«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелері»

05 қараша 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылы өзекті заңнама актілерін, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңды қабылдау – қазақстандық заңнама жүйесін тұжырымдамалық тұрғыда жаңартып,  қазіргі заманда туындаған  мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді.

         Жаңа заңнама актілерін қабылдау мақсаты - сот төрелегінің жаңа үлгілеріне  ауысу, олардың тиімділігін арттыру, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру болып табылады.

         Бас Прокурор барлық прокуратура органдарының алдында қадағалау қызметін бағалау өлшемінің тиімділігі мен  басымды бағыттары ретінде келесілерді атап өтті:  

         - қылмыстық кодекстің және қылмыстық сот төрелігін жүзеге асырудың жаңа үлгісіне сапалы ауысуын ұйымдастыру, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы және қылмыстық жазалар жүйесін жетілдіру.  

         Заңнамалардың, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманың жаңа үлгісіне ауысу бойынша шаралардың Бірыңғай мемлекеттік жоспары шеңберінде елімізде қоғамдастық өкілдерін, құқық қорғау органдарын, мүдделі ведомстволардың өкілдерін, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерін тартып, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманың негізгі новеллалары бойынша жаңа жағдайларда жұмысқа кедергісіз және жоспарлы түрде ауысу үшін семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, және т.б. түсініктеме жұмыстары жүргізілуде.          Осындай жұмыстар Шығыс Қазақстан облысында да қолға алынған. Оның шеңберінде барлық  мүдделі органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен аталған заңнама актілерінің жаңа ережелері талқыланып, оларды дұрыс қолдану, сонымен қатар, қатысушыларды үйрету бойынша ұсыныстар енгізілуде.

         Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жаңа Кодексі  (әрі қарай- ӘҚБтК), 2015 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі, ал, 281 бабы 5 бөлігінің 8 тармақшасы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі. ӘҚБтК 920 баптан тұрады, ал, қолданыстағы ӘҚБтК- барлығы 733 баптан тұрады.

Жаңа Кодекстің қолданыстағы 2001 жыл 30 қаңтардағы Кодекстен айырмашылығы - әкімшілік жауаптылық көздейтін бұзушылықтарды белгілеу бойынша жергілікті уәкілетті органдардың өкілеттігін қарастыратын арнайы баптың жоқтығы.

Жергілікті уәкілетті органдар белгілеген ережелердің бұзушылықтары үшін әкімшілік жауаптылық жаңа Кодекстің ерекше бөлігіндегі тиісті санкциялары мен диспозициясы тікелей көрсетілген.  (386 және 408 баптар).

Сондай-ақ, жаңа Кодексте лауазымды тұлғалардың нақты әкімшілік жауаптылықтары белгіленіп, жаңа нормалар енгізілген. Оған сәйкес, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды жауаптылыққа тартылуы осы құқық бұзушылықтар үшін жұмысшыны, жеке кәсіпкер мен заңды тұлғаны әкімшілік жауаптылықтан босатады. (33 баптың 4 бөлігі).

Осымен қатар, жаңа Кодексте әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқпайтын мән-жайлар ретінде  негізделген тәуекел қарастырылмаған.

Бұдан да басқа, жаңа ӘҚБтК-де  қолданыстағы Кодекспен салыстырғанда, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған құралды немесе затты  ақылы алу  сияқты әкімшілік жауаптылық көзделмеген.  

 Сондай-ақ, 67 баптың талаптары алынып тасталған (шын жүректен өкіну),   68 (маңызы шамалы құқық бұзушылық) және 71 жағдайдың өзгеруі және науқастану.

Белгілі болғандай, істердің әрбір санаты үшін тұлғаны жауаптылыққа тартудың ерекше мерзімдері орнатылған. Олар бұзылған жағдайда іс қысқартылуға жатады.

Соттың істері қосымша рәсімдеу үшін қайтару және уәкілетті органның сараптама жүргізу өкілеттігінің болуы осы мерзімді жаңғыртқан. Кемшіліктерді уақтылы жоймаған жағдайда, сондай-ақ, сараптаманың ұзақ уақыт жүргізілуі - ескіру мерзімінің өтуіне әкеліп соққан, нәтижесінде, іс бойынша өндіріс қысқартылады.

Сондықтан да, жаңа Кодексте істерді қосымша рәсімдеуге қайтару бойынша өкілеттік алынып тасталған және уәкілетті орган сараптама жүргізу кезінде ескіру мерзімі ішінде тоқтата тұру қарастырылған.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерді қарау өкілеттігі бар органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларын қайта қарау тәртібін қазіргі кезде Азаматтық іс жүргізу Кодексінің нормаларымен, яғни, 26 тарауымен реттеледі. Осыған байланысты, осы істерді азаматтық деп санай отырып, тәжірибеде оларды қарау және АІЖК,  ӘҚБтК ережелерін қолдану барысында мәселелер туындайды.

Сондықтан да, осы санаттағы істердің өндірісін реттейтін нормалар Азаматтық іс жүргізу Кодексінен жаңа ӘҚБтК-нің әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша заң күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау бойынша тарауына ауыстырылған.

         Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істері бойынша өндірісті жүзеге асыру кезінде тәжірибеде лауазымды тұлғалардың белгілі әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеуі жөніндегі мәселелер де туындайды. 

         Қазіргі кезде, мемлекеттік билік органдарының шешімдерін, лауазымды тұлғалардың әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау рәсімі Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 27 тарауында қарастырылған.

         Жаңа Кодекстің редакциясында әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өндірісті жүзеге асыратын органның (лауазымды тұлғаның) әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулайтын 44 дербес бап қаралған. 

         Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өндірісті жүзеге асыратын органның (лауазымды тұлғаның) әрекеттері (әрекетсіздігі)  жоғары тұрған органға (лауазымды тұлғаға) немесе мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген  әкімшілік сотқа даулануы мүмкін.

         Әкімшілік істер бойынша азаматтарға, заңды тұлғаларға заң күшіне енген сот актілерін дербес даулау мүмкіндігін беру үшін жаңа Кодексте облыстық немесе оларға теңестірілген соттарда қосымша кассациялық саты қарастырылған.

         Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша кассациялық шағым, наразылық,  қаулылар түскен күнінен бастап, 10 тәулік ішінде облыстық немесе оған теңестірілген  сотпен, құрамында кемінде 3 судьямен   қаралады.

         Кассациялық қайта қарау ерекшелігі  - қадағалау тәртібінде Жоғарғы Сот арқылы тек кассациялық  (ерекше) даулау тәртібін сақтаумен ғана сот актілері қайта қаралуы мүмкін.

Тағы да бір маңызды жаңалау (новация) - Азаматтық және Қылмыстық  іс жүргізу Кодекстерінің ұқсастығына байланысты,  қайтадан ашылған мән-жайлар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша заң күшіне енген  қаулыларды қайта қарау институтын енгізу болып табылады.

Бұл, әкімшілік жаза қолданы туралы қаулы күшіне енген соң талап-арыз беру арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын толық жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.  (47 бап).

Жаңа Кодексте қайтадан ашылған мән-жайлар бойынша шығарылған  қаулыларды қайта қарау үшін негіздемелердің нақты тізімі қарастырылған. (825 бап).

Осыған байланысты, жаңа 2015 жылы  азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға бағытталған міндеттерді жүзеге асыру үшін күш салысу қажет.             

 

Шығыс Қазақстан облысы прокурорының

орынбасары

аға әділет кеңесшісі                                                                                                                                                                    В.И.Олейник

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу