ЖОҒАРЫ ӘЗІРЛІК ТӘРТІБІНДЕ

14 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ЖОҒАРЫ ӘЗІРЛІК ТӘРТІБІНДЕ - 1917614386

13 ақпанда Алтай ауданында ШҚО прокуроры К. Игембаевтың және ШҚО Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының міндетін атқарушы К. Абиловтың қатысуымен кеңес өтті.

Кеңеске әкім Н. Токсеитов бастаған аудан басшылығы, құқық қорғау органдарының, аумақтық органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың, дербес бөлімдердің басшылары, қалалар, кенттер және ауылдық округтер әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Кездесудің күн тәртібінде 2020 жылғы су тасқанына дайындық мәселесі қаралды.

Алтай ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары әзірленді, ол су тасқыны қатері төніп тұрған елді мекендерді қорғауға шақырады.

Аудан әкімінің орынбасары М. Сахариев, «ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД Алтай ауданы бойынша ТЖ басқармасы» ММ бастығының міндетін атқарушы А.Абдрахманов, ҚР ІІМ ТЖК «Казселезащита» мемлекеттік мекемесінің Алтай ауданы өндірістік-пайдалану бөлімінің басшысы Ю.Миюсков баяндама жасады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуроры мемлекеттік қызметкерлерге және арнайы қызметтер басшыларына су тасқыны кезінде өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапкершілігін естеріне салды.

Облыс прокуроры К. Игембаев орын алған дағдарысты және төтенше жағдайдың пайда болу қатерінің талдауына ерекше назар аударды. Қар шығару, гидротехникалық ғимаратты және су өткізу ғимаратын зерттеу, эвакуациялау кешендерін әзірлеу бойынша жұмыстарды уақытылы жүргізу мәселелері қаралды.

Прокурор орындарда жергілікті атқару органдары мен ТЖ департаментінің өзара әрекетін тәртіпке келтіруді, анықталған проблемалық аймақтарды айрықша бақылауға алуды осылайша 2020 жылғы көктемгі су тасқынына дайындалуды және төтенше жағдайға жол бермеуді ұсынды.

Аудан әкімі Н.Токсеитов ауданымыздағы су тасқыны кезеңі әрқашан ерекше бақылауда екенін белгіледі және бірінші кезектегі міндеттерді көрсетті: барлық өзендердің, арналардың, су өткізгіштерінің, нөсерлі канализациялар жағдайының күнделікті мониторингін қамтамасыз ету керек. Тұрғындармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен өз аумағынан қар шығару бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін, Алтай қаласынан қарды ұйымдастырылған шығару жалғастырылсын, барлық қызметтер 1 наурыздан бастап жоғары әзірлік тәртібіне көшірілсін, эвакуациялау кешендерін әзірлеу, оларды жабдықтау қамтамасыз етілсін, көлік құралдары мен арнайы техника дайындығы қамтамасыз етілсін.

О.Прокопьева

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу