Су тасқынына дайындық прокуратура органдарының ерекше бақылауында

10 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Су тасқынына дайындық прокуратура органдарының ерекше бақылауында - 934472186

Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Кусайын Абзалбекұлы Игембаевтың жұмыс сапары аясында 2020 жылғы 7 ақпанда Шемонаиха ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, оның модераторы аудан әкімі Григорий Акулов болды. Жиынға ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Әбділов қатысты.

Отырыс барысында "Төтенше жағдайлар бойынша жергілікті атқарушы органдардың алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жағдайы туралы" мәселе қаралды. Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Молдаханов және аудан ТЖБ бастығы Құрмаш Даиров баяндама жасады.

Облыс прокуроры Қ.А.Игембаев дағдарыстық және төтенше жағдайлардың пайда болу тәуекелдерін талдауға ерекше назар аударды. Қар шығару, мұзды ұсақтау, гидротехникалық құрылыстар мен эвакуациялық пункттерді дайындау су өткізу құрылыстарын тексеру және облыстық бюджет қаражатынан тасқынға қарсы іс-шараларды қосымша қаржыландыру мәселелері қаралды.

Тасқын қауіпті оқиғалардың алдын алу бойынша атқарушы органдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің және аудан прокуратурасының тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз жөнінде тапсырма берілді.

Шемонаиха Ауданының Әкімдігі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу