«ШҚО прокуратурасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ІШКІ КОНКУРС жариялайды

06 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облыс прокуратурасы, индекс 070004, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 21, анықтама телефоны: 8 (7232) 24-18-34, email 7232386@prokuror.kz

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

1. Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:  

С-О-5 санаты үшін:      

жоғары білім;

  1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      

  1. Қаржы және ақпараттандыру басқармасының ақпарат қауіпсіздігі бойынша бас маман лауазымына (С-О-5 санаты), (1  бірлік),  индекс №10, Код 10-1-3., лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы min 83 353 тг.  max 112 376 тг.  

Білімі бойынша конкурсқа қатысушыға талаптар:  Жоғары білім«Техникалық ғылымдар мен технологиялар» (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік үлгіле, радиотехника, электроника және телекоммуникация), «Білім беру» (информатика)

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Функционалдық міндеттері: Басқарма құзыреті шеңберінде ағымдағы және алдағы жұмыс жоспары мен басқа да құжаттардың дайындалуына қатысу; прокуратура органдарын ақпарат қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарын жасауға қатысу,  сондай-ақ прокуратура органдарының құрылымдық бөлімшелерінде оларды сақтауға бақылау жасау; ақпар қорының қауіпсіздігі мониторингін қамтамасыз ету; прокуратура органдары ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ағымдағы мәселелерді шешуді ұйымдастыру; ақпараттық қорларды қорғауда ұйымдастырушылық пен техникалық шараларды үйлестіруді қамтамасыз ету, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша прокуратура органдарының құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету; прокуратура органдарында ақпараттық қауіпсіздік пен мемлекеттік құпияны қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру; Интернет желісінде прокуратура органдары Веб-сайтын техникалық қамтамасыз ету; ақпараттандыру мониторингін, техника мен бағдарлама құрал-жабдықтарын пайдалануды ұйымдастырады және өткізеді; телекомммуникация жүйесінде ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етудің негізгі ережесін дайындауға қатысады; мемлекеттік құпияны қорғау жөнінде шаралар ұйымдастыру және орындау; прокуратура органдарының телекоммуникация жүйелерінде ақпаратты рұқсатсыз алудың, сондай-ақ оларды қалыптастыру процессіне заңсыз араласудың алдын алу жөнінде шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; прокуратура органдарында ақпараттық қажеттіліктің талдануына, ақпарат жүйесіне,  деректер базасына және ақпараттарды қорғау құрал-жабдықтарына сараптама өткізуді ұйымдастыру; прокуратура органдары инфрақұрылым қажеті үшін мониторинг пен технологиялық шешімдерді талдау; ақпараттық жүйелердің қосарлана жүргізілуі мен енгізілуі бойынша жұмысты үйлестіру; прокуратура органдары жүйесінде бағдарламалық-аппараттық құрал-жабдықтарға техникалық және жүйелік қызмет көрсету бойынша жұмысты талдайды және үйлестіреді; сатып алынатын тауарлар, қызметтер, жұмыстардың техникалық маманданымын дайындау; облыстың прокуратура органдарында компьютерлендіру мен ақпараттық қамтамасыз ету жұмысын жетілдіру мен ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды; аймақтық бөлімшелерде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

 

C-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

            жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

  1. Өскемен қаласы прокуратурасынң құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас маманы (категориясы C-R-4 №9-1) лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы min 73 266 тг.  max 99 103 тг. 

 

Білімі бойынша конкурсқа қатысушыға талаптар:  Жоғары білім  «Құқық» (құқықтану, құқық қорғау қызметі),  «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, қаржы),  «Білім беру» (орыс тілі және әдебиет, қазақ тілі және әдебиет), «Гуманитарлық ғылымдар» (филология), немесе техникалық және кәсіби білім «Білім беру» (негізгі орта білім), «Сервис экономика және басқару» (іс жүргізу және мұрағаттану, аударма ісі) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Функционалдық міндеттері: Жетекші мамандардың функционалдық міндеттерін белгілейді; қала прокуратурасының іс құжаттарын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету; топтың жұмысын жоспарлау, жоспарланған іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру; өз құзіретінде Бас Прокурор мен Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;  электрондық іс жүргізуді қамтамасыз ету; келіп түскен құжаттар мен істердің тіркеуін және басшылықпен бастапқы қаралуын жүзеге асыру; жетекші мамандарға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылау; атқарушылық және еңбектік тәртіптің сақталуын бақылау; прокуратурасының номенклатурасын дайындауға қатысу; қызметтің негізгі мәселелері бойынша басшысының басқа да тапсырмаларын орындау. 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте Шығыс Қазақстан облыс прокуратурасы, индекс 070004, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 21, анықтама телефоны: 8 (7232) 24-18-34, 7232386prokuror.kz почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе                     «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 2нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім. 

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Өскемен қаласы, Перимитин көшесі 21үй, мекен-жайы бойынша өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiнжерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

      

Мені_________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

_________________________________________________________________

__________________________________________________________________

      

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

 

_______                                              ____________________________________

  (қолы)                                    ​              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу