ШҚО прокурорлары тергеудегі-қамаудағы тұлғаларды соққыға жыққаны үшін уақытша ұстау изоляторы бастығының сотталуына қол жеткізді

23 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ШҚО прокурорлары тергеудегі-қамаудағы тұлғаларды соққыға жыққаны үшін уақытша ұстау изоляторы бастығының сотталуына қол жеткізді - 756593789

Кезекті демалысында болған кезде Семей қаласындағы уақытша ұстау изоляторының бастығы жұмыс орнына мас күйінде келіп, өзінің қызметтік  өіклеттіктерін асыра пайдаланып, тергеудегі-қамаудағы 12 тұлғаны соққыға жыққан.

Бастапқыда, мекеме басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді ШҚО полиция Департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының тергеушісі жүргізген болатын. Бірақ, кейіннен қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. 

Істі тоқтату туралы заңсыз қаулыны ШҚО прокуратурасы бұзып, тергеуді арнайы прокурорларға тапсырған.

Істі тапсырған соң, мекеменің бұрынғы басшысы тергеуден жасырынды. Осыған байланысты, арнайы прокурордың өтінішхаты бойынша тергеу судьясы оған қатысты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол бір жыл іздестіруде болып, кейіннен Алматы қаласында ұсталынды.

Сотта айыпталушы өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкініш білдірді. Оның өкінгенін, жас балаларының болуын, отбасында жалғыз асыраушы екенін ескеріп, Семей қаласының №2 соты ең төменгі шекте, атап айтқанда, 3 жыл бас бостандығынан айыруға соттаған. Сондай-ақ, ол құқық қорғау органдарында 5 жыл қызмет атқарудан және полиция майоры арнайы атағынан айырылды.    

Арнайы прокурорлардың ұсынысы бойынша ШҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қатаң тәртіптік жауаптылыққа, ӨҚБ басшысы қызметіне толық сай еместігі туралы тәртіптік жазаға тартылды. 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу