Шығыс Қазақстан облысының балық ресурстарын қорғау саласында жұмыс нәтижелері туралы

23 желтоқсан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Зайсан-Ертіс су қоймаларында заңсыз балық аулау фактілерін анықтау және оның жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Ол үшін  құрамына прокуратураның, балық инспекциясының, ветеринарлық қызмет және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері кіретін ұтқыр топтар құрылған.

Ұтқыр топ облыстың су қоймаларында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп, оның барысында заңсыз балық аулайтын тұлғаларды анықтап, олардан браконьерлік ауларды алды.

Зайсан көлінің жағалауындағы автожолдарда тасымалданатын балық өнімдеріне бақылауды жүзеге асыратын бекеттер орналасқан, олар балықты аулау және тасымалдау заңдылығын растайтын құжаттарды тексеріп, өнімдерге орнатылған лимитке сәйкес, ауланған балық көлеміне талдау жасайды.

Өткен мерзімде осы бағыттағы жұмыс нәтижелері бойынша 12 қылмыстық іс қозғалды.

Атап айтқанда, 2013 жылдың 25 қыркүйегінде облыс прокуратурасы «Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы» РММ (әрі қарай – «ЗИМБИРХ») бірлесіп жедел ақпаратты тексеру кезінде Күршім ауданы Шеңгелді ауылында  9 672 кг көксерке, 398 кг сазан, 992 кг табан балығын заңсыз сақтау фактісін анықтаған.  

Ресми түрде заңды балық аулайтын табиғат пайдаланушылардың болмауына байланысты, Күршім ауданының аумағына қарасты Зайсан көлінде балықты кәсіптік аулау тыйым салынғанына қарамастан, сол күні осы факт бойынша Күршім аудандық ІІБ ҚР ҚК-нің 287 бабы, 3 бөлігімен қылмыстық іс қозғап, қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеу сатысында.

Қоршаған ортаға келтірілген зиянның мөлшері 5 млн теңгеден астам соманы құрады.     Қазіргі кезде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде. 

Осы тектес, 2013 жылдың 6 қарашасында Күршім ауданының прокуратурасы Күршім аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп, Шеңгелді ауылында орналасқан гараждардың бірінде 1 200 кг балықты анықтады (алабұға, шортан, көксерке, табан және лақа), қоршаған ортаға келтірілген зиян мөлшері жарты миллионнан астам теңге құрады, сол күні осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 287 бабы, 2 бөлігі,  «д» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, 2013 жылдың 18 қыркүйегінде Майқапшағай-Омск тас жолында Тарбағатай ауданы прокуратурасының қызметкерлері «Газель» маркалы автомашинасын тоқтатып, шанағында жалпы көлемі 2,180 тонна балықты тапты. Оның  0,285 тоннасы көксерке,  0,171 тонна сазан,  0,119 тонна табан, 8 кг алабұға балығын қандай да бір рұқсат немесе ілеспе құжаттарынсыз тасымалдағаны анықталды.

         Тексеру барысында анықталғаны, аталмыш балықтарды белгісіз тұлғалар Зайсан көлінің Тарбағатай ауданының жағалау бөлігінде аулап, әрі қарай Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылындағы қабылдау пунктіне өткізген. «ЗИМБИРХ» КММ-нің қорытындысына сәйкес, қоршаған ортаға келтірілген зиян 1,3 миллион теңге құрады.

         2013 жылдың 26 қыркүйегінде Тарбағатай аудандық ІІБ осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 287 бабы, 2 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.  

Қазіргі кезде балықты заңсыз аулаған тұлғаларды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Бұдан да басқа, 2013 жылдың 8 қазанында Тарбағатай аудандық прокуратурасының сенім телефонына Тұғыл ауылының тұрғыны О. қытайда жасалған балық ауларын сатқаны туралы жасырын арыз түскен.

         Сол күні, прокуратура қызметкерлері Тарбағатай аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп, Тұғыл аулындағы азамат О. гаражын қарау барысында «ҚХР, Үрімші қаласы, балық аулары» деген жазуы бар 18 қап табылды, олардың ішінен жалпы ұзындығы 46 км, әрбіреуі 100 метр көп талшықты 460 балық аулары анықталды.

Осымен қатар, Евразиялық экономикалық комиссияның 16.08.2012 ж. №134 алқасымен биологиялық рестурстарды аулау үшін Кеден Одағының аумағына енгізуге тыйым салынған  құралдарының тізімі бекітілген, атап айтқанда,  машинамен немесе қолмен өрілген, синтетикалық нейлон немесе басқа да полиамидтен жасалған бір жіпті, диаметрі 0,5 мм және көзінің көлемі 100 мм құрайтын балық аулау үшін дайын түйінді аулар (аудың көз қашықтығының көлемі 50 мм кем); синтетикалық бір жіпті, диаметрі 0,5 мм және ау көзінің көлемі 100 м құрайтын балық аулау үшін дайын түйінді аулар (аудың көз қашықтығының көлемі 50 мм кем); аккумуляторлар мен сымдар қосылған электр генераторларына тұратын электр қармақтары мен электр құралдары  (батареялар), су биологиялық ресурстарын электр тоғымен аулайтын құралдарды қолдану тыйым салынған.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрінің 27.04.2010 ж.  №296 бұйрығымен қолдануға рұқсат етілген балық аулау  тәсілдері мен кәсіптік  емес ау түрлерінің тізімі бекітілген, оған полиамид, пластикадан жасалаған бір жіпті және көп талшықты жіпті аулардан басқа аулардың кез келген түрлері кіреді.

          Аталған талаптарды бұзып, О.  Қытай Халық Республикасында лескадан жасалған ауларды сатқан, кейіннен ол аулар балықты заңсыз аулау үшін қолданылған.

2013 жылдың 4 қарашасында Тарбағатай ауданының прокуратурасы О. азаматқа  қатысты тексеру материалдарын Тарбағатай ауданы бойынша МСЭҚ Басқармасына ҚР ӘҚБтК-нің 164 бабы, 1 бөлігі бойынша (тауарларды  не өзге де заттарды жеке кәсіпкерлердің және сауда қызметі мен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың жасалған елі туралы, дайындаушысы, жеткізушісі немесе  немесе сатушысы туралы не мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде мәліметтері не тауар (қызмет) туралы анық және жеткілікті ақпараты бар құжаттарсыз сатуы) оны жауаптылыққа тарту үшін жолдады.

Бұдан да басқа, рейд іс-шараларын жүргізу барысында балықты дабылды генераторлары бар электр құралдарымен заңсыз аулау фактілері де анықталды, осындай құралдарға аккумуляторлар мен сымдар қосылды (батареялар) (әрі қарай – электр қармақтары). Мұндай құралдармен балық аулауға тыйым салынған.

Мысалы, Семей қаласының прокуратурасы табиғат қорғау полициясымен бірлесіп, 2013 жылдың 29 қыркүйегінде Ертіс өзені жағалауында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында тыйым салынған электр қармақпен заңсыз балық аулап отырған  2 тұлғаны ұстады.

Тексеру материалдары Семей қаласының ІІБ тапсырылып, алдын ала тексеру материалдарының нәтижелері бойынша ҚР ҚК-нің 287 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейіннен, Семей қаласы прокуратурасының тапсырмасы бойынша  табиғат қорғау полициясы жүргізген тексеру нәтижесінде балықты электр қармағымен заңсыз ұстаудың 3 фактісі анықталып, олар бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ШҚО табиғат қорғау мамандандырылған прокуратурасы «ЗИМБИРХ» РММ инспекторларын тартумен 2013 жылдың 17-19 қазаны аралығында тексеру жүргізді. Тексеру барысында Күршім ауданы, Ақсуат ауылының 2 тұрғынымен «Так мошке» учаскесінде заңсыз балық аулау фактілері анықталды. Олдардан 4,7 кг заңсыз ауланған балық пен «Вихрь» маркалы қайық моторы алынды.

Материалдар әкімшілік сотқа ҚР ӘҚБтК-нің 298-1 бабы бойынша кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа  тарту үшін жолданды.

Сондай-ақ, Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасын  тексеру барысында  Қытай Халық Республикасында жасалған, ұзындығы 5 км астам, заңсыз орнатылған синтетикалық аулар жойылды.

2013 жылдың 11 қазанында Көкпекті ауданының прокуратурасы су қоймасынан Үлгілі Малшы ауылындағы бағытта, ішінде Шемонаиха ауданының 3 тұрғыны отырған «Volkswagen Passat» маркалы автокөлікті тексеру барысында, ішінен 150 кг астам 3 қап, заңсыз ауланған балық ұсталды.  Жүргізілген тексеруде, балықты Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы Табанды-қара учаскесінде балық аулайтын тұлғаның аулағаны және оның кәсіптік журналында осы балықтың ауланғаны туралы белгі болмағаны анықталды.

Осы күні Көкпекті аудандық ІІБ табиғат қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері кінәлі тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 298-1 бабы 3 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, әкімшілік айыппұл салды.

Осы жылы жүргізілген рейдтік іс-шаралары барысында прокуратура органдары облыстың су қоймаларынан Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға тыйым салынған 50 леска ауларын алды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокурорлық ықпал ету шаралар енгізіліп, қарау нәтижелері бойынша «ЗИМБИРХ» РММ-нің балық инспекциясының 12 лауазымды тұлғалары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Осымен қатар, Шығыс Қазақстан облыс прокуратурасымен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің балық шаруашылық Комитетіне заң бұзушылықтарды жою туралы енгізілген ұсынысты қарау нәтижелері бойынша «ЗИМБИРХ» РММ-нің бастығы М.С.Қанатбаев пен оның орынбасары Қ.Қ.Момболов тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Осы бағытта жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу