Прокуратура органдарының ардагерлерін құттықтау

01 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокуратура органдарының ардагерлерін құттықтау - 1198498464

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында Халықаралық қарттар күні еңбек ардагерлерін құттықтау дәстүрге айналды. Осы күнге орай прокуратурада салтанатты жиналыс өтті.

Облыс прокуроры Құсайын Игембаев ардагерлерді құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, бақ-береке тілеп, жоғары кәсібилігі мен ұзақ жылдар атқарған үлгілі қызметіне алғыс айтты.

Бұдан басқа, осы салтанатты жиналыста Қазақстан Республикасы  прокуратура органдарының құрметті қызметкері Еділ Фазылович Күдербаевты 65 жасқа толу мерейтойымен құттықтады. Ол барлық мансап сатыларынан өтті, өз  қызметін аудандық прокуратурада бастап, кейіннен тергеуші, басқарма прокуроры лауазымдарында қызмет атқарды. 26 жасында ең жас аудан прокуроры болып тағайындалған. Ұзақ уақыт облыс прокурорының орынбасары қызметін атқарды. Құрметті демалысқа 2017 жылы Өскемен қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы лауазымынан шыққан.

Ардагерлер кеңесінің атынан сөз сөйлеген Ғазиз Найзабаев және мерейтой иесі Еділ Күдербаев прокуратура ұжымына ыстық лебіздеріне ризашылық білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Жиналыста облыс прокуратурасы аға буынға ерекше ілтипат білдіріп, құрметтейтінін, өздерінің мол тәжірибесімен бөлісетін аумақтық ардагерлер Кеңесі қызмет жасайтынын атап өтті.

Мерекелік науқанды барлық қала және аудан прокуратураларды қолдап, олар да осы күні өздерінің зейнеткерлерін құттықтады.  

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу