ШҚО прокуратурасы еңбек заңнамасының көптеген бұзушылықтарын анықтады

11 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында өткен алқа отырысында еңбек заңнамасының сақталуына, оның ішінде ірі кәсіпкерлік субъектілерімен еңбекті қорғау саласында және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне жүргізілген тексеру нәтижелері талқыланды.

Өткен жылы өндірістік қауіпсіздік нормаларын сақтамау себебінен 219 адам жарақат алып, оның ішінде, 19 оқиға адам өлімімен аяқталған.

Облыс прокуратурасы барлығы 19 мыңнан аса адам еңбек ететін екі ірі тау-кен өндіру кәсіпорындарында  - «Казцинк» ЖШС  және  «Востокцветмет» ЖШС-де жүргізген тексеру барысында 1,5 мыңнан астам бұзушылықтарды анықтады. Олардың ішінде еңбек жағдайларының сәйкес келмеуі, өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын сақтамау, жарақаттану фактілерін жасыру, өндірістік жабдықтарды жаңартпау.

Тексеру көрсеткендей, ірі кәсіпорындардың кен өндіру орындарында әрбір үшінші жұмыс орны талаптарға сай келмейді.

«Востокцветмет» ЖШС-нің Орлов кен орнында шахтерлер 700 метр тереңдікте өте жоғары 65 градус ыстықта жұмыс істеген (нормасы 26°). Осы жерде күкірт газының шектеулі рауалы шығындысы 20 есе асқаны байқалды. Бір жыл бұрын осы кен орнында  топырақтың қопарылуынан 8 адам зардап шегіп, біреуі қайтыс болған. Аталмыш тексеру шахтерлер өміріне қауіп төндіретін осындай 15 қатерлі (тау массасы бекітілмеген) жерді анықтаған

Желдету түтігінің және бекітпелердің қалуы,  желдеткіштердің қате пайдалануы, жарықтың және ауа желдеткіштерінің болмауы – мұндай бұзушылықтар әрбір шахтада тіркелген. Жеті кен орнында қосалқы шығу жолдары болмаған, осы себепті бұл кен орындарында жұмыстар дереу тоқтатылды.

Отырыс барысында, облыстың кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек жағдайларына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың атына аталмыш бұзушылықтар жылдан жалға жалғасуына байланысты бірқатар сын айтылды.

Атап айтқанда, өнеркәсіптік қауіпсіздік Департаменті 2017 жылы жүргізген тексеру нәитижелерінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 1 мыңнан астам бұзушылықтарды анықтаған. Алайда, олармен жеке жабдықтар мен механизмдердің қызметін тоқтату немесе тыйым салу бойынша шаралар қабылданбаған.

Облыстық еңбек инспекциясымен еңбектің жағдайлары бойынша өндірістік нысандарды аттестациялау және анықталған жасырын жарақат фактілеріне жүргізілген мониторингтің қорытындылары бойынша бастамашылық тексеру өткізбеуі де сыналды.

Прокурорлық қадағалау актілерімен мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың  21 лауазымды тұлғалары  әртүрлі жауаптылық түрлеріне тартылған, бюджетке 2 млн астам теңге айыппұл төленді.

Қазіргі кезде прокуратурамен анықталған еңбек заңнамасының 1,5 мыңнан астам бұзушылықтарының барлығы жойылды.  

Нәтижесінде, шахталардың жеті забойларында қосалқы шығу орындары салынды, 15 қауіпті жерлерде бекітулер орнатылды. Қысыммен жұмыс істейтін 39 тозған жабдықтар («Казцинк» ЖШС-нің Тишинский, Шубинский, Риддер-Сокольный кен орындары) жаңартылып, сараптамадан өткізіліп, қайтадан іске қосылған.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік Департаментінің талап-арызымен  алғаш рет температуралық режимі мен газдардың мөлшері шектен тыс артқан екі забойдың қызметі соттың шешімімен тоқтатылған.

Бұдан басқа, облыс прокурорының өкімімен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы  жарақаттану деңгейін төмендету және жүйелі бұзушылықтарға жол бермеу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірледі.     

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу