ШҚО прокуратурасы саны шектелмеген тұлғалардың құқықтарын қорғады

10 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

ШҚО прокуратурасы емдеу-профилактикалық мекемелерінің міндетті медициналық қараудан өту бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде баға белгілеу негізділігі мен заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.

Мониторинг барысында облыстың бірқатар аумақтарында денсаулық сақтау саласында, сондай-ақ, алдын ала және міндетті медициналық қараудан өткізу кезінде  мемлекеттік қызмет Стандарттарының талаптары өрескел бұзылатыны анықталды.

Атап айтқанда, 086 нысандағы анықтама беру кезінде шығын баптарына дәрігерлердің Стандартта қарастырылмаған жалақысы енгізілген (дерматолог, гинеколог, психиатр, нарколог). Осыған байланысты, анықтама беру бойынша қызметтердің бағасын негізсіз өсіру барысында 600 мыңнан астам азаматтарды құқықтары бұзылған.

Басқа жағдайда, облыстық психиатриялық диспансері көлік құралын басқару құқығына анықтама алуға келген үміткерлерді медициналық қараудан өткізу кезінде медициналық қызметтің прейскурантына лаборант, санитарка, медбике және кассирдің жалақысын енгізіп, осыған байланысты 086 нысандағы медициналық анықтаманың бағасы 1060 теңгеге қымбаттаған. 

Нәтижесінде, облыс мекемелерінің 19 бас дәрігерінің атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыным енгізілді. Жауапты тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Медициналық анықтамалар бекітілген Стандартқа сәйкестендіріліп, бағасы 30 пайызға төмендетілді.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу