«Сыбайлас жемқорлық үшін жұмыстан босатылды»

05 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Күршім ауданының прокуратурасы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша бөлінген бюджеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуына тексеру жүргізді.

20.04.2012 ж.  «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында «Күршім аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ және «Күршім» МКК Сарыөлең «тірек ауылында» демалыс саябағында 6 599 000 теңгеге темір қоршау орнату және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу туралы №15 шарты жасалған.

«Күршім аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бастығы атқарылған жұмыстарды қабылдап алу туралы кол қойған актісіне сәйкес,  шартта көрсетілген 6 599 000 теңгеге жұмыстардың барлығы да орындалған деп көрсетілген.

Алайда, аудан прокуратурасы жүргізген тексеру барысында, қазіргі уақытқа дейін 674 250 теңгенің мүліктері, атап айтқанда, волейбол алаңы, гимнастикалық сатылар, әткеншек, гүлзар, балалар ойын алаңдары, орындықтардың толық қойылмағаны анықталды.

Аудан прокурорының ұсынысымен Күршім ауданы әкімінің 09.07.2013 жылғы №1-1798ө өкімімен «Күршім аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы, 1 бөлігі 4-5 тармақтарында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшін атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік  сатып алу шартында қарастырылған барлық жұмыстар атқарылды.

 Күршім  аудандық  прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу