Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Жұбанов Еділ Аязбайұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жұбанов Еділ Аязбайұлы 1977 жылы туған,  Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Қазақ  гуманитарлық-заң университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

Құқық қорғау органдарында жұмысын  2000 жылы бастап, әртүрлі қызметтерде, сондай-ақ, басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2008 жылдың тамызынан бастап, БҰО есірткі және қылмыстылықпен күрес Басқармасының есірткі заттардың, жүйкеге әсер ететін заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналысымен күрес бойынша Орталық Азия аумақтық үйлестіру орталығына іссапарға жіберілген,   

2013 жылдың мамыр айынан бастап, Алматы қаласы прокуратурасының органдарында, кейіннен әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

Құқық қорғау органдарындағы жалпы өтілі 19 жыл құрайды.  

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 22 сәуірдегі бұйрығымен кіші әділет кеңесшісі Жұбанов Еділ Аязбайұлы Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.