Облыс прокуратурасының мемлекеттік қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс

31 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облыс прокуратурасы, индекс 070004, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 21, анықтама телефоны: 8 (7232) 24-18-34, e-mail: 7232386@prokuror.kz облыс прокуратурасының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс бос мемлекеттік қызметшілері арасындағы  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды. 

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

1. Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:  

С-О-5 санаты үшін:      

жоғары білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары: 

 

Санат

Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық жалақы

min

max

С-О-5

83 353

112 376

С-О-6

75 035

101 581

 

         1.Облыс прокуратурасы қаржы және ақпараттандыру басқармасының бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы, №10-2-2 (С-О-5 санаты, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 13.04.2020ж.).

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес»  (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару)

Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге еңбекақыны, еңбекке уақытша жарамсыз парағы бойынша жәрдемақыны және басқа да төлемдерді уақтылы және дұрыс есептеу жөніндегі жұмыстарды орындайды; жұмыс уақытын есептеу табелін, еңбекке жарамсыз парағын, өз жұмыс учаскесіне қатысты бұйрықтарды қабылдайды және өңдейді; құжат айналымының кестесін дайындап, басшылықпен келісіледі; бухгалтерлік есеп шоттарында еңбекақы аудару, кезекті еңбек және басқа да демалыстарды беру, еңбекке жарамсыз парақтарын, салықтарды көрсетеді; еңбекақы  төлеу қорын есепке алу, еңбекке жарамсыз парақтар, сауықтыруға арналған жәрдмақы, есептілік құрастыру үшін салық бойынша мәліметтерді дайындайды; өз учаскесінде бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, оларды белгіленген тәртіпте мұрағатқа өткізу ұшін рәсімдейді,бухгалтерлік ақпарат мәліметтер базасын жүргізу, сақтау, қалыптастыру және басқа да ұсталынатын алымдарды аудару бойынша жұмыстарды орындайды; зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есептеуін жүргізеді, еңбекақы аудару бойынша жеке шоттарды рәсімдейді;еңбекақы, салық және басқа да төлемдер бойынша шоттарды рәсімдейді;қаржыландырудың бекітілген жоспары шеңберіне басқа да шараларға бюджеттік шығындар бойынша жұмсалу есебін жүзеге асырады; қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы тоқсандық және жылдық есеп беруді жасауға қатысады; дебиторлық және кредиторлық берешектер бойынша есептелікті қалыптастыру және табыстап отыру

        2) Облыс прокуратурасы Аппаратының бас маманына, (С-О-5 санаты №20-1, 1 бірлік).

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім «Гуманитарлық ғылымдар» (аударма ісі), «Құқық» (құқықтану, құқық қорғау қызметі), «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету), «Білім беру» (қазақ тілі және әдебиет).

         Функционалдық міндеттері: Жетекші мамандардың функционалдық міндеттерін белгілейді; облыс прокуратурасының аппаратында іс құжаттарын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету; топтың жұмысын жоспарлау, жоспарланған іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру; өз құзіретінде Бас Прокурор мен Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;  электрондық іс жүргізуді қамтамасыз ету; келіп түскен құжаттар мен істердің тіркеуін және басшылықпен бастапқы қаралуын жүзеге асыру; аудан прокуратураларының іс құжаттарын жүргізу бойынша жұмысының жай-күйін тексеру; олардың нәтижелері бойынша анықтамаларды құрастыру; жетекші мамандарға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылау; атқарушылық және еңбектік тәртіптің сақталуын бақылау; облыс прокуратурасының номенклатурасын дайындауға қатысу; қызметтің негізгі мәселелері бойынша Аппарат басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.

          Құжаттарды қабылдау мерзiмi: құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте Шығыс Қазақстан облыс прокуратурасы, индекс 070004, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 21, анықтама телефоны: 8 (7232) 24-18-34, 7232386prokuror.kz почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 2нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім. 

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Өскемен қаласы, Перимитин көшесі 21үй, мекен-жайы бойынша өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiнжерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

      

Мені_________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

_________________________________________________________________

__________________________________________________________________

      

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

 

_______                                              ____________________________________

  (қолы)                                    ​              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу