2013 жылдың 15-ші қарашасында облыс әкімдігі мен ШҚО кәсіпкерлер Палатасымен бірлескен облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

15 қараша 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 2013 жылдың 15-ші қарашасында облыс әкімдігі мен ШҚО кәсіпкерлер Палатасымен бірлескен облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысы өткізілді. Бұл отырыста кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алу үрдісі, кәсіпкерлік субъектілерінің тексеруін жоспарлау мен жүргізу және рұқсаттамалық процедуралар өтуі кезіндегі туындайтын мәселелер талқыланды.

Осы алқа отырысының негізгі мақсаты – кәсіпкерліктің дамуын тоқтататын бар кедергілерді жою жұмыстарын облыс прокуратурасы мен облыс әкімдігі және ШҚО кәсіпкерлер Палатасымен бірлесе атқару.

Ағымдағы жылы облыстың прокуратура органдарымен кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексерудің 651 фактісі анықталды, соның ішінде 645 жоспарлы және 6 жоспардан тыс тексерулер, заңдылықты бұзумен жүргізілген 194 тексеру анықталды. Аталған фактілер бойынша заңбұзушылықтарды жою туралы 47 ұсыныс, 11 наразылық енгізілді, тәртіптік жауапкершілікке 80 лауазымды тұлға және әкімшілік жауапкершілікке 3 тұлға тартылды.

Мемлекеттік органдар тарапынан тексерулерді жоспарлау кезінде жіберілетін негізгі бұзушылықтар тәуекелді басқару жүйесінің шарттарын қолданбау, алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу болып табылады. Сонымен қатар жергілікті аудандық буындағы бақылау-қадағалау органдарының басшылары «өзінің» тексеру жоспары бойынша жұмыс атқаруда, яғни жоспарларына министрмен бекітілген және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайтында орналасқан жоспарда жоқ кәсіпкерлерді кіргізу сияқты фактілері орын алуда.

Мәселен, мемлекеттік бақылау мен қадағалау заңнамасының қолданылуы бойынша Күршім ауданының Төтенше жағдай Бөлімінің қызметін тексеру барысында, 2013 жылдың екінші жарты жылдығына тексеру жоспарын қалыптастыру кезінде бөлім басшысы Е.Б. Мухтархановпен бекітілген тексеру жоспары Бас прокуратураның сайтында жарияланған жоспарға сәйкес еместігі анықталды.

Яғни, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми Интернет-ресурсында бір жоспар жарияланса, бөлім басшысы Е.Б. Мухтархановпен басқа тексеру жоспары бекітілген.

Бөлім басшысымен бекітілген жоспарға интернет ресурста жарияланған тізімде жоқ жеке кәсіпкерлік субъектілер енгізілген, демек ағымдағы жылда аталған кәсіпкерлік субъектілері жоспарлы тексеруге заңсыз тартылушы еді.

Барлығы ТЖБ басшысының жоғарыдағы жоспарына 15 кәсіпкерлік субъектісі заңсыз енгізілген.

Кәсіпкерлікті қорғау туралы заңнамасының сақталу және кәсіпкерлік субъектілерінің құқытарын бұзу фактілерін болдырмау мен жедел шара қолдану мақсатында прокуратура органдарында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильді топтар қызмет атқаруда. Кәсіпкерлер үшін «сенім телефоны» қолданыста.

2013 жылдың өтіп кеткен кезеңінде мобильді топтың сенім телефонына 44 арыз келіп түсті, соның ішінде 27 расталуын тапты. Аталған арыздар бойынша заңбұзушылықтарды жою туралы 10 ұсыныс, 8 заңсыз актіге қатысты 4 наразылық енгізілді, тәртіптік жауапкершілікке 8 лауазымды тұлға және әкімшілік жауапкершілікке 3 тұлға тартылды.

Мысалы, Үржар ауданы прокуратурасының сенім телефонына Некрасова ауылының дәрігерлік амбулаториясы медицина қызметкерлері тарапынан заңсыз тексеру жүргізуі туралы кәсіпкердің арызы түсті.

Мобильді топпен жедел шара қолану кезінде жоғарыдағы медицина қызметкерлері санитарно-эпидемиологиялық қадағалаудың функцияларын иемденіп, кәсіпкердің қызмет атқару орнында тағамның іріктеп алу фактісі анықталды.

Сонымен қатар прокуратура органдарымен мемлекеттік сатып алудың қатысушысы ретінде кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуын әшкерлеу мақсатында тексерулер жүргізілді. Жасалған талдаудың нәтижесінде мемлекеттік органдардың тарапынан жіберілетін ақаулықтар және қолданыстағы заңнама нормаларының өрескел бұзылғандығы анықталды, соның ішінде тапсырыс берушімен құрылыс алаңын бөгде объектілерден босатпау, құрылыс алаңын уақытылы табыс етпеу, құрылысқа арналған алаңды сазды өңірдер беру, құрылысты жеткіліксіз қаржыландыру.

Прокуратура органдарымен анықталған заңдылықтың бұзылуын жоюды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу