Құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктерге «шыдамдылық шегі» - әрбір азаматтың борышы мен міндеті.

24 қараша 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ел Басының Қазақстан халқына «Стратегия «Қазақстан - 2050: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Дамыған қоғам тәртіптен: ұқыпты аула, қолайлы кіреберіс, таза көшелер мен адамдардың жылы жүздерінен басталады. Біз кез келген бұзушылықтарға: тәртіпсіздіктерге, бұзақыларға, мәдениетсіздікке тойтарыс беруіміз керек, себебі, бұлар қоғамдық тыныштықты бұзады, өмір сапасын төмендетеді. Тәртіпсіздіктер мен бассыздық  ауыр қылмыстардың жасалуына жол ашады. Осындай құқық бұзушылықтарға төзбеу - қоғамдық қауіпсіздікті нығайту,  қылмыстылықпен күрестегі маңызды қадам. Біз құқықтық нигилизмді еңсеріп, халықты қоғамдық тәртіпті сақтауға кірістіруіміз қажет. Осының барлығы қоғамдық өмірдің қағидасына айналуы тиіс»,- деп атап өткен.  

«Шыдамдылық шегінің негізгі қағидасы» - қоғамдастықты белсендету.  Біріншіден, әрбір азамат өзінің дербес азаматтық ұстанымына белсенділік танытып, қандай  да бір құқық бұзушылық жасамауы тиіс.   

Екіншіден, әрбір азамат, кез келген бұзушылықты байқаса, бейжай қалмай, ол туралы жедел құқық  бұзушылықтар органдарына хабарлауы тиіс. Қоғамдық қауіпсіздік тақырыбы  барша қоғамға тән. Ал, қандай да бір жеке  құқық қорғау органы өз күшімен елімізде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді деп сенім артуға балмайды. Әрбір азамат еліміздегі тәртіп пен қауіпсіздікке жауапты.

Кез келген бұзушылықтарға төзімсіздік таныту - қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға маңызды қадам болып табылады.

ШҚО табиғат қорғау мамандандырылған прокуратурасы  азаматтардың табиғат қорғау заңнамасын бұзылуы,  қоршаған  орта саласында уәкілетті мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздіктері анықталған жағдайда, құзіретті органға немесе табиғат қорғау прокуратурасының 8 (7232) 75-15-01 сенім телефонынан дереу хабарлауы тиіс.   

 

 

ШҚО прокуратурасының баспасөз-қызметі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу