Николенко Анатолий Федотовичті 95 жасқа толуымен құттықтады

13 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Николенко Анатолий Федотовичті 95 жасқа толуымен құттықтады - 588931807
 
Анатолий Федотович 1924 жылдың 13 қазанында Көкпекті ауылында туған. Орта мектепті бітірген соң, Мәскеу энергетика институтына түсті. 1942 жылдың маусымынан бастап 1950 жылдың наурызына дейін Совет Әскері қатарында болып, кейіннен әртүрлі қызметтерде жұмыс істеді.
 
1959 жылдың тамыз айында Қазақ мемлекеттік университетін аяқтаған соң, прокуратура органдарына жұмысқа қабылданды. Еңбек жолын Күршім ауданы прокуратурасының тергеушісі лауазымынан бастады. Кейіннен облыстық аппаратқа ауысып, прокурордың көмекшісі, аға тергеуші, тергеу бөлімінің прокуроры, прокурордың аға көмекшісі қызметін атқарды.
 
1985 жылы соттарда қылмыстық істерді қарау заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Зейнеткерлікке 1995 жылы шықты.
 
Анатолий Федотович тергеу қызметіне 15 жылын арнады. Жұмыс жылдарын еске алғанда, Анатолий Федотович ылғи да өзінің бірінші ұстазы Күршім ауданының прокуроры Майшекенов Базыл Мұздарбековичті еске алатын. «Прокуратура органдарына жұмысқа келер алдында мен белгілі теориялық білімдерді, өмір тәжірибесін меңгерген болатынмын, бірақ, тергеуші ретінде мен жұмысты ең басынан бастадым. Менің жолым болды, себебі, қасымда өте тәжірибелі қызметкерлер жұмыс істеді, олар маған өздерінің кеңесін беріп, тәжірибелерімен бөлісті,»- деді ардагер.
 
Анатолий Федотович тыл еңбеккері, «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отын соғысында Германияны жеңгені үшін» орденімен, Бас Прокурордың және облыс прокурорының алғыстарымен, «ҚР прокуратурасының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
 
Құрметті демалыста бола отырып, бірнеше жылдар бойы Анатолий Николенко Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік университетінде құқық сабағынан дәріс берген. Кейіннен оқытушы ретінде ол көптеген қызметкерлерді тәрбиеледі, олардың көбісі қазіргі кезде ол берген білім мен тәжірибені қолдана отырып, прокуратура органдарының жауапты лауазымдарында қызмет атқарады.
 
Әріптестер ылғи да Анатолий Федотовичті зор құрметпен еске алады. Оның кәсіби біліктілігі, еңбекқорлығы, адами қасиеттері, жұмысты ұйымдастыру қабілеті ұжымда жоғары бағаланған.
 
Анатолий Николенконы 95 жасқа толуымен облыс прокурорының бірінші орынбасары Виталий Шабер мен кадрлар басқармасы басшысының м.а. Руслан Мурсалимов, ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ғазиз Найзабаев құттықтады.
 
- Осы өмір шыңына әрбір адам жете бермейді, бұл Сіздің рухыңыздың күштілігі, Сіздің қайсарлығыңыздың көрсеткіші. Сіздің кәсіби біліктілігіңіз, көптеген жылдар бойы облысқа сіңірген еңбегіңіз жас мамандарға үлгі. Сізге зор алғысымызды айта отырып, мықты денсаулық және бітпес қуат тілейміз,-деп құттықтады ардагерді В.Шабер.
 
Ардагер өз кезегінде ШҚО прокуратурасының өкілдеріне алғысын айтты. «Прокурорлар бір бірін еске алып, әр кезде жолдастарына қол ұшын созатыны өте қуантады» - деді Анатолий Федотович.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу