«Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық-атқару Кодексінің қабылдауымен байланысты түзеу мекемелерінен жазасын өтеуден босату»

26 шілде 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасында 2014 жылдың 25 шілдесінде «Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық-атқару Кодексінің қабылдауымен байланысты түзеу мекемелерінен жазасын өтеуден босату» атты брифинг өтті.
11.07.2014ж. «Казахстанская правда» газетінде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық-атқару Кодексінің ресми мәтіні жарияланған, (әрі қарай- ҚАК), оған ҚР Президенті 2014 жылдың 5 шілдесінде қол қойып, қолданысқа 2015 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі, ал, 15 тарауы 2017 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі, ҚАК-нің 1) қосымшасы - 78 бабының 1 тармақшасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі.
Түзеу мекемелерінде сотталғандар режимге және жазаны өтеу тәртібіне қарсы 2035 құқық бұзушылық жасаған, 542 сотталғандар кәнігі құқық бұзушылар болып танылды. 16 сотталғанға қатысты түзеу мекемелері әкімшілігі талаптарына өрескел бағынбағаны үшін ҚР ҚК-нің 360 бабы бойынша 16 қылмыстық іс қозғалған. Жазаларын орындаудан жалтарған, бас бостандығынан айырумен байланысты 153 тұлғаға қатысты облыс соттары аталмыш жазаларды нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырған.
Жаңа қылмыстық–атқару Кодексі Ел Басының 14.12.2012ж. Қазақстан халқына «Қазақстан-2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 75 тармағын орындау мақсатында дайындалған.
Жаңа қылмыстық-атқару Кодексінің тараулары артқан - 28 (24), баптардың саны азайған-177 (184).
Қылмыстық-атқару Кодексінің 4 бабы, 3 тармағында жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау тән зардабын шектіруді немесе адами қадір-қасиетті қорлауды мақсат етпейді деп көрсетілген.
Алғашқы рет қылмыстық-атқару Кодексінде Үкімет, уәкілетті органдар, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бақылау комиссиялар, ұлттық алды алу тетіктері тарапынан қылмыстық-құқықтық және өзге де ықпал ету мен жазаларды атқару саласында міндеттер, құқықтар, құзірет мен түсініктер енгізілген.
Жазаны орындайтын мекемелердің қызметіне бақылауды жүзеге асыруға құзіреті бар қоғамдық, ұйымдар, органдар мен ведомстволардың тізімі де анықталған (сот бақылауы, ведомстволық бақылау, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, прокурорлық қағадалау, қоғамдық бақылау). Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындайтын мекемелердің аталуы да өзгертілген.
Мысалы, қолданыстағы қылмыстық-атқару Кодексінде түзеу мекемелері: колониялар (жалпы, қатаң және ерекше тәртіптегі, колония-қоныстар), тәрбиелік колониялар мен түрмелер болып танылса, жаңа қылмыстық-атқару Кодексінде мекемелер: қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер, орташа қауіпсіз мекемелер, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелер, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелер, төтенше қауіпсіз мекемелер, толық қауіпсіз мекемелер, қауіпсіздігі аралас мекемелер болып бөлінеді. Қауіпсіздігі аралас мекемелерге: сотталғандарды әртүрлі режим түрлерімен ұстауға арналған мекемелер, бас бостандығынан айыруға сотталған не шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған не осы Кодекстің 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес мекемелерден келген адамдарды ұстау үшін пайдаланылатын тергеу изоляторлары жатады.
Алғашқы рет қылмыстық-атқару Кодексінде қамауға алу түріндегі жазаны орындау жөнінде арнайы Тарау (15) енгізілген (орны, тәртібі, жағдайлары мен ерекшілігі).
Сондай-ақ, алғашы рет қылмыстық-атқару Кодексінде (170 бап) 1. психикасының бұзылуына немесе өзге де ауыр сырқатына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босатылған адамның денсаулық жағдайын бақылауды ол босатылған мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады деп көрсетілген.
Жаңа қылмыстық-атқару Кодексін қабылдауымен байланысты, Үкіметтің жаңа 10 қаулысы, ішкі істер Министрінің 16 қаулысы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік Комитетінің және ҚР қорғаныс Министірінің бір-бірден бұйрықтары дайынадалады.
Жаңа қылмыстық-атқару Кодексі қабылдауының оңды салдарының бастысы – қылмыстық жазаларды елеулі түрде жетілдіру арқылы қылмыстық жазаларды орындау жүйесін:
сотталғандардың жеке басының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау деңгейін арттыру;
сотталғандарға тәрбиелік ықпал ету сапасы мен деңгейін арттыру;
сотталғандарға қажетті әлеуметтік, құқықтық, психологиялық және өзге де көмек көрсету арқылы арттыру жетілдіру болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысы
прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу