Шығыс Қазақстан облысының Үлкен-Нарын ауылында оқ атқан бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарылды

02 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өскемен қаласында ШҚО қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында алқа билердің қатысуымен атыс бойынша істің қаралуы аяқталды. Кісі өлтіргені үшін күдікті ретінде Катон-Қарағай ауданының ішкі істер бөлімінің қызметкері ұсталған. 

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 2 сәуірінде Үлкен-Нарын ауылының 32 жасар тұрғынын 2 ер адам соққыға жыққан. Жәбірленуші Катон-Қарағай ауданының ішкі істер бөлімінде қызмет істейтін ағасына шағымданған соң, құқық қорғау органының қызметкері осы құқық бұзушылықты тіркеп, жедел-тергеу тобын шақырудың орнына өз бетінше, ер адамдар істейтін жергілікті техникалық қызмет көрсету орталығына барып, оларға бей-берекет оқ жаудыра бастаған. Нәтижесінде, ер адамның біреу жарақаттанып, оқиға болған жерде көз жұмды. Екіншісі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді.      

Нәтижесінде, бұрынғы полиция қызметкері қызметін асыра пайдаланғаны және кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, полицияның аға лейтенанты арнайы атағынан айыруға, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің барынша қауіпсіздік мекемесінде өтеуге сотталды. Үкім әлі заң күшіне енбеген.    

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу