ШҚО құқық қорғау қызметтерін көрсету Орталығы азаматтарды жаңа ғимаратта қабылдайды

21 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ШҚО құқық қорғау қызметтерін көрсету Орталығы азаматтарды жаңа ғимаратта қабылдайды  - 1819074187

ШҚО құқық қорғау қызметтерін көрсету Орталығы Өскемен қаласында 2017 жылдың 21 желтоқсанынан бастап қызмет етеді. Аталмыш жоба Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «100 нақты қадам» ұлттық Жоспарын орындау мақсатында жүзеге асырылған. 

Орталықтың негізгі міндеті – азаматтардың арыздарын тіркеу, құқықтық және басқа да мәселелер бойынша кеңес беру арқылы халықтың прокуратура органдарына сенім деңгейін арттыру болып табылады. Тұрғындарға әділет Департаментінің, құқықтық статистика Басқармасының қызметкерлері, адвокаттар мен медиаторлар заң көмегін көрсетеді. 

Осы жылдың басынан бастап, Орталыққа 1600 азамат келген, олардың 1279 прокурорлар жеке қабылдаған. Негізінде, адамдарды әлеуметтік-экономикалық, сотқа дейінгі тергеу, азаматтық және әкімшілік және атқарушылық өндіріс салаларындағы мәселелер алаңдатады. 

Енді, ыңғайлы болу үшін Орталық облыс прокуратурасының аумағында орналасқан Пермитин к-сі, 21 жаңа ғимаратында азаматтарды сағат 09.00-ден 18-30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) қабылдайды. 

Орталықтың жаңа кеңсесінде ыңғайлы күту залы, электронды кезек және т.б. барлық қолайлы жағдайлар бар. Келген адамдардың әрбіреуіне заңнама талаптары түсіндіріліп, арыздарды жазуға көмек көрсетіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу