Негізсіз жұмыстан шығаруға жол берілмеді.

22 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Осы жылдың шілде айында Абай аудандық прокуратурасына Көкбай ауылының  тұрғыны Б.Саятбекова   аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Татиеваның  үстінен шағым түсірген.

Шағым бойынша аудандық прокуратура Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімін тексеріп, онда  мекеме басшысының бала босануға байланысты декреттік демалыста жүрген қызметкерді, оның келісімінсіз  «өз өтініші бойынша»- деп жалған бұйрық шығару арқылы жұмыстан босатып,  орынына басқа адамды алғанын анықтады. Бөлім басшысы С.Татиева  қызметкердің Конституциялық құқығын өрескел бұзып,  заңсыз шешім қабылдаған.

Нәтижесінде, Абай ауданы прокурорымен заңсыз шығарылған бұйрыққа наразылық еңгізілді, Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімінінің  бастығының С.Татиеваны тәртіптік  жауаптылыққа  тарту туралы қаулы толтырылды, заңсыз шығарылған бұйрық бұзылып, аудан әкімінің 10.07.2013 жылғы өкімімен С.Татиеваға сөгіс жарияланды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу