Мемлекеттік сатып алу, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнама талаптарының сақталуын тексеру.

17 шілде 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өскемен қаласының прокуратурасы 2012-2013 ж.ж. және 2014 жылдың өткен мерзімінде ШҚО әкімдігінің табиғат пайдалануды реттеу дәне табиғат рестурстары Басқармасының «Шығыс су қоймалары» ҚМК-нің қызметінде (әрі қарай- Кәсіпорын) мемлекеттік сатып алу, сыбайлас жемқорлықпен күрес  туралы заңнама талаптарының сақталуына тексеру жүргізді.  

Тексеру барысында  Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алу, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарының талаптарын бұзғанын анықтады. 

Мысалы, Кәсіпорынның «Вика-люкс» ӨК-мен 93 213 000 теңге сомасына 43 объектіні төлқұжаттандыру үшін 21.02.2013 ж. № 10 келісімшарты бойынша орындалған жұмыстарды 01.09.2013ж. дейін аяқтау мерзімі қарастырылған..

Алайда, 4 054 000 теңге сомасына қараша-желтоқсан айында түпкілікті орындалған жұмыс актісіне қол тек 11.12.2013 ж., яғни, 102 күн өткен  соң қойылған.

21.02.2013ж. № 10 келісімшарттың 12 тармағына сәйкес, орындаушының тарапынан қызметтер уақытында көрсетілмеген, үшін орындаушылар тарапынан мерзімнен кешігіп төлеудің әр күніне көрсетілетін қызметтің орындалмаған көлемі сомасынан 0,1 пайыз айып төлем төлейді.

ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңының 11 бабы, 4 бөлігіне сәйкес,  жасалған келісімшарт бойынша өз міндеттерін жеткізуші орындамаған немесе лайықты орындамаған жағдайда өзімен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісімшартына сәйкес, жұмыстарды уақытында орындамаған жеткізуші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзушылықтары мәлім болған күннен бастап  30 күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті органға осындай әлеуетті жеткізуші туралы мәліметтер хабарлап, сотқа осындай әлеуетті жеткізушіні мемлекеттік сатып алудың ыждахатсыз қатысушысы деп тану туралы талап-тілек білдіреді.  

Табиғат ресурстары Басқармасы мен Кәсіпорынның  лауазымды тұлғалары мердігерлердің өз  міндеттерін орындамағаны туралы нақты білсе де, оар сотқа жеткізушілерді мемлекеттік сатып алудың ыждахатсыз қатысушысы ретінде тану және айып төлем өндіру туралы сотқа талап-арыз бермеген.

Сондай-ақ, тексерумен Кәсіпорын мен «Вика-люкс» ӨК арасында 14 664 000 теңге сомасына 12.10.2012 ж. № 19, және  93 213 000 тенге сомасына 21.02.2013 ж. № 10 келісімшарттарымен гидротехникалық құрылыстардың төлқұжаттандыруын өткізу бойынша жасалғаны анықталды.  Осымен қатар, Жеткізушіде келісімшарт жасаған кезде топо-геодезиялық жұмыстардың 3 санатына талап етілетін лицензиясы болмаған.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған келісімшарттармен субмердігерлерді лицензияланатын жұмыстарды орындау үшін тарту туралы келісілмеген.

ҚР АК-нің 683 бабының талаптарына сәйкес, тегін қызмет көрсету келісімшарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуі тиіс, ал, тапсырышсы оны тиісінше, төлем төлеуі тиіс.

ҚР АК-нің 684 бабына сәйкес, егер келісімшартпен қызметтерді тегін көрсету бойынша басқалай қарастырылмаса, орындаушы қызметтерді жеке көрсетуі тиіс.

Кәсіпорын директоры А.И.Лукинге «Вика-люкс» ӨК-де талап етілетін лицензиясы болмауына қарамастан, ол «Вика-люкс» ӨК-мен жалпы сомасы 107 877 000 теңге сомасына келісімшарттар жасаған.

Жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша «ШҚО табиғат пайдалануды реттеу және табиғат ресурстары Басқармасы» ММ-нің атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді. «Шығыс су қоймалары» КМК-нің директоры А.И.Лукин  ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының 12 бабы 1 бөлігіне сәйкес, «қызметіне толық сәйкес емес» түріндегі тәртіптік жауаптылыққа тартылды. «ШҚО табиғат пайдалануды реттеу және табиғат ресурстары Басқармасы» ММ бастығының орынбасары В.Е.Чернецкийге «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу