Облыс прокуратурасының бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу және жұмысқа орналастыру бойынша жұмысы туралы.

18 шілде 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысы прокуратура органдарының ұсталынған, қамауға алынған, қылмыстық жазасын өтеп жүрген тұлғалардың құқықтарын сақтауын қадағалау бойынша жұмысы түзеу мекемелерінде жедел-режимдік ахуалды тұрақтандыру, терроризм мен діни экстермизмнің таралуына қарсы әрекет ету, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге бағыттылған болатын.
Түзеу мекемелеріндегі ахуалға Бас прокуратураның «Колонияда еңбекпен қамту» және «Сотталғанның төленетін еңбегі - қалыпты өмірге ынталандыру» атты жобаларының жүзеге асырылуы оңды ықпал етті.
Жүргізілген талдау колониядағы негізгі мәселелердің бірі - жұмыстың жоқты екендігін көрсетті. Түзеу мекемелерінде жұмыстың жоқтығы криминалды субмәдениет пен ұрлық идеяларының таралауына қолайлы жағдай тудыратынын көрсетті.
Қазіргі кезде облыс прокуратурасы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің қолдауымен аталған мәселені шешу үшін шаралар қабылдауда. Қылмыстық-атқару жүйесінде мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту мен мүмкіндіктері бірлесіп талықалынуда.
2014 жылдың 19 мамырында Өскемен қаласының ОВ-156/2 мекемесінде облыс прокуроры Б.Таимбетов пен облыс әкімі Б.Спарабаевтың жеке қатысуымен көшпелі консультативтік-кеңес отырысы өтті, отырыста қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің, «Еңбек-Өскемен» РМК, облыстың ірі кәсіпорындары мен басқа да мүдделі ведомстволардың басшылары қатысты, олар түзеу мекемелерінде шағын және орта бизнестің 10-нан астам субъектісінің өндірістік қызметін бастауға тілек білдірді.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 90 сотталған тұлға нақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды. Сотталғандардың тұрақты еңбекақы алу, қылмыспен келтірген залалдарын өтеу, туыстарына материалдық көмек көрсету мүмкіндігі пайда болды.
Көшпелі отырыс барысында «Еңбек-Өскемен» РМК шығаратын өнімдер ұсынылып, бос өндірістік қуаттар мен қолда бар жабдықтар көрсетілді.
Облыстың барлық аудандарында бас бостандығынан айыру жерлерінен босталған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталары бекітілді. Осымен қатар, Бородулиха ауданында 70 % квота, Глубокое, Катон-Қарағай және Үржар аудандарына 30 % квота, қалған аудандарда 1 % квота бекітілді.
Бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу және жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу үшін қоғамдық ұйымдар да ат салысты. Оның ішінде «Ансвер» қоғамдық қоры мен «Веха қоғамды бірлестігі (Өскемен қаласы), олар бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылып шыққан 26 және 37 тұлғаларға көмек көрсетті.
Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралармен бас бостандығынан босатылып шыққан 484 тұлғаны жұмыспен қамтыды. Бұл көрсеткші өткен жылмен салыстырғанда 53 % артық.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының
баспасөз-қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу