14 сәуірде облыс прокуратурасы ШҚО кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп кеңейтілген алқа отырысын өткізді

14 сәуiр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Осы жылдың 14 сәуірде облыс прокуратурасы ШҚО кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп кеңейтілген алқа отырысын өткізді, алқа отырысында кәсіпкерлердің қызметіне тексеру жүргізу, сондай-ақ, рұқсат беру рәсімдерін өтуі кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Бұдан да басқа, осы жылдың 2 сәуірінен бастап, кәсіпкерлік субъектілеріне тексеруге  жарияланған мораторийдің жеке нормалары түсіндірілген.  

2014 жылдың 3 айында облыстың прокуратура органдары 11 тексеру жүргізді, 35 бұзушылық анықталды, заң бұзушылықтарды жою туралы 10 ұсыныс енгізілді, 2 наразылық бойынша 2 акт бұзылды, 53 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, тәртіптік жауаптылыққа 5 тұлға тартылды.

Прокурорлық тексерулер мемлекеттік органдардың тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтардың жоюын нақты бақылау үшін шаралар қабылдамайтынын көрсетті.  

Атап айтқанда, Өскемен қаласының прокуратурасы Өскемен қалалық төтенше жағдайдар Басқармасында (әрі қарай-Басқарма) өрт қауіпсіздігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталауына тексеру жүргізді.

Анықталғаны, әртүрлі субъектілерге жүргізілген өрт-техникалық зерделеу нәтижелері бойынша 2013 жылы және 2014 жылдың өткен мерзімінде Басқарма ҚР «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңының 9-5 бабы, 4 тармағы негізінде өртке қарсы талаптарды жою туралы 269 ұсыныс берген, олардың ішінде жоспарлы тексерулер бойынша 213, жоспардан тыс тексерулер бойынша 56 ұсыныс берген.

Алайда, аталған ұсыныстар нақты орындалмаған және Басқарма оларды орындау бойынша шараларды қабылдамаған.

Мысалы, тексеру кезінде енгізілген 210 ұсыныстар бойынша орындау мерзімі өтіп кеткен, осымен қатар, Басқарма тек 74 объект бойынша ұсыныстардың орыдалуын тексерген, қалған 136 субъект өз қызметін бақылаусыз жүзеге асыруын жалғастырған.

Басқарманың лауазымды тұлғаларының өз қызметтік міндеттерін лайықты орындамауы нәтижесінде  қазіргі кезде  қала аумағында 136 субъект (олардың ішінде 70 жеке кәсіпкерлік субъектілері) ҚР «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 16 бабы, 7 тармағы, 1 тармақшасының талаптарын бұзып, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті өртке қарсы заңнаманың көптеген бұзушылықтарына жол беріп, қызмет істеуде, олар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілмеген.

Бұдан да басқа, Риддер қаласының ІІБ басшысы тарапынан кәсіпкерлердің қызметіне өрескел араласу фактілері ден анықталған, ол өндірісіне арызды қабылдап, уәждерін тексеру өзінің құзырына кірмесе де, кәсіпорын күзетшілерінің біліктілікті жоғарылату курстарын өткеніне күдіктеніп, кәсіпкердің қызметтік қаруын өзімен бірге алып жүру және сақтау құқығын қайтарып алуға ниет білдірген.

Қызмет көрсетуде тарифтерді орнату жолымен ықпал етуші ретінде табиғи монополия субъектісі кәсіпкерліктің дамуында айтарлықтай маңызды ролді атқарады.

Прокурорлық тексерулер кезінде «Оскемен Водоканал» МКК-мен кәріз жүйелеріндегі қоқысты тазарту қызметінің ақысын өз тарифіне заңсыз кіргізу фактілері анықталды. Алайда сараланған тариф – ол уәкілетті орган бекіткен табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған, тұтынушылардың топтары және (немесе) тұтыну көлемдері бойынша сараланған тариф деп саналады.

Сондықтан, реттелмейтін қызметтерге (қоқысты тазарту қызметі) сараланған тарифті қолдану жарамды емес.

Прокурорлық ықпал ету шарасымен кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тарифтер 2,5 есеге артық төмендетілді. Егер бұрын кәсіпкерлермен қосымша тазарту қызметі үшін 1 текше метрге 130 тенге төленсе, қазіргі уақытта 46 тенге төленеді.  

Сондай-ақ, прокурорлық тексерулер барысында кәсіпкерлерді әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тарту фактілері де анықталған.

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы  ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен лицензиялау Департаментінің қызметінде кәсіпкерлердің рұқсат құжаттарын алу (өтуі) кезінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау заңнамасының қолданылуына тексеру жүргізген.

Аталған тексеру барысында, Департаментке объектілерді пайдалануға қабылдау туралы өтініш білдірген кәсіпкерлер заң бұзушылықтар анықталғанда әкімшілік жауаптылыққа тартылады, алайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бақылау мен қадағалаудың басқа да нысандарының қорытындылары бойынша (жеке өтініш) анықталған бұзушылықтарға сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалмай, қорытынды құжаттар  бұзушылықтар анықталған жағдайда құрастырылады (анықтамалар, ұсыныстар, қорытындылар және т.б.) бірақ, міндетті түрде тексерілетін субъектіге оны жою туралы  түсініктеме беріледі.

2013 жыды кәсіпкерлердің 55 бастамашылық өтініштері бойынша Департамент жалпы сомасы  9 905 860 теңге әкімшілік айыппұл салған  (олардың 7 905 160 теңгесі төленген) және 2012 жылы барлығы кәсіпкерлердің 58 өтініштерін қарау кезінде  жалпы сомасы 4 795 036 теңге әкімшілік айыппұл салынған (олардың  4 770 766 теңгесі төленген).

Тексеру нәтижелері бойынша прокуратура заң бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта осы тектес фактілерге жол берілмеу жөнінде мәселені қойып, ұсыныс енгізген.

Қазіргі кезде облыс прокуратуарсы кәсіпкерлерге заңсыз салынған және олар заңсыз төлеген әкімшілік айыппұлдардың сомасын қайтару туралы мәселе дайындалуда.

Бұдан да басқа, облыс прокуратурасы рұқсат беру рәсімдерінің салыстырмалы талдауын жүргізді, оның барысында, облыстың әр аймақтарында мемлекеттік органдар рұқсат беру туралы өтінішке тіркелетін рұқсат құжаттары мен құжаттар тізімдемесін беру мерзімдерін өз бетінше орнататынын анықтады.

Сондай-ақ, жер орналастыру жобаларын бекіткен кезде қажетті құжаттардың тізімдемесі мен қызмет көрсету мерзімдерінде елеулі айырмашылықтар бар: заң бойынша 7 күн, ол, тәжірибеде 3 күннен (Тарбағатай ауданы) 3 айға дейін  (Аягөз ауданы).

Осы тектес ахуал сыртқы жарнама (көзбен көретін) орналастыруға рұқсат беру кезінде де орын алған (заң бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күні, практикада аталған қызметті 15 күнде көрсетеді – Курчатов қаласы және Шемонаиха ауданы), жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру және рәсімдеу (пзаң бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 6 жұмыс күні, ал, тәжірибеде аталған қызметті 21 күн ішінде берген  – Тарбағатай ауданы).

Кәсіпкерлікті қорғау туралы заңнаманың сақталуы, сондай-ақ, жедел ықпал ету және кәсіпкерлік субъектілері құқықтарының бұзушылық фактілерін дереу жоюын қамтамасыз ету мақсатында, облыс прокуратурасы органдарында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша ұтқыр топтар жұмыс істейді. Кәсіпкерлер үшін «сенім телефондары» қызмет етеді.

2014 жылдың өткен мерзімінде ұтқыр топтардың сенім телефондарына 14 арыз түскен, олардың 6 расталды. Арыздар бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы 5 ұсыныс енгізілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңсыз хаттамаға 1 нарызылық енгізілді, тәртіптік жауаптылыққа 3 лауазымды тұлға тартылды.

Мысалы, Глубокое ауданы прокуратурасының сенім телефонына кәсіпкерлердің  жергілікті атқарушы органдарының халықтың қауқарсыз тобына көмек көрсету туралы меморандум жасауға мәжібүрлейтіні туралы шағымы түскен.

Шағымның уәждеріне сәйкес, Глубокое ауданы әкімінің орынбасары кәсіпкерлерден әртүрлі мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ақшалай қаражатты жерігілікті бюджетке аударуын міндеттейтін меморандумға қол қоюын талап еткен, ал, кәсіпкерлер  меморандумға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, олардың кәсіпкерлік қызметіне теріс ықпал ететін кедергі келтіретіні жөнінде ескерткен.  

Ал, жеке кәсіпкерлік туралы заңнаманың 17 бабына сәйкес, жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;  жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тұрғыда қолдау  - жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне жатады және олардың міндеті болып табылады.

Прокуратура органдары анықталған бұзышылықтардың жоюын қамтамасыз ету және кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту бойынша нақты шараларды қабылдады.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу