылмыстық істерді тездетілген тәртіпте қарауға дайын

04 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Курчатов қаласының судьялары қылмыстық істерді тездетілген тәртіпте қарауға дайын - 294993110

Курчатов қаласының прокуратурасы Бас прокуратураның «Азаматтардың мүдделерінде қылмыстық процесті оңтайландыру» атты  жобасының жүзеге асырылуын жалғастыруда.  Бүгін, Курчатов қаласы прокурорының міндетін атқарушы Санат Қабдарахмановтың бастамасымен соттарда қылмыстық істерді қарау мәселелері бойынша судьялардың, прокурорлардың, полиция бөлімі басшылығының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.  

Дөңгелек үстелді өткізу барысында судьялар жоба шеңберінде тергелетін қылмыстық істерді тездетілген тәртіпте, яғни 3 -7 күн аралығында қарауға дайын екенін  айтты.     

«Бас прокуратураның жобасын жүзеге асыруына соттарды да біртіндеп тартудамыз. Қазіргі кезде қалалық сотпен келісімге келдік. Олар қылмыстық процестің реформаларын құптады»,- деп атап өтті қала прокуратурасында.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу