НТВ телеарнасы ҚР Бас прокуратурасы мен ШҚО прокуратурасына бейнефильм ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді

17 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
НТВ телеарнасы ҚР Бас прокуратурасы мен ШҚО прокуратурасына бейнефильм ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді - 1010282094

Осы жылдың 15 қыркүйегінде ресейлік «НТВ» телеарнасы «Следствие вели … с Леонидом Каневским» атты әйгілі бағдараламаның кезекті серияларын шығарды. Бағдарламаның жаңа шығарылымы Өскемен қаласында 70-80 жылдары көп адамды өлтірген қылмыскер туралы баяндайды.

Телеарнаның түсірілім тобы бұрын Шығыс Қазақстан облысына келіп, облыс прокуратурасында болған. Журналист Олег Налимов пен  телеоператор Сергей Новиков қадағалау органының бұрынғы қызметкерлерімен сұхбатты жазып алған. Өздерінің естеліктерімен  Александр Герсонский, Рашид Жандабеков, Михал Керцман және Виктор Федоров бөліскен, олар сол жылдары аталмыш тергеулерге қатысқан болатын. 45 жыл бұрын болған оқиғаларды қалпына келтіру үшін полиция органдарында жұмыс істеген қызметкерлер де көмектескен.

Қылмыскер Юрий Иванов туралы қаланың байырғы тұрғындары естіген болатын.  «КШТ маньягы» өзінің қылмыстарын Өскемен қаласының маңындағы  «Жібек маталар комбинаты» ауданында жасаған. Ол 16 әйелді зорлап, өлтірген. Оны ұстау үшін жергілікті қылмыстық іздестіру органдарының ең тәжірибелі қызметкерлері тартылған.  Юрий Иванов 1987 жылы ұсталып, екі жылдан кейін ату жазасына кесілген.  

https://www.ntv.ru/peredacha/sledstvie/m2320/o564298/video/

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу