«Жаңа қылмыстық және қылмыстық іс-жүргізу кодекстеріне ауысу» туралы.

22 қаңтар 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2015 жылдың 22 қаңтарында ШҚО прокуратурасында «Жаңа қылмыстық және қылмыстық іс-жүргізу кодекстеріне ауысу» туралы брифинг өткізілді.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодексі қолданысқа енгізілді.

Қабылданған заңнама актілерінің талаптарын ескеріп, қылмыстарды  тіркеудің жаңа үлгісіне ауысуына дайындық  өткен жылдың 2 жартыжылдығы бойы жүргізілді.

Сотқа дейінгі тергеулердің Бірыңғай Реестрінде (қысқартылған - СТБР) қылмыстық істі тергеу кезінен бастап қозғау тәртібі қылмыстық іс жүргізу новелласы болды.

2014 жылдың қараша-желтоқсан айларында облыстың 2 аумағында: Өскемен қаласында және Үржар ауданында  СТБР  жағдайында қылмыстарды тіркеу бойынша пилоттық жоспар үздік жүзеге асырылды.  

Сондай-ақ, Бас прокуратура жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы қазіргі кезде қолданылып жүрген арыздың үлгісін дайындады. Үлгіде қылмысты сипаттаудан және өзге де деректемелерден басқа, азаматты Қылмыстық кодекстің 419 бабы бойынша көрінеу жалған хабар жеткізу туралы қылмыстық жауаптылық туралы ескерту қарастырылған.

Бүгінгі күнде, құқық қорғау органдарына берілген 12 237 арыздардың СТБР-де 4071 тіркелген, олар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазіргі кезде Бас Прокурордың нұсқауы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің Бірыңғай Реестріне енгізу жағдайында жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодестеріне сапалы ауысу үшін қабылданатын шаралардың уақтылығына және заңдылығына тексеру жүргізу басталды.

Тексеру Республиканың 4 аумағында жүргізіледі. ШҚО аумағында тексеруді Бас Прокурордың аға көмекшісі Қ.Қ.Рахметовтың басшылығымен Бас прокуратура мен арнайы есептер және құқықтық статистика Комитетінің қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы жүзеге асырады.

Тексеру нәтижелерін осы жылдың наурыз айында қылмыстылықпен күрес, құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша Республикалық Үйлестіру Кеңесінің отырысында қарау жоспарлануда. 

 

 

ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу