Пробация саласындағы қадағалау

05 маусым 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

ШҚО прокуратурасы пробация қызметінде бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Өзекті мәселелер құқықтық тәртіп пен қылмыстылықпен күрес,   заңдылықты күшейту жөніндегі Үйлестіру Кеңес отырысында талқыланды.

Көптеген бұзушылықтар профилактикалық жұмыстың жеткіліксіздігі, жеке бағдарламалар мен әлеуметтік-құқықтық көмек беруін үстірт құрастырумен байланысты екендігін көрсетті. 

Мысалы, инспекторлар есептегі тұлғаларға психологиялық көмекті жиі тағайындайды, ал, олар болса медициналық көмекке немесе жұмысқа орналасуға мұқтаж. Немесе керісінше: жұмысы бар тұлғаларға жұмыспен қамту Орталығына тіркелу үшін жолдамалар беріледі. Сондай-ақ, нақты көмек қажет ететін тұлғаларға қатысты жеке бағдарламалар уәкілетті органдарға мүлде жолданбайды.

Әлеуметтік-құқықтық көмекті жүзеге асыруына, оның сапасын бағалауына кедергі осы қызмет түрін көрсету Стандарттарының жоқтығының болып табылады. ҚР азаматтығы не жеке басты куәландыратын құжаттары мен тіркелуі жоқ тұлғаларды құжаттандыру бөлігінде көптеген мәселелер туындайды.

Бұдан басқа, қолданыстағы заңнаманың олқылықтарына қатысты көптеген сұрақтар да бар.

Сонымен қатар, ҚАЖД жүйесінің мекемелері мен пробация қызметінің арасында, сондай-ақ, жергілікті атқарушылық органдары мен полиция арасында ведомствоаралық өзара іс-қимылдар да тиісті деңгейде емес.

Соның салдарынан жауапты құрылымдар қабылдайтын шаралары тиімсіз, ал, профилактикалық жұмыс жеткіліксіз. Әлеуметтік бейімдеу және үздік ресоциализациядан кейін есептегі тұлғалар қайталап қылмыс жасайды. Қайталама қылмыс саны 2016 жылы 52-ден, 2017 жылы 195-ке дейін өскен. Олардың көбі ұрлық пен қарақшылық қылмыстары.  

Тұтас алғанда, анықталған бұзушылықтар мен тексеру нәтижелері жөнінде облыс пркуратурасы заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіп, олар бойынша 14 тұлға тәртіптік жазаға тартылды.

Үйлестіру Кеңесінің қорытындылары бойынша барлық өзекті мәселелерді нақты дәйектеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құрып, әрбір мемлекеттік орган үшін нақты әрекеттер белгіленіп, бірлескен іс-шаралар Жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды. Қайталама құқық бұзушылықтар бойынша ай сайын үштарапты салыстыру жүргізу, тәжірибесін енгізу, лайықты деңгейде пробация Үйлерінің жұмысын жандандыру, заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде Бас прокуратураға  ұсыныс жолданды. 

Отырыстың соңында облыс прокуратурасы әзірлеген «Probaciya.kz» сайтының тұсаукесері өтті. Осы ақпараттық ресурсты енгізу - әкімшілік кедергілерді жоюға және нақты уақыт режимінде пробация қызметінде есепте тұрғандардың пробация қызметімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдар жасауына мүмкіндік береді.

Анықтама: Шығыс Қазақстан облысында 11 түзеу мекемесі мен бір тергеу оқшаулағыш орналасқан. Қылмыстық саясатты ізгілендіру және реформалау саласында мемлекет қабылдаған шаралар нәтижесінде түрмеде отырғандардың саны 2014 жылы 8 мыңнан астам болса, қазіргі кезде олардың саны 5 мыңға дейін азайды. Соттар бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды кеңінен қолдануда. (2012 жылы 1139-дан  2017 жылдың қорытындылары бойынша 551-ге дейін).

Облыста ҚАЖД-нің 31 пробация қызметі жұмыс істейді. Жыл сайын пробация қызметінің есебіндегі тұлғалар саны (2016 жылы 3813-тен 2017 жылы 5797-ге дейін) ұлғаюда.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы   

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу