«Балық қорын сақтау саласында заңдылықтың қамтамасыз етілуі»

20 маусым 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың маусымның 19 күні Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасында «Балық қорын сақтау саласында заңдылықтың қамтамасыз етілуі» атты брифинг өтті.

Шығыс Қазақстан облысы үшін балық қорын сақтау саласында заңдылықтың камтамасыз етілуі маңызды болып табылады.

Сондықтан, Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Зайсан-Ертіс бассейінің су тоғандарында заңсыз балық аулау фактілерін анықтау және алдын алу, әсіресе балық ресурстарының уылдырық шашуы және көбеюі кезеңінде, бағытында жүйелі түрде жұмыстар жүргізіп келеді, ол үшін құрамына прокуратура, балық инспекциясы, құқыққорғау органдарының және ветеринарлық қызмет қызметкерлері кіретін мобильдік топтар құрылды.

Ағымдағы жылы аталған топтардың жұмысының нәтижесінде 153 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, олар бойынша 1,5 млн. тенгеден астам сомаға айыппұл салынды, 5 қылмыстық іс қозғалып, 2 тоннадан асатын заңсыз ауланған балық алынды.

Облысымыздың су тоғандарынан Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға тиым салынған ұзындығы 30 шақырым болатын аулар алынды.

Ел аумағына енгізуге және қолдануға тиым салынған синтетикалық ауларды заңсыз сатудың 3 фактісі анықталып, заңсыз айналымнан 521 дана (52 шақырымнан астам) синтетикалық ау алынды. 

Браконьерлердің заңсыз балық аулау барысында қолданылған 6 автокөлік және 2 мотоцикл алынды.

Мысалы, мобильдік топпен 12 мамыр 2014 жылы Қара Ертіс өзенінің сағасындағы «Қызылжар» телімінде заңсыз балық аулап жатқан Зайсан қаласының тұрғындары И. және М. ұсталынған.

Аз. И. тиесілі «ВАЗ-21102» автокөлігін қарау барысында қытайда өндірілген құрма ау, резеңке қайық және 26 кг. әртүрлі балықтар анықталған.

Зайсан аудандық сотының қаулысымен аталған тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қодексінің 298-1 бабының 2 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Сот қаулысымен «ВАЗ-21102» маркалы автокөлігі,  резеңке қайық мемлекет пайдасына тәркіленіп, құрма ау жойылды.

Кәзіргі таңда облыс прокуратурасының бастамасымен Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығында балықтардың уылдырық шашуы кезеңінде заңсыз балық аулау фактілерін анықтау және алдын алу үшін мобильдік топтар құрылды.

Сонымен қатар, прокуратура органдарымен балық қорының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға міндетті  балық инспекциясы қызметкерлерінің тарапынан заң бұзушылықтарға жол беру фактілері анықталды.

Биылғы жылы прокурорлық ықпал ету актілерімен балық инспекциясының 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1-уі сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметінен босатылды.

Мәселен, Күршім ауданының балық инспекциясының қызметкері 2013 жылдың желтоқсан айында Бұқтарма су сақтағышында заңсыз балық аулаумен айналысып жрген Күршім ауданының 2 тұрғынын ұстап, оларды қарау барысында ұзындығы 100 метр болатында ау және 94 кг. балық алынған.

Алайда аталған тұлғаларға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыру барысында, балық инспекциясының қызметкері олардан балық алынғандығы туралы фактіні жасырып қалған. 

         Аталған факті бойынша Күршім ауданының прокуратурасы заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіп, оны қарау нәтижесінде аталған қызметкер сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметінен босатылды.

Жоғарыда аталғандармен қатар, облысымыздың су тоғандарына балық жіберу мәселесі де облыс прокуратурасының ерекше бақылауында, аталған мәселе былтыр желтоқсан айында облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында қаралған болатын.

Жыл сайын облысымыздың су бассейні тек тұқымен ғана толықтырылады, ал балықтардың қалған түрі, атап айтқанда көксерке балығы, оның шабағын алудың технологиясы болмауына байланысты молайту мүмкін емес.

Бұл орайда көксерке балығы жоғары экспорттық потенциалға ие, сондықтан оны жасанды өсіру мақсатында қосымша шара қабылдауды қажет етеді.

Қазақстанда көксерке шабағын өсірумен айналысатын өндірістік мекемелер жоқ.

Сол себепті облыс прокуратурасының бастамасымен облыс әкімдігі ғылыми қызметкерлердің қатысуымен «Миролюбовское НВХ» ЖШС бұрынғы Өскемен тоған шарушылығынын негізінде көксерке балығының шабағын өсіру бағытында жұмыстар жүргізіп жатыр.

Балық қорын сақтау саласында заңдылықтың камтамасыз ету бағытындағы жұмыс облыс прокуратурасымен  жүйелі түрде жүргізілетін болады.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу