Жаңа қылмыстық заңнама: тұжырымдамалық жаңартылуы.

31 қазан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының  жаңа қылмыстық кодексі 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң күшіне енеді.

Онымен қатар, жаңа қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстері қолданысқа енгізіледі. Президенттің пікірінше, басымды заң актілерін қабылдау  - қылмыстық сот төрелігін жүзеге асыру жүйесін тұжырымдамалы түрде жаңартып, заманауи мәселелерді шешуге ықпал етеді..

Жаңа қылмыстық заңды дәйектеу туралы тапсырма берген кезде, Ел Басы «Қылмыстық заңнаманы реформалау барысында екпін әрі қарай ізгілендіру, сонымен қатар, экономикалық құқық бұзушылықтарды декриминализациялауына жасалуы тиіс» деп атап өтті.

Осы бағытта, 45 баптың санкциясында қосымша жаза ретінде қолданылатын тәркілеу жазасы алынып тасталды. Қылмыстық жазаланатын әрекеттердің жаңа санаты  - қылмыстық қылықтар енгізілді. Қылмыстық қылықтарға тұлғаға, қоғамға, мемлекетке елеулі емес зиян келтіру, сондай-ақ, оны келтіру қауіпін тудыратын бірқатар қасақана құқық бұзушылықтары жатқызылған. Оның қатарына елеулі әкімшілік құқық бұзушылықтар, сондай-ақ,  кәмелетке толмағандарға, олардың құқықтарына, қоғамдық қауіпсіздікке, қозғамдық тәртіпке қол сұғатын бірқатар әрекеттері де енгізілген. Мысалы, бала асырау барысындағы заңсыз әрекеттер,  отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттер және т.б. Қылмыстық қылықтар жасағаны үшін бас бостандығынан айырусыз көптеген жаза түрлері қарастырылған. Осындай негіздер бойынша тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, оның соттылығы болған деп есептелмейді.

Қолданыстағы қылмыстық кодекспен салыстырғанда, қылмыстық жауаптылықтан тұлғаны босату негіздері кеңейтілген (процессуалдық келісім, кепілдік беру), бұл түрме тұрғындарының санын азайтуға ықпалын тигізеді.

Жаңа қылмыстық қодекс бас бостандығынан айыру жазасына баламалы шараларды қолдануға бағытталған, атап айтқанда, ірі ақшалай айыппұл төлеу, қоғамдық жұмыстарға тарту.  Жазалар тізіміндегі негізгісі -  қылмыс жасағаны үшін қарастырылған санкцияларда мөлшері ұлғайтылған айыппұл орнатылған. Оны қолдану саласы – адамның өліміне әкеліп соқпаған барлық орташа және елеулі емес қылмыстарға дейін кеңейтілген. Бас бостандығынан шектеу орташа және елеулі емес, сондай-ақ, кейбір ауыр қылмыстар бойынша да қарастырылған.   

Бас бостандығынан айыру жазасы ретінде ұйымдасқан қылмыстық топтар құрамында жасалған, сондай-ақ, адамның өліміне әкеліп соққан қылмыстар, сондай-ақ, аса ауыр қылмыстар - террористік, сыбайлас жемқорлық,  кәмелеттке толмағандардың және балалардың жыныстық қол сұқпаушылығына бағытталған, сондай-ақ, адамдарға пайдакүнемдік ниетпен шабуыл жасау және соғыс уақытында жасалған әскери қылмыстары  үшін  қарастырылған.  

Заң шығарушының пікірінше, қоғамға аса қауіп тудырмайтын қылмыстар үшін қатаң санкция қарастырылмауы тиіс.

 Жаңа қылмыстық заңды жетілдірудің басты мақсаты  - ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін қатаң санкция қолдану.

Жаңа қылмыстық кодекс экстремизм мен терроризм үшін жазаларды күшейтеді, сондай-ақ, радикалды идеологияны таратуға ықпал ететін әрекеттерді қылмыс деп таниды. Қылмыстық заңға қылмыстардың барлық жаңа түрлерімен күрес үшін негіздер қаланды, криминалды әрекеттердің белсенділігі артқан салада жаза күшейтілді, әлеуметтік тартыстарды өршіту, ұлттық келісімнің қағидаларын бұзғаны үшін қатаң жаза қарастырылды.

2010-2020 ж.ж. арналған құқықтық саясат Тұжырымдамасына сәйкес, сыбайлас жемқорық қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылық күшейтілді.  

Ана болу мен балалық шаққа қарсы қылмыстар үшін «Қазақстан стратегиясы - 2050» Жолдауындағы қойылған міндеттер жүзеге асырылуда. Мысалы, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар үшін санкция күшейтілді, жас балаларға жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін сотталған тұлғаларға өмір бойы балалармен жұмыс істеу құқығына тыйым салынды.

         Кибер қылмыстылыққа қарсы әрекеттердің лайықты деңгейін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық кодекске компьютерлік қылмыстар туралы жеке Тарау енгізілді (ақпарат және байланыс саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар.)

Есірткі заттары және есірткі тектес заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауаптылық туралы нормалардың құрылымы өзгертіліп, реформаға ұшыраған.      

Атап айтқанда, осы саладағы әкімшілік құқық бұзушылықтар қылмыстық кодекстің жобасында қылмыстық қылықтар деп ауыстырылған. Ал, қолданыстағы қылмыстық кодекстің есірткі заттарының заңсыз айналымы туралы нормасы  құқық қолдануға ыңғайлы болу үшін осы қылмыстық әрекеттерге, тұтас алғанда, сатпау және сату мақсатынсыз   жауаптылықты қарастыратын жеке құрамдарға бөлініп тасталған.

Көліктік қылмыстар, әсіресе, мас күйде жасалған қылмыстар үшін жауаптылық күшейтілген, көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі 10 жылға дейін арттырылған.

Жоғарыда аталған барлық жаңалықтармен бірге, осымен қатар, жаңа қылмыстық кодексте азаматтардың бостандығы мен құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін тиімді қорғауға бағытталған  негізгі, уақытпен және тәжірибемен сыналған қылмыстық-құқықтық институттар сақталған

 

ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу