«Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жаңа заңнама бойынша саралануы»

20 қазан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың 3 шілдесінде Ел Басы жаңа Қылмыстық кодексіне қол қойды, ол, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Оның басты ерекшілігі – Қазақстан Республикасының 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейін қылмыстық әрекеттерге деген екі векторлық көзқарас туралы құқықтық саясат Тұжырымдамасының  ережелерін жүзеге асыруы болып табылады.

Қылмыстық жазаланатын әрекеттер жаңа кодексте қылмыстық құқық бұзушылық ретінде  қарастырылған.

Қылмыстық әрекеттері санында әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қоғамдық қауіп деңгейі бойынша әрекеттер де баршылық, алайда, олар, қазірге таңда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексімен қарастырылған.

Бұл, Ел Басының тәртіпсіздіктерге «шыдамдылық шегі» қағидасы жөніндегі көзқарастарына сәйкес, қауіпті қылмыстардың профилактикасын күшейтеді.

Осы әкімшілік құқық бұзушылықтарды қылмыстық әрекеттердің қатарына жатқызу - бірінші кезекте олар бойынша дереу «әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын» құрастыру және оны әкімшілік сот ісін жүргізу  үшін уәкілетті органға қарау үшін жолдау мүмкін еместігінде.

Мысалы, жол қозғалысының Ережелерін бұзғаны және жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілгені бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін сот-медициналық сараптама, жәбірленушінің денсаулығына  келтірілген зиян деңгейі  анықтау үшін тек біраз уақыт өткен соң өткізілуі мүмкін.

Осы тектес, тиісті сот-техникалық сараптамаларды құрылыс кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, магистральды құбырларды жөндеу немесе пайдалану, көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақаулармен бағдарға шығару фактілері бойынша жүргізу қажет.

Бұдан да басқа, әкімшілік құқық бұзушылықтардың құрамын қылмыстық әрекеттерге ауыстыру жауаптылыққа тартылатын тұлғалардың қорғауын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл – қорғаушы – кәсіби адвокатты міндетті түрде тарту және Қылмыстық-іс жүргізу кодексімен орнатылған барлық порцессуалдық кепілдердің барлық кешенін қолдану.

Сөйтіп, осы тұрғыда, әкімшілік құрамдарды «криминализациялау» деп айту - негізсіз болып табылады.

Осы әкімшілік құқық бұзушылықтарды қылмыстық әрекеттерге ауыстыру негізізің бірі – бұдан да басқа, олар әкімшілік жазалау шарасы ретінде  әкімшілік қамауды қолдану немесе әкімшілік қамауға алмай, тек сотпен қарау.

Қылмыстық әрекеттердің құрамына, сондай-ақ, бұрынғы кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен де, немесе, қолданыстағы Қылмыстық кодекспен де қарастырылмаған кейбір жаңа әрекеттер де енгізілген.

Кодекстік Тұжырымдамасымен, әсіресе, бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау мүмкіндігінің өлшемі бойынша қылмыстар мен қылықтарды шектеу қажеттілігі қарастырылған, себебі, әсіресе, осы жаза түрі қауіпті немесе елеулі емес қоғамдық қауіпсіздің шегі арасында ең нақты және маңызды болып табылады.

Қылмыстық жаза, қылмыстар және қылықтар үшін негізді қолданылатын «бірдей» шаралар  -  тек қана айыппұл немесе түзеу жұмыстары.

Осыған қарамастан, қылмыстық қылықтар жасағаны үшін айыппұл мөлшері қылмыс жасағаны үшін тағайындалған айыппұлдардан айырмашылағы - елеулі. Бұл түзеу жұмыстарына да қатысты.

Осы тектес, жазалардың  «кең» саласы бас бостандығынан айырумен байланысты емесе жазаларды кеңінен қолдану, сондай-ақ, «түрме түрғындарын» азайту міндеттері бойынша 2010-2020 ж.ж. арналған құқықтық саясат Тұжырымдамасының ережелеріне сай келеді.  

Жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстық қылықтар үшін жеңіл жазалардың көптеген түрлері, атап айтқанда,  бірінші кезекте, қоғамдық және түзеу жұмыстары, сондай-ақ, мерзімнің өтуіне байлансты  ең төмен деңгейдегі жазалар қарыстырылған.

Ең маңыздысы – қылмыстық қылық үшін соттау - соттылыққа әкеп соқпайды.

ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу